3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


-тарау Балалар бақшасы мен мектеп жұмысындағы сабақтастық



бет73/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

5-тарау

Балалар бақшасы мен мектеп жұмысындағы сабақтастық




5.1. Балаларды мектепке дайындау

Халыққа білім беру жүйесіндегі сабақтастық дегеніміз оқыту және тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу мақсатында оның аралас буындары арасында өзара байланыс орнату.


Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы олардың тәрбиелеу және оқыту жұмысы мазмұнының, оны жүзеге асыру әдістерінің өзара байланысты болуын көздейді. Н.К.Крупская балалар бақшасы мен мектептің негізгі байланысын көрсете келіп, былай деп атап айтты: «Егер біз балалардың мектепке дейінгі тәрбиесін дұрыс жолға қойсақ, сол арқылы біз мектепті неғұрлым жоғары сатыға көтереміз...».
Балалар бақшасы мен мектеп арасындағы сабақтастықтың қажеттігі біздің еліміздегі мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие рөлінің едәуір артуына байланысты да мықтап күшейіп отыр. Мектепке дейінгі тәрбие – халққа білім берудің біртұтас жүйесінің бірінші буыны.
Балалар бақшасы мен мектептің сабақтастығы, бір жағынан, балаларды мектепке жалпы дамуы мен тәрбиелік дәрежесі жөнінде мектептегі оқу талаптарына сай келетіндей етіп даярлап беруді, екінші жағынан, мектептің мектеп жасына дейінгі балалар алып үлгерген білімге, іскерлікке, сапаға сүйенетін оқушыларды одан әрі жан-жақты дамыту үшін соларды пайдаланатын болуын көздейді.
Балалар бақшасы мен мектептің арасындағы сабақтастық оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны бойынша да, оқу-тәрбие жұмысының әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру формалары бойынша да жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің мұғалімі оқудың тиімділігін арттыру үшін балалар бақшасында жиі қолданылатын ойын тәсілдерін пайдаланады. Балалар бақшасының тәрбиешісі оқыту процесіне арнаулы оқу тапсырмаларын, жаттығулар енігізіп, біртіндеп оларды күрделендіреді, сол арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда оқу іс-әрекетінің алғы шарттарын қалыптастырады. Балалар бақшасындағы оқу – оқыту формасы ретінде мектептегі сабаққа негіз даярлайды.
Мектепте оқытуға дайындықты қалыптастыру дегеніміз балалардың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына енуі үшін алғы шарт жасау деген сөз. Бұл ұзақ та күрделі процесс, оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту болып табылады.
Баланың мектепке оқуға арнаулы және жалпы дайындығын ажырата білу қажет. Арнаулы дайындық баланы алдымен мектептің ана тілі, математика секілді оқу пәндерін үйренудің негізі болып табылатын, білімнің, ұғымның, іскерліктің бар-жоғымен, жалпы дайындық оның дене және психикалық дамуына қарай анықталады.
Дене дамуы – бұл баланың жақсы денсаулық күйі, төзімділігі, қолайсыз ықпалдарға қарсы тұра алуы; қалыпты антропометриялық көрсеткіштері (бойы, салмағы, кеуде клеткасының аумағы), қимыл жағынан дамуының жақсы дәрежесі, қолдың жазу үшін керекті майда, дәл және алуан түрлі қимылдар жасауға әзірлігі; мәдени-гигиеналық дағдыларының т.б. жеткілікті дамуы. Дене жағынан дамыған бала мектепке жүйелі оқуға байланысты қиыншылықтарды оңай жеңеді.
Психологиялық даму алдымен интеллектуалдық даму дәрежесі деген мағынада түсініледі. Мектепке дейінгі ересектер шағының аяғына қарай балалар қоршаған орта туралы, адамдардың өмірі туралы, табиғат туралы белгілі мөлшерде білім меңгереді. Бұл білім мөлшері балалар бақшасының бағдарламасында белгіленген. Мектепке дейінгі балалардың жеке деректері емес, мектептегі пәндік оқытуда негіз болатын өзара байланысты білімдер жүйесін меңгеруі маңызды. Олардың таным ынтасын, әуесқойлығын дамытудың зор маңызы бар. Бұл мектепте балалардың сан алуан тілегін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңызды компоненті – адамгершілік-ерік дайындығы. Оқу іс-әрекеті еркін ықылас қоюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез-құлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты талап етеді. Адамгершілік-ерік дайындығы деген ұғым сондай-ақ баланың жаңа ұжымға, мектеп ұжымына енуіне, қоғамдық жұмысқа белсене араласуына мүмкіндік беретін, ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды.
Бала мектептегі жаңа іс-әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқықтары мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс.
Балалар бақшасының балаларды мектепке дайындау жөніндегі жұмысы олардың мектепке дайындайтын тобына көшуінен көп бұрын басталады. Балалар бақшасының оқу-тәрбие жұмысының бүкіл жүйесі баланың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруды көздейді. Мектепке дайындайтын топта балалардың күн тәртібін мүлткісіз орындауға қойылатын талап едәуір артады. Егер олар ұзақ уақыт балалар бақшасына барып жүрген болса, оларда күн сайын белгелі бір уақытта белгілі бір қызмет түрлерімен шұғылдану әдеті қалыптасып қалады. Балалар олардың мазмұны мен ерекшеліктерін жақсы біледі, оларды орындауға дайын тұрады.
Тәрбиешінің басты міндеті – тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауда бақылау мен балаларға көмекті күшейту, әрбір баланың алдына қойылған мақсатқа міндетті түрде жетуін талап ету. Мектепке дайындайтын топта олардың іс-әрекет мазмұнын қиындату оны жүзеге асырудың неғұрлым жоғары тиімділігімен ұштастырылуға тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың өз іс-әрекетін уақыт жағынан дұрыс бөле білетін, ырғалып-жырғалмай, жұмысқа кірісіп кететін, оны лайықты қарқынмен жүргізіп, дер кезінде аяқтай білетін болуы маңызды.
Балалар бақшасының мектепке дайындайтын тобында балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Тәуелсіздік қайсыбір іс-әрекет үшін қажетті білімнің, іскерліктің, дағдының болуымен, оны жүзеге асыру процесінде қалыптасатын жағдайларға, алынған нәтижелерге саналы қараумен сипатталады. Мектепке дейінгі балалық шақта баланың тәуелсіздігін дамыту мектепке оқытудың маңызды негізі болып табылады.
Оқу іс-әрекеті, үйге берілген тапсырмаларды орындау бірінші сынып оқушысы күнінің көпшілік уақытын алады. Ол мектепке жинала ма, сабақта отырып оқи ма немесе қоғамдық тапсырманы орындай ма – бәрінде де дербестік көрсету қажет болады. Таңертең ол өзі дене жттығуын жасайды, мектепке керекті нәрсенің бәрін алуды ұмытпайды. Тәуелсіз жұмыс істеу дағдысы оның сыныпта тапсырманы орындап шығуына көмектеседі, бірақ тәуелсіздік үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде өте қажет. Бірінші сынып оқушысы өзінің жұмысын жоспарлай және бақылай білуге, өзінің жетістіктерін байқап, кемшіліктерін көре білуге, бір міндетті шешкен кезде үйренген тәжірибені басқа міндеттерді шешу үшін пайдалануға тиіс. Мектепке дайындайтын топтағы балалардың тәуелсіздігін дамыту міндеттерін, міне, осы талаптар белгілейді. Мектепке дайындайтын топтағы балалар жекелеген тапсырмаларды тәуелсіз орындай алатын болуға: кітаптарды жөндеу үшін құрбыларын ұйымдастыра білуге, серуендеу кезінде тәрбиешінің көмекшісі рөлін атқаруға, қимыл ойындарын өткізуге т.б. істей білуге тиіс.
Балалар өз іс-әрекеттерінің нәтижесін құрбыларының іс-әрекет нәтижелерімен салыстыра отырып бағалайды. Балалар бақшасында болуының аяғына қарай олар орындалған тапсырмаға талдау жасаудың жеткілікті тәжірибесіне ие болады, істелген нәрсеге сын тұрғысынан қарай біледі.
Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балалардың тәуелсіздігін қалыптастыру іс-әрекеттің барлық түрінде де тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асырылады.
Мектепке дайындайтын топтағылармен жұмыста қимыл ойындарын жете бағаламауға болмайды. Онда негізгі қимылдар жетілдіріледі, мінездің жүректілік, тапқырлық, ұстамдылық секілді қасиеттері шыңдалады. Қимыл ойындары ұжымдық сипатта болады, сондықтан олар қимыл мен іс-әрекеттің үйлесті болуын, белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Балалардың өздері-ақ ережесін орындамаса, ойын қызық болмайды деген қорытындыға келеді. Ойында баланың ширығып, қимылдауы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Басқа жағдайда, ойыннан тыс жерде, бәлкім, ол мұндай нәтижелерге жете алмас та еді. Ойынды әр түрлі жаттығу түрлерімен алмастырып отыру – барлық қимылды біркелкі дамытудың маңызды шарты.
Тәрбиеші балалардың толық құнды, жеткілікті ұйықтауына қамқорлық жасайды, өйткені ұйқы нерв жүйесінің мезгілсіз шаршауының алдын алады. Мектепке осы заманғы оқытудың негізін қалаушы принцип тәрбиелей және дамыта отырып оқыту болып табылады, ол балалардың таным процестерін, білімге ықыласын дамытуды көздейді. Балалар бақшасында бұл принципті жүзеге асыруда балалардың қарапайым оқу іс-әрекеті жоспарлы және жүйелі түрде жетілдірілетін оқу сағаттары ерекше маңызды рөл атқарады. Бұл тәрбиешінің балаларда оқу міндетін түсіну және оны орындауға әзір тұру, ықыласты болу, үлкендердің жоспары мен нұсқауы бойынша әрекет істей білу, бұрынғы алған білімі мен іскерлігін жаңа іс-әрекетке пайдалану, тапсырманы орындау тәсілдерін меңгеру, өзін-өзі бақылау, бағалау, қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әрбір сабақтың бағдарламалық мазмұнын дұрыс белгілеудің зор маңызы бар.
Педагог әр баланы ақыл-ой жағынан тәрбиелеуге және дамытуға қамқорлық жасайды, ақыл-ой міндеттерін шеше отырып, белгілі күш-жігер жұмсау қажеттігін алдына қояды. Бірте-бірте, оқыту процесінде балалардың бойында тапсырмаға бойлай білу, мақтау үшін емес, еңбек нәтижесінен қанағат алу үшін жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылу қасиеттері пайда болады. Мектепке дейінгі балаларда бар ықыласымен, белгілі бір қарқынмен жұмыс істеушілік қалыптасады, жұмыс қабілеті артады.
Тәрбиеші өз тобының балаларын, олардың мүмкіндіктерін, қабілеттерін жақсы білуге тиіс. Олардың біреулері зерделі болады, тәрбиешінің айтқандарын жақсы және оңай түсінеді, ал енді біреулері ақырына дейін тыңдамайды, кейбір балалар тапсырманы орындаудан бұрын оны ойластырып алады, ал енді бір балалар жұмысқа асығыс кірісіп кетеді; қайсыбір балалар құмартып оқиды, білімге ықыласты болады, ал басқа біреулері енжар болады, тек басқалар да оқып жатқан соң амалсыз оқиды. Талапты тым асырып немесе кемітіп жіберу балалардың таным ықыласын басып тастайды, оқу іс-әрекеті элементтерінің қалыптасуына кедергі жасайды. Тәрбиеші сабақ өткізе отырып мектеп жасына дейінгі балалардың жеке ерекшеліктерін, олардың білім және іскерлік дәрежесін ескереді. Мысалы, ол қайсыбір балаларға суретке қарап творчестволық әңгіме құрастыруға тапсырма берсе, нақ сол сәтте мұндай міндетке шамасы келмейтін басқа бір балаларды суреттеу түрінде әңгіме құрастыруға тартады.
Оқу процесінде әр балаға жеке-жеке қарау ақыл-ой міндеттерін, оларды орындау тәсілдерін бірте-бірте қиындата беруді көздейді. Мысалы, суреттеу түрінде әңгіме құрастыра білмейтін балаларға пелагог оның жоспарын береді, содан соң тапсырманы өзі орындауын ұсынады. Егер ол көбінесе неғұрлым белсенді балаларды нысанаға алып, момын, аңқау балаларды назардан тыс қалдыра берсе, соңғыларының білімінде, іскерлігінде аңқау пайда болады, олардың дамуы баяулайды. Мұндай балалар 1 сыныптың бағдарламасын әзер игереді, оқушының ақыл-ой әрекетіне мектептің қоятын талаптарына шамасы келмейді. Ал материалды жақсы және тез игеретін мектеп жасына дейінгі балаларға аз көңіл бөліп, оларды күштірек ойлауға, әрекеттенуге итермелейтін тапсырмалар беріп отырмаса, педагог олардың дамуын тежейді, соның нәтижесінде олардың оқуға ықыласы жоғалады.
Мектепке дайындайтын топтағы балалармен жұмыста оқытудың көрнекі әдістері мен тәсілдерін пайдалану белгілі ерекшелікке айналады; тәрбиеші оларды әрекет жасау тәсілін қалыптастыру үшін емес, ойлау іс-әрекетін күшейту үшін көбірек қолданады. Мәселен, үлгі нұсқаны көрсету бұрынғы тәжірибені баланың есіне түсіру үшін, оның есіндегі, елесіндегі бейнені ояту үшін пайдаланылады. Мысалы, бейнелеу іс-әрекеті оқу сағаты үстінде балалар саздан жасалған ойыншықтарын бояйды. Үлгі нұсқа ретінде оларға жақсы таныс оюлар беріледі. Балалармен бірге педагог өрнектің ерекшеліктерін, оның орындалу тәсілдерін қарайды, содан соң оларға өрнек ойлап тауып, соны дұрыс суретке салуды ұсынады. Сабақтың соңында бәрі істелген жұмысты бірге көріп, оған сын тұрғысынан баға береді.
Алайда мектепке дайындайтын топтағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын екенін ұмытуға болмайды. Ойындардың тақырыбы кеңейеді, ойын әрекетінің құрылымы күрделендіріледі, ойындағы байланыстардың, өзара қарым-қатынастардың дамуына басшылық жетілдіріледі.
Балаларды мектепке жан-жақты дайындауға қамқорлық жасай отырып, педагог ата-аналардың отбасында бала өмірінің дұрыс тәртібін ұйымдастыруына көмектеседі, мектепке түсерде мектеп жасына дейінгі баланың шамамен қай көлемде білімі болуы тиіс екенімен, оның есте сақтағыштығын, ықыласын, талдау, салыстыру, жинақтау, қорытынды жасау қабілетін қалай дамыту керек екенімен, 1 сыныпта баланың оқу әрекетіне қойылатын талаптармен таныстырады, балалардың ой еңбегінің мүмкіндіктері, олардың еңбек нәтижелеріне көзқарасы туралы айтып береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет