3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет82/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Жау-жау жаңбыр!


Сабақтың мақсаты: балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін іс-әрекетте бере білуге үйрету, сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана түсіруге жаттықтыру. Бейнелеу іс-әрекетінде бейнелегендерін музыка әуенімен қимыл қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау.
Көрнекіліктер: көгілдір түсті бояу (гуаш), ақ қағаз (жоғарғы бөлігінде бұлттар бейнеленген), қылқалам, су, сүрткіш.
Сабақ барысы: тәрбиеші сабақты жұмбақ жасырудан бастайды.
Тырс-тырс тамады,
Тереземді қағады
(жаңбыр)
Балалар шешуін айтады. Бүгін күн қандай? Ашық па? Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма? Балалар жауабынан соң, бүгін күн салқын, жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса жаңбыр жауады. Міне, мына тақтадағы суретке қараңдаршы, мынау не? – Бұлт. Түсі қандай, көк. Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі? Қане, тыңдап көрейік. Жаңбыр тамшыларын тыңдайды. Қайтеді, тырс-тырс тамып тұр. Тәрбиеші үстел үстіне бес саусағымен тысырлатып жаңбыр дыбысын бейнелейді. Балалар өздері де әрекет жасап көреді. Ой, қандай жаңбыр құйып жауып кетті, көркем сөз оқу.
Тәрбиеші: Жауын-жауын жауады,
Бәрін суға малады.
Біз қарындаш аламыз
Тамшыларды саламыз.

Енді жаңбыр тамшыларын қағазға былай түсіреміз деп, бұлттан төмен қарай тамшылар түсіп келеді деп, бірнеше үзік қысқа сызықтарды салып көрсетеді. Балалар өздері жаңбыр тамышыларын бейнелейді. Қағаз бетіне шашырата салуды қадағалайды. Жұмыстарына басшылық жасайды, аяқтаған жұмыстарын мадақтайды. Музыка әуенімен «Жаңбыр тамшыларын тосамыз» - деген қимылды ойын ұйымдастырылады. Бос уақыттарында сурет салғызып, алған білімдері мен іскерліктері бекітіледі. Мұнда үзік сызықтарды барлық қағаз бетіне көбірек салу талап етіледі. Балаларға берілетін қағазда сәбіз, қызылшы т.б. көкөністер төменгі бөлігінде салынған немесе қиып жапсырылған. Нөсер жаңбыр жауып көкөністерді суға қандырады.


Қоянға сәбіз береміз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет