Балалар жұқпалы аурулары



бет1/2
Дата05.10.2023
өлшемі277,67 Kb.
#183774
  1   2
Байланысты:
Инфекция дұрыс

Балалар жұқпалы аурулары

1.Бала жедел ауырып, дене қызбасы 37,6 С-қа көтеріліп, 2-ші күні денесі мен аяқ-қолдарында ақшыл қызғыш бөртпелер аяқ қолдың жиылу жағына пайда болып, катаральді баспа дамыды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бөртпелер бір тәуліктен соң жоғалды. Бірақ бала 7-күннен соң мазасызданып, 8-і күні құлағынан іріңді бөлінділер ақты. Ауруынан бір апта бұрын бала баспамен ауырған ағайын ағасымен бірге болған.
Сіздің диагнозыңыз:
А) Жәншәу, типті жеңіл түрі, іріңді отитпен асқынған+
В) Жіті тонзиллит + іріңді отит
С) Жәншәу, септикалық түрі, іріңді отит
Д) Аллергиялық дерматит. Іріңді отит
Е) Энтеровирусті инфекция
2.1 жастағы ауруханада "көкжөтелмен", жатқан балада 10-15 ретке дейін ұстамасы, ал реприздері 10 ретке дейін. Бір рет апноэ болды. Бұл науқастың ауырлығын анықтағанда басты белгі болып ...... болып табылады.
А) апноэ+
В) жөтел ұстамасының жиілігі
С) реприз саны
Д) қақырығының болуы
Е) жөтелдің бір ұстамасына реприз саны
3. Баланың туылғанына 7сағат, жағдайы қанағаттанарлық, баланың арқа терісі мен құлағында бірен-саран әлсіз везикулалар анықталды. Өмірінің 2-ші күні басы мен бөксесінде жаңа элементті везикулалар пайда болған. Анасы 16күн босануға дейін желшешек ауруын өткізген. Диагноз қойыңыз:
А) Тума желшешек, жеңіл формасы+
В) Тума сифилис
С) Ұшық инфекциясы
Д) Тума желшешек, жайылмалы формасы
Е) Жаңа туған нәрестегі везикуло-пустылез
4. Жұқпалы аурухананың қабылдау бөліміне 5жастағы бала түсті. Ауруының 7күні интоксикация белгілері анықталды, алдыңғы мойын лимфа түйіндері 4 дәрежеге дейін ұлғайған, пальпацияда аздап ауырсынады. Бадамша бездері ұлғайған, іріңді бөлінді. Ауруының барлық күнінде қызба пенициллин емінен жағдайы жақсармады.Баланың әлеуметтік жағдайы төмен, жер төлесі бар үйде тұрады, тышқан, мысық бар. Болжамды диагноз:
А) Листериоз+
В) Лакунарлы баспа
С) Жәншау
Д) Фелиноз
Е) Ку қызбасы
5.Баланың эпид.анамнезінен: отбасында бірнеше адам тұмаумен ауырған. 2жасар бала ауырды, түнде дене температурасы 40°С-қа көтерілген, көп реттік құсық болған. Таңертең қарағанда: бозғылт, бетінде, мойнында бірен-саран петехиалді элементтер, аңқасында аздаған гиперемия, шүйде бұлшық етінің ригидтілігі. Қызбасы бар. Болжамды диагноз қойыңыз:
А) Грипп, менингит +
В) Грипп токсикалық түрі
С) Грипп субтоксикалық түрі
Д) Іріңді менингит
Е) Менингококцемия + менингит
6.Балада өмірінің 8-ші күні дене қызуы 39°С көтерілді. Бір реттік құсу, іш өту пайда болған. Келесі күні бет терісінде бірен-саран везикулалар пайда болған. Қарау кезінде ауруының 3ші күні дене қызуы 38°С, терісінде везикулалы бөртпе. Анасында босануынан 1 апта бұрын, ернінде , құлақ артында, денесінде бірен-саран везикулалы бөртпе болған. Болжам диагноз қойыңыз:
А) Ұшық инфекциясы, жайылмалы формасы+
В) Энтеровирусты инфекция
С) Тума желшешек
Д) Белдемелі ұшық
Е) Тума сифилис
7.Бала 3 жаста, ауруының 4-ші күні дене қызуы 37,2°С, терісі бозғылт, әлсіз. Мойын май қабатының ісігі 2-ші мойын қатпарына дейін. Жұтқыншақтың жұмсақ тіні ісінген, бадамша бездері тығыз ақ жабындымен жабылған. Бала аллергиясына байланысты екпе алмаған. Диагноз қойыңыз:
А) Жұтқыншақ күлі, токсикалық формасы+
В) Жұтқыншақ күлі, жергілікті формасы
С) Лакунарлы баспа
Д) Аллергиялық реакция
Е) Паротитті инфекция
8.Бала 4 айлық жедел ауырды дене қызуы 38 С дейін. Сұйықтық пен тамақтан кейін қайталамалы құсу, нәжісі тәулігіне 8 рет қою-жасыл түсте, «батпақ мүгі» тәрізді. Қарау кезінде жағдайы ауыр, мазасыз, шөлдеуі айқын. Терісі бозғылт түсте, периорбитальді цианоз, еріндері құрғақ, ашық қызыл түсте.Үлкен еңбегі түсіңкі, жүрек үндері тұйықталған. Іші кебіңкі, аш ішектің шорылы естіледі. Сіздің диагнозыңыз:
А) Сальмонеллез+
В) Шигеллез
С) Паратиф В
Д) Эшерихиоз
Е) Вирусты диарея
9.Педиатр қабылдауында 1,5 жасар бала, анасының шағымдары: әлсіздік, қалтырау, дене қызуы субфебрильді, мұрынның бітуі, мұрын асты терісінің мацерациясы, алғашқыды сулы-геморрагиялық бөлінді бір мұрыннан, кейіннен екінші мұрыннан. Мұрнында жаралар, эрозиялар бар. Ауырғанына 10 күннен асты. Сіздің диагнозыңыз:
А) Мұрын күлі+
В) Парагрипп
С) Риновирусты инфекция
Д) Мұрынның бөгде заты
Е) Аллергиялық ринит
10.Дәрігер шақыруымен 2 жасар балада әлсіздік, қалтырау, температурасы субфебрильді, алғашқыда оң көзінің ісінуі, кейін сол көзі ісінді, қабақ терісі қызарған, қабақтың шырышты қабатында күлгін түсті жабынды, оңай алынбайды, жабынды алынған соң қансырайды. Сіздің диагнозыңыз:
А) Көз күлі+
В) Аденовирусты инфекция
С) Көздің бөгде заты
Д) Электрофтальмия
Е) Листериоз, көзді-безді формасы
11.Бала 2 жаста мазасызданады,қалтырау,дене қызуы субфебрильді,басында оң көзінің ісінуі, артынан екінші көзі қосылған,қабағының терісі гиперемияланған, қабағының шырышты қабаты сұр жабындымен жабылған,қиын алынатын, алғанда қанайды. Сіздің диагнозыңыз:
А) Көз дифтериясы+
В) Аденовирусты инфекция
С) Аллергиялық коньюктивит
Д) Туляремия
Е) Көз туберкулезі
12.10 айлық балада ауру біртіндеп дене қызуының көтерілуімен үрмелі жөтелмен басталған, 4 ші күні баланың даусы шықпай қалды , даусы афониялық,бала тұншыға бастады, бұғана ойығы, қабырға-аралық бұлшық еттер ішке тартылып,ауыз мұрын үшбұрышы көгеруі тыныш тұрғанда дамыған.Тарылудың дәрежесін көрсетіңіз :
А) 2дәрежесі+
В) 1дәрежесі
С) 3дәрежесі
Д) асфиксия
Е) тарылу жоқ
13.Бала дәрігерінің қабылдауында 4 жасар қыз жедел ауырған, дене қызуының жоғарылаған , қайталап құсқан ,екінші күні көз склерасының инъекциясы байқалып, бадамша безінде герпетикалық бөртпелер дамыған, аңқасы аздап қызарған, үлкен дәреті 3ретке дейін, сұйық жиілеген .Диагноз қойыңыз;
А) Энтеровирусты инфекция+
В) Менингоккокты инфекция
С) ЖРВИ
Д) Герпетикалық инфекция
Е) Ішек инфекциясы
14.Бала 2 жаста ауыр ағымды тұмаумен ауырған. Ауруының 6-шы күні балада дене қызуы 39 дейін көтерілген,бала мазасыз, көңіл күйі бұзылған,бас ауруымен құсу қайталанған,артынан құрысу болып,есін жоғалтқан.Гемограммада лейкопения , лифоцитоз,этж жоғары.
Сіздің диагнозыңыз:
А) Тұмау,менингоэнцефалитпен асқынған+
В) Тұмау,нейротоксикоз
С) Тұмау,менингитпен асқынған
Д) Менингококкты менингит
Е) Менингококкты менингоэнцефалит
15.Бала 11 айлық, ауыр ағымды тұмаумен ауырған . Аурудың алтыншы күні балада дене қызуы қайта 39-ға жоғарылаған , бала мазасыз, көңіл күйі бұзылған,бас ауруымен құсу қайталанған,артынан құрысу болып,есін жоғалтқан.Гемограммада лейкопения , лифоцитоз,этж жоғарылауы,Ликворограммада 120 -жасуша,лимфоциттер -100%, қант қалыпты, белок аздап жоғарылаған. Сіздің диагнозыңыз:
А) Тұмау,менингоэнцефалитпен асқынған+
В) Тұмау,нейротоксикоз
С) Менингококкты инфекция,менингит
Д) Серозды менингит
Е) Менингококкты менингоэнцефалит
16.Ауру басталғаннан 2 сағаттан кейін балада денесінде гемморагиялық бөртпе пайда болған,еріннің көгеруі ,ентігу,АҚҚ-қалыпты,тахикардия, дене қызуы 40-С, гиперестезия,қозғыш. Диурезі сақталған. Сіздің диагнозыңыз:

А) Менингококкті инфекция, менингококцемия, өте жедел түрі, ИТШ 1+


В) Менингококкті инфекция, менингококцемия, өте жедел түрі, ИТШ 2
С) Менингококкті инфекция, менингококцемия, өте жедел түрі, ИТШ 3
Д) Геморрагиялық васкулит
Е) Тұмау, гипертоксикалық түрі
17.Ауру басталғаннан 2 сағаттан кейін балада денесінде гемморагиялық бөртпе пайда болған,еріннің көгеруі ,ентігу,АҚҚ-қалыпты,тахикардия , дене қызуы 40-С, гиперестезия,қозғыш. Диурезі сақталған. Госпитальді этапқа дейінгі жасалатын антибиотик түрі:
А) левомецитин сукцинат+
В) пенициллин
С) гентамицин
Д) бисептолс
Е) меропенем
18.Бала листериоздың септикалық- баспа түрі диагнозымен госпитализацияланып 2-ші күні балада қозғыштық, нистагм, патологиялық рефлекстермен қоса көп реттік құсу,гиперестезия байқалды. Болжамды диагноз қойыңыз:
А) Менингоэнцефалит+
В) Менингит
С) ИТШ
Д) Сепсис
Е) Миға қан құйылу
19.14 жасар қыз балада бас ауруы,жүрек айну,құсу,іші өтпеген. Ауруының екинши күні тамағында бөгде затты сезінуі ,даусының қарлығуы ,маңқаланып сөйлейді.көзіне заттар қосарланып көрінген.Тыныштыкта тыныс жетіспеушілігі дамып, тынысы тоқтап қалған. Осы ауруы алдында қонақта болған.Сіздің диагнозыңыз:
А) Ботулизм,ауыр түрі+
В) Диареядан кейінгі полиневрит
С) Полиомиелит,аралас бульбоспинальді түрі
Д) Тағам токсикоинфекциясы,ауыр түрі
Е) ЭВИ полиомиелитті түрі
20.10 күндік нәресте,қабағының қызаруына, екі көзінен ірің бөлінуі туылғаннан 5-ші күні пайда болған, дене қызуы қалыпты сандарда,көңіл күйі бұзылмаған,көзінің өтпелі қатпар аймағында айқын қызыл фолликулалар,іріңді бөлініспен,құлақ аймағындағы лимфа түйіндер ұлғайған. Хламидиялы инфекцияға күдік туып отыр . Болжамды диагноз қойыңыз:
А) анасында саңырауқұлаққа қарсы препараттарға емге келмейтін қайталамалы кольпит+
В) жуктілік кезінде антибактериальді препараттарды қайталама курстармен қабылдауы
С) ашытқылы кольпиттің болуы
Д) үй жануарлары(мысық)мен тығыз қатынаста болуы
Е) жуктілік кезінде көзінің зақымдалуы
21.Анасының айтуы бойынша ,8 жасар баласында аурудың 7 күні бас айналуына, түсініксіз сөзіне,жүрісінің бұзылуына, басын ұстамауына шағымданады, 3апта бұрын әкесі герпесті инфекциямен ауырған.Қарағанда шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі байқалады,бүкіл денесінде кепкен везикулалар және қабыршақтар. Сіздің диагноз:
А) Желшешекті менингоэнцефалит+
В) Герпетикалық менингоэнцефалит
С) Кене энцефалиті
Д) Полирадикулоневрит,синдром Ландри
Е) Энтеровирус этиологиялы серозды менингит
22.8 айлық бала қабылдау бөлімінде Т-39,0, сұйық аз мөлшерде нәжіс шырыш аралас, ерні құрғақ,әр дефекация кезінде беттің қызаруы мен көз жасаурауы болады. Іші аздап керілген,сол жақ мықын аймағында ауырсыну.Сіздің диагнозыңыз
А) ЖІИ, инвазивті диарея+
В) ЖІИ,секреторлы диарея
С) Ротавирусты гастроэнтерит
Д) Холера
Е) Стафилококкты гастроэнтерит
23.Отбасында мектеп жасындағы 2 баласы ұзақ жөтелген,бірақ көңіл күйлері бұзылмаған, дене қызуы қалыпты, мектепке барып жүрген. Олардың 1жасар інісі ауырды, АКДС екпесінің 1-ін ғана алған. Дене қызуы субфебрильді, жеңіл мұрыннан су ағады, бетінің қызаруымен құрғақ жөтеледі , жөтелі түнде жиі болады. Аңқасы қызарыңқы. Өкпесінде үнемі емес құрғақ сырыл. Дәрігер көкжөтелге күмәнді. Диагнозды анықтайын зерттеуге жатпайды:
А) BL-ға жұғынды алу+
В) мұрын -жұтқыншақ шырышын Борде-Жанга таяқшасына бак себінді
С) жалпы қан анализі
Д) кеуде клеткасының R-графиясы
Е) жалпы зәр анализі
24.1,5 жасар балаға Күл, тыныс жолдарының тарылуы III дәрежесі диагнозі қойылды. Қажетті ем:
А) ПДС, ИВЛ +
В) АКДС
С) антибиотик
Д) антигистаминді препараттар
Е) диакарб, манитол к/т ішіне

25.2айлық балада айқын экспираторлы ентікпе катаральді белгілері шамалы. БАБЖ бойынша бірінші қолданылылатын препарат:


А) сальбутамол+
В) пенициллин
С) гентамицин
Д) мукалтин
Е) преднизолон
26.8 айлық баланың ауруының 2-ші күні дәрігер «ЖРВИ круп синдромы, көмей стенозының 1 дәрежесі» диагнозы қойылды.Учаскелік дәрігер тактикасы:
А) жұқпалы ауруханаға жатқызу+
В) үй жағдайында болу мүмкін асқынулар туралы кеңес беру
С) преднизолон бұлшық етке жасау және үйде қалдыру
Д) бөлім меңгерушісімен бірге қарау
Е) ингаляция жасау, преднизолон б/е, жұқпалы ауруханаға жатқызу
27.20күндік нәрестеде хламидиялық пневмонияға күмәнді. Диагнозды нақтылайтын лабораториялық тексерулер:
А) Қанның ИФА анти-Chlamydia trachomatis IgM анықталуы +
В) Қанның ИФА анти-Chlamydia trachomatis IgG анықталуы
С) гемограмма
Д) РПГА хламидиялық диагностикуммен
Е) хламидияның қалың тамшы анализінде анықталуы
28.5жасар қыз клиникаға мынадай диагнозбен түсті: паротит инфекциясы, комбинирленген түрі: паротит + менингит. Ең маңызды диагностикалық әдісті көрсет:

А) люмбальді пункция +


В) жалпы қан анализі
С) зәр тексеруде диастазаны анықтау
Д) қан тексеруде диастазаны анықтау
Е) компьютерлі томография

29.5жасар қыз клиникаға мынадай диагнозбен түсті: паротит инфекциясы, комбинирленген форма: паротит + менингит, орташа ауырлық. Ем тағайындаңыз:


А) Зақымдалған аймаққа құрғақ жылы қою және дегидратациялық терапия +
В) Зақымдалған аймаққа құрғақ жылу қою
С) Антибактериалды терапия
Д) Гормондар
Е) Дегидратациялық терапия

30.Қабылдауда 4жасар балада: ауыз жұтқыншақ күлі, токсикалық , 2-ші дәрежелі ауырлық диагнозы қойылды. Сіздің терапияңыз:

А) ПДС 80 мың. ХБ + пенициллин+
В) ПДС 200 мың. ХБ
С) Пенициллин 100 мың. ХБ/кг
Д) АКДС
Е) Күлдік анатоксин

31.11жасар балада: Менингококкты инфекция, менингоэнцефалит диагнозі қойылды. Антибиотик тағайындаңыз:

А) Пенициллин +
В) Цефтриаксон
С) Интерферон, гормондар
Д) Ремантадин, тұмауға қарсы иммуноглобулин
Е) Левомицетин сукцинат
32.Отбасында «жұтқыншақ күлі жайылмалы түрімен» науқас анықталды. Науқасты оқшауланғаннан кейін ошақта жүргізілетін іс-шара:
А) қатынаста болғандарды 7 күн бақылау, 16 жасқа дейінгі және жоғарғы жастағыларға АД-М бір рет егу, қатынастағы 3 және 16 жасқа дейінгі балаларға РПГА тексеру+
В) дезинфекция, барлық қатынастағыларға АДС-М вакцинасы
С) қатынаста болғандарды 21 күн бақылау
Д) қатынаста болғандарды 7 күн бақылау, 16 жасқа дейінгі және жоғары егілмегендерді
Е) АД-М –мен бір рет егу

33.6 жаста қыз балаға «Жұтқыншақтың токсикалық күлі , ауырлығы -2 дәрежесі» диагнозы қойылды. Күлге қарсы енгізу сарысу дозасы:


А) 80-90 мың. АЕ+
В) 300-350 мың. АЕ
С) 170-190. АЕ
Д) 200 мың. АЕ
Е) 250-300 мың. АЕ

34.3 жастағы балада 8 күннен бері әлсіздік, қалтырау, дене қызуы субфебрильді, мұрынның бітуі, мұрын асты терісінің мацерациясы, алғашқыды серозды-геморрагиялық бөлінді бір мұрыннан, кейіннен екінші мұрыннан. Мұрнында жаралар, эрозиялар. Дәрігер мұрын күліне күмәнданады. Диагнозды нақтылаушы тексерулер:


А) мұрын және аңқадан Леффлер бацилласына жағынды+
В) мұрын және аңқадан стафилакоккқа жағынды
С) мұрын және аңқадан микобактерияға жағынды
Д) мұрын және аңқадан вирусқа жағынды
Е) жалпы қан анализі
35.5жаста балаға "менингококкты инфекция, жайылмалы форм «Менингит»диагнозымен антибактериалды терапия – пенициллинмен емделді. Антибиотикті тоқтату критерийі:
А) көңіл күйі жақсы, лимфацитарлы плеоцитоз, лимфацитарлы плеоцитоз 75-тен төмен емес және 100жасушадан көп емес +
В) қалыпты температура, көңіл күйі жақсаруы, аралас плеоцитоз
С) субфебрильді температура, көңіл күйі жақсы , лимфацитарлы плеоцитоз
Д) тек көңіл күйінің жақсаруна қараймыз
Е) қалыпты температура, көңіл күйі жақсы , пункция жасау керек емес
36.10жасар баланы қайталамалы құсу мазалайды, басы ауырады, температурасы- 39°С, құрысу. Ауыз жұтқыншақта айқын гиперемия, дәнді, бадамша бездерінде – ұсақ везикулалар. Менингеалді белгілері анықталады.Нәжісі жиілеген. Диагноз қойыңыз:
А) Энтеровирусті инфекция, менингит+
В) Менингококкті менингит
С) Тұмау, токсикалық форма + герпестік баспа
Д) ЖІИ, нейротоксикоз + герпес инфекциясы
Е) Полиомиелит, менингеалді түрі
37.7жасар балада, ауруының 8ші күні: Ауызжұтқыншақ күлінің токсикалық түрі, миокардит диагнозы қойылған. Бұл аурудағы кардиалды емес симптомдарды:
А) бірден адинамия, анорексия, қайталамалы құсық, ішінің ауырсынуы, гепатомегалия+
В) бөртпе бүкіл денесінде
С) бірден адинамия, анорексия
Д) спленомегалия
Е) қайталамалы құсық, ішінің ауырсынуы, гепатомегалия

38.Бала 2жаста. Ауруының бірінші күні, Т - 40°С, үш рет құсқан,майда-ұсақ көк түсті эритематозды фонында қатпарларында басымырақ бөртпелер, бүгілетін буындарда дақты-папулезді петехиялар, ауыз-мұрын үшбұрышы ақшыл түсті, іріңді баспа, жүрек үндері тұйықталған, есі тежелген. Гепатомегалия. Сіздің диагнозыңыз:\
А) Жәншәу, ауыр токсикалық түрі +
В) Тұмау, баспамен асқынған, аллергиялық бөртпе
С) Энтеровирусты инфекция, аралас түрі
Д) Қызамық, ауыр түрі
Е) Иерсиниоз, жедел қызба түрі

39.8 жастағы баланы 3 күннен бері жәншаудан ем қабылдауд| Ауруының 4-ші күні дене қызуы 38 С , бетінде, аяқтарында, денесінде ашық-қызыл түсте дақты-папулезді бөртпелер пайда болған, тері түсі өзгермеген. Лакунарлы баспа анықталды. Лимфа түйіндері бұршақ тәрізді ұлғайған. Аздап гепатолиенальді синдром, нәжісі жиі.Болжам диагнозыңыз:


А) Иерсиниоз+
В) Жәншау, ауыр формасы
С) Инфекциялық мононуклеоз
Д) Вирусты гепатит В+Джанотти-Крости синдромы
Е) Сальмонеллез+қызамық

40.Балада туылғаннан 10 куннен бері тынысы шулы,жылағанда кушейеді.Дене қызуы қалыпты, катаральді белгілері жоқ. Әр мезгіл жөтеледі. Өкпесінде өткізбелі сырыл естіледі. Басқа жүйелерде өзгерістер жоқ.Болжам диагнозыңыз.


А) Туа пайда болған стридор+
В) ЖРВИ круп синдромы
С) Тыныс жолдарының күлі, круп
Д) Жатырішілік пневмония
Е) Тыныс жолдарында бөгде дене
41.Егер науқаста токсикалық аңқа күлінде 8-9күні ішінің ауырсынуы мен қайталамалы құсу болды. Болжамды диагноз қойыңыз:
А) токсикалық миокардиттің +
В) спецификалық күл панкреатитінің
С) токсикалық гепатиттің
Д) жіті ішек инфекциясының
Е) реактивті перитониттің
42. 1,5 жасар балаға: Күл, тыныс жолдарының тарылуы III дәрежесі диагноз қойылды. Тағайындалатын ем:
А) ПДС, ИВЛ +
В) АКДС
С) антибиотиктер
Д) антигистаминді препараттар
Е) диакарб, манитол көк тамырға
43.5 айлық балада айқын экспираторлы ентікпе катаральді белгілерінде. БАБЖ бойынша бірінші қолданылатын препарат:
А) сальбутамол +
В) пенициллин
С) пентамицин
Д) мукалтин
Е) преднизолон
44.8 жастағы бала жұқпалы аурулар ауруханасына басының қатты ауруына, қайталап құсуына шағымданып келді. Менингеальді симптомдары оң мәнді. Ликвор анализінде: түсі лайланған, ақшыл-сары. Цитоз – 4500 в мкл, нейтрофилдері – 89%, белок – 2,2 г/л, қант азғана төмендеген.
Диагноз қойыңыз:
А) Менингококкті менингит +
В) Энтеровирусті менингит
С) Туберкулезді менингит
Д) Субарохноидальді қан құйылу
Е) Энцефалиттік реакция
45.14 жасар қыз жедел ауырды, шағымы: қалтырау, бас ауруы, бас айналуы, қысқа ес жоғалту болды. Кешке дене қызуы 39 0С-ға жоғарылап, лоқсу мен бір реттік құсу болды. Ауруының 2 күні жасыл түсті, көп мөлшерлі, сұйық, патологиялық қоспасыз нәжіс болды. Кіндік маңында периодты ауру мазалады. Аймақтық дәрігер қарап жұқпалы аурулар ауруханасына жолдаған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта; науқас тітіркенгіш, дене қызуы - 37,5 0С; тері жамылғысы ашық-қызғылт түсті, орташа ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Өкпеде-везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, пульсі-94 рет мин, АҚҚ- 95/55 рт. ст.
Іші желденген, пальпацияда эпигастри және кіндік маңы ауырады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Нәжісі көп мөлшерлі, сұйық, жасыл түсті, шырышты.
Эпидемиологиялық анамнезінен: Ауруы басталардан бірнеше сағат алдын тауық жұмыртқасын қолданған.
Сіздің диагнозыңыз:

А) Сальмонеллез, гастроинтестиналді формасы.+
В) Тағамдық токсикоинфекция.
С) Жіті шигеллёз, гастроэнтероколиттік түрі.
Д) Холера
Е) Амебиаз
46.14 жасар қыз жедел ауырды, шағымы: қалтырау, бас ауруы, бас айналуы, қысқа ес жоғалту болды. Кешке дене қызуы 39 0С-ға жоғарылап, лоқсу мен бір реттік құсу болды. Ауруының 2 күні жасыл түсті, көп мөлшерлі, сұйық, патологиялық қоспасыз нәжіс болды. Кіндік маңында периодты ауру мазалады. Аймақтық дәрігер қарап жұқпалы аурулар ауруханасына жолдаған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта; науқас тітіркенгіш, дене қызуы - 37,5 0С; тері жамылғысы ашық-қызғылт түсті, орташа ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Өкпеде-везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, пульсі-94 рет мин, АҚҚ- 95/55 рт. ст.
Іші желденген, пальпацияда эпигастри және кіндік маңы ауырады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаимаған. Нәжісі көп мөлшерлі, сұйық, жасыл түсті, шырышты.
Эпидемиологиялық анамнезінен: Ауруы басталардан бірнеше сағат алдын тауық жұмыртқасын қолданған.
Сальмонеллез, гастроинтестиналді түрі диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін зерттеу әдісі:
А) нәжісті бактериологиялық тексеру+
В) вирусологиялық әдіс.
С) копроскопия.
Д) ректороманоскопия.
Е) тік ішекті саусақпен тексеру
47.14 жасар қыз жедел ауырды, шағымы: қалтырау, бас ауруы, бас айналуы, қысқа ес жоғалту болды. Кешке дене қызуы 39 0С-ға жоғарылап, лоқсу мен бір реттік құсу болды. Ауруының 2 күні жасыл түсті, көп мөлшерлі, сұйық, патологиялық қоспасыз нәжіс болды. Кіндік маңында периодты ауру мазалады. Аймақтық дәрігер қарап жұқпалы аурулар ауруханасына жолдаған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта; науқас тітіркенгіш, дене қызуы - 37,5 0С; тері жамылғысы ашық-қызғылт түсті, орташа ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Өкпеде-везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, пульсі-94 рет мин, АҚҚ- 95/55 рт. ст.
Іші желденген, пальпацияда эпигастри және кіндік маңы ауырады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаимаған. Нәжісі көп мөлшерлі, сұйық, жасыл түсті, шырышты.
Эпидемиологиялық анамнезінен: Ауруы басталардан бірнеше сағат алдын тауық жұмыртқасын қолданған.
Сальмонеллез, гастроинтестиналді түрі диагнозы қойылды. Бұл жағдайда болуы мүмкін асқыну:
А) дегидратациялық шок+
В) жіті бүйрек жетіспеушілігі
С) ішектік қан кету
Д) бас миының ісігі
Е) бауыр жетіспеушілігі
48.14 жасар қыз жедел ауырды, шағымы: қалтырау, бас ауруы, бас айналуы, қысқа ес жоғалту болды. Кешке дене қызуы 39 0С-ға жоғарылап, лоқсу мен бір реттік құсу болды. Ауруының 2 күні жасыл түсті, көп мөлшерлі, сұйық, патологиялық қоспасыз нәжіс болды. Кіндік маңында периодты ауру мазалады. Аймақтық дәрігер қарап жұқпалы аурулар ауруханасына жолдаған.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта; науқас тітіркенгіш, дене қызуы - 37,5 0С; тері жамылғысы ашық-қызғылт түсті, орташа ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған, құрғақ. Өкпеде-везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, пульсі-94 рет мин, АҚҚ- 95/55 рт. ст.
Іші желденген, пальпацияда эпигастри және кіндік маңы ауырады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаимаған. Нәжісі көп мөлшерлі, сұйық, жасыл түсті, шырышты.
Эпидемиологиялық анамнезінен: Ауруы басталардан бірнеше сағат алдын тауық жұмыртқасын қолданған.
Сальмонеллез, гастроинтестиналді түрі диагнозы қойылды. Осы патологияны емдеуге қажетті дәрілік препараттар тобы:
А) полиионды ерітінді («трисоль», «квартасоль»)+
В) глюкокортикоидтар
С) кең спектрлі әсері бар антибиотиктер
Д) спазмолитиктер
Е) аналгетиктер

49.13жасар қыз бала, әлсіздікке, ауыздағы құрғақтыққа, "көзінің тұмандануына", көз алдында заттардың таюына және қосарланып көрінуіне, жұтынудың қиындауына, дауысының қарлығуына, бас ауруына, бас айналуына шағымданып түсті. Ауруы кешке 31.12. жедел басталған, іші кепкен, барлық симптомокомплекс бір уақытта басталған. Осы күні жағдайы нашарлай түскен, жедел жәрдем шақырған.


Эпидемиологиялық анамнезі: ауруының алдында 30.12. күні құрбысында қонақта болған. Консервілермен, тұздалған саңырауқұлақпен, қолдан жасалған шырындармен күткен. Басқа тағы бір қонақта бірге болған К осы шағымдармен ауруханаға жатқызылды.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, активті. Беті бозарған. Өкпеде өзгерістер жоқ. ТЖ минутына 28-32рет, жүрек тондары тұйықталған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. 31.12.күні кешке бір рет сұйық нәжіс болғанын, ішінде әр-түрлі ауырсынулар болғанын еске түсірді.
Неврологиялық симптомдардан сол жақ птоз, оң жақ көз алмасының қимылының шектелуі, қарашықтық реакцияның төмендеуі, жұтынудың қиындауы, дауыстың қарлығуы, сөйлеудің қиындауы анықталды.
Сіздің диагнозыңыз:
А) Ботулизм+
В) Бас миының қан айналымының бұзылуы
С) Кенелік энцефалит
Д) Дифтерия
Е) Мидың ісігі
50.13жасар қыз бала, әлсіздікке, ауыздағы құрғақтыққа, "көзінің тұмандануына", көз алдында заттардың таюына және қосарланып көрінуіне, жұтынудың қиындауына, дауысының қарлығуына, бас ауруына, бас айналуына шағымданып түсті. Ауруы кешке 31.12. жедел басталған, іші кепкен, барлық симптомокомплекс бір уақытта басталған. Осы күні жағдайы нашарлай түскен, жедел жәрдем шақырған.
Эпидемиологиялық анамнезі: ауруының алдында 30.12. күні құрбысында қонақта болған. Консервілермен, тұздалған саңырауқұлақпен, қолдан жасалған шырындармен күткен. Басқа тағы бір қонақта бірге болған К осы шағымдармен ауруханаға жатқызылды.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, активті. Беті бозарған. Өкпеде өзгерістер жоқ. ТЖ минутына 28-32рет, жүрек тондары тұйықталған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. 31.12.күні кешке бір рет сұйық нәжіс болғанын, ішінде әр-түрлі ауырсынулар болғанын еске түсірді.
Неврологиялық симптомдардан сол жақ птоз, оң жақ көз алмасының қимылының шектелуі, қарашықтық реакцияның төмендеуі, жұтынудың қиындауы, дауыстың қарлығуы, сөйлеудің қиындауы анықталды.
Тамақтық ботулизм диагнозы қойылды. Осы науқасқа көрсетілетін алғашқы көмек :
А) асқазанды жуу, сифонды клизм+
В) гормондар енгізу
С) антибиотиктер енгізу
Д) тұзды ерітінділерді енгізу
Е) анатоксин енгізу
51.13жасар қыз бала, әлсіздікке, ауыздағы құрғақтыққа, "көзінің тұмандануына", көз алдында заттардың таюына және қосарланып көрінуіне, жұтынудың қиындауына, дауысының қарлығуына, бас ауруына, бас айналуына шағымданып түсті. Ауруы кешке 31.12. жедел басталған, іші кепкен, барлық симптомокомплекс бір уақытта басталған. Осы күні жағдайы нашарлай түскен, жедел жәрдем шақырған.
Эпидемиологиялық анамнезі: ауруының алдында 30.12. күні құрбысында қонақта болған. Консервілермен, тұздалған саңырауқұлақпен, қолдан жасалған шырындармен күткен. Басқа тағы бір қонақта бірге болған К осы шағымдармен ауруханаға жатқызылды.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, активті. Беті бозарған. Өкпеде өзгерістер жоқ. ТЖ минутына 28-32рет, жүрек тондары тұйықталған. Тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. 31.12.күні кешке бір рет сұйық нәжіс болғанын, ішінде әр-түрлі ауырсынулар болғанын еске түсірді.
Неврологиялық симптомдардан сол жақ птоз, оң жақ көз алмасының қимылының шектелуі, қарашықтық реакцияның төмендеуі, жұтынудың қиындауы, дауыстың қарлығуы, сөйлеудің қиындауы анықталды.
Тамақтық ботулизм диагнозы қойылды.
Жедел ем жасау үшін тағайындалатын препарат:
А) арнайы сарысу+
В) бактериофаг
С) вакцина
Д) гормондар
Е) антибиотик
52.14жасар қыз бала, ауруханаға ауруының 3күні түсті. Ауруы жедел басталды: маңдай-самай аймағының ауыруы, мұрыннан су ағу, бір реттік құсу, ернінде ұшық, адинамия. Ауруының 2күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы-39,6 0С, мұрыннан қан кеткен. Жамбас аймағында жұлдызды геморрагиялық бөртпе некроз аймағымен. Жұмсақ таңдайы мен жұтқыншағы қызарған. Пульс жиілеген, АҚ төмендеген, бауыр мен көкбауыр
ұлғайған. Менингеальді сиптомдар айқын. Сіздің диагнозыңыз:

А) Менингококты инфекция, менингококцемия, менингит+
В) Грипп, менингитпен асқынған
С) Аденовирусты инфекция
Д) Инфекциялық мононуклеоз
Е) Ішектік иерсиниоз, жайылған түрі
53.14жасар қыз бала, ауруханаға ауруының 3күні түсті. Ауруы жедел басталды: маңдай-самай аймағының ауыруы, мұрыннан су ағу, бір реттік құсу, ернінде ұшық, адинамия. Ауруының 2күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы-39,6 0С, мұрыннан қан кеткен. Жамбас аймағында жұлдызды геморрагиялық бөртпе некроз аймағымен. Жұмсақ таңдайы мен жұтқыншағы қызарған. Пульс жиілеген, АҚ төмендеген, бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Менингеальді сиптомдар айқын.
ДЗ:Менингококты инфекция, менингококцемия, менингит. Осы ауруға тән гемограмма:

А) лейкоцитоз, анизоцитоз, пойкилоцитоз, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылауы+
В) лейкоцитоз, атипті мононуклеарлар, ЭТЖ жоғарылауы
С) лейкопения, анэозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы
Д) лейкоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы
Е) лейкоцитоз нейтрофилді жылжумен, эритроцитоз, гематокрит индексі – 0,60
54.14жасар қыз бала, ауруханаға ауруының 3күні түсті. Ауруы жедел басталды: маңдай-самай аймағының ауыруы, мұрыннан су ағу, бір реттік құсу, ернінде ұшық, адинамия. Ауруының 2күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы-39,6 0С, мұрыннан қан кеткен. Жамбас аймағында жұлдызды геморрагиялық бөртпе некроз аймағымен. Жұмсақ таңдайы мен жұтқыншағы қызарған. Пульс жиілеген, АҚ төмендеген, бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Менингеальді сиптомдар айқын.
ДЗ:Менингококты инфекция, менингококцемия, менингит.
Қанда:лейкоцитоз, анизоцитоз, пойкилоцитоз, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылаған. Осы патологияда болуы мүмкін асқынуы:

А) инфекциялық-токсикалық шок+
В) жіті бауыр жетіспеушілігі, энцефалопатиямен
С) эпендиматит
Д) гиповолемиялық шок
Е) субарахноидалді қан құйылу
55.14жасар қыз бала, ауруханаға ауруының 3күні түсті. Ауруы жедел басталды: маңдай-самай аймағының ауыруы, мұрыннан су ағу, бір реттік құсу, ернінде ұшық, адинамия. Ауруының 2күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы-39,6 0С, мұрыннан қан кеткен. Жамбас аймағында жұлдызды геморрагиялық бөртпе некроз аймағымен. Жұмсақ таңдайы мен жұтқыншағы қызарған. Пульс жиілеген, АҚ төмендеген, бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Менингеальді сиптомдар айқын.
ДЗ:Менингококты инфекция, менингококцемия, менингит. Жұлын миынның пункциясынан күтуге болатын анализ:

А) сүт түсті, бұлыңғыр, қысым жоғарылаған, цитоз - 20,0 Г/л, лимфоциттер - 40%, нейтрофилдер - 60%, ақуыз - 9 г/л+.
В) түссіз, мөлдір, цитоз – 0,002 Г/л, лимфоциттер – 90%, ақуыз - 0,33 г/л.
С) түссіз, қысым жоғарылаған, цитоз - 0,8 Г/л, лимфоциттер - 80%, ақуыз - 1 г/л.
Д) қан аралас, қысым жоғарылаған, цитоз - 0,2 Г/л, лимфоциттер - 25%, глюкоза –қалыпты.
Е) түссіз, мөлдір, қысым аздап жоғарылаған, цитоз - 0,002 Г/л, лимфоциттер - 95%, глюкоза – қалыпты.
56.14жасар қыз бала, ауруханаға ауруының 3күні түсті. Ауруы жедел басталды: маңдай-самай аймағының ауыруы, мұрыннан су ағу, бір реттік құсу, ернінде ұшық, адинамия. Ауруының 2күні жағдайы нашарлаған, дене қызуы-39,6 0С, мұрыннан қан кеткен. Жамбас аймағында жұлдызды геморрагиялық бөртпе некроз аймағымен. Жұмсақ таңдайы мен жұтқыншағы қызарған. Пульс жиілеген, АҚ төмендеген, бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Менингеальді сиптомдар айқын.
ДЗ: Менингококты инфекция, менингококцемия, менингит.

Жұлын миының анализі: Сүт түсті, бұлыңғыр, қысымы жоғары, цитоз - 20,0 Г/л, лимфоциттер - 40%, нейтрофилдер - 60%, белок - 9 г/л


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет