№3-4 дәріс Педагогиканың пайда болуы мен дамуы



бет4/5
Дата02.10.2022
өлшемі159,75 Kb.
#151379
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-4-лекция

Тоғызыншы кезең
педагогиканың ғылым ретінде дамуы ХХ ғасырдың басындағы тарихи жайт – 1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісімен байланысты. 1918-1931 жж. білім беру мен оқытуды түбегейлі қайта құру жүйесінің жылдары болды. Мектептің өзі алдыңғы жалпы білім беретін орындардың (гимназия, лицей, училищелер, шіркеулік және жергілікті мектептер және т.б.) типтерін ауыстырып, бірыңғай еңбектік (ресми түрде – 1918 жылдан бастап Бірыңғай еңбектік мектеп) болып аталды. Бұл оқытудың дәстүрлі жүйесінен бас тартып, оқытудың мүлдем жаңа теориясы мен білім берудің тәжірибесін іздеудің белсенді кезеңі болды
Сабақ және оқытудың сынып-сабақтық жүйесі де қалпына келтірілді; оқу «тобы», «бригадалары» дегеннің орнына «сынып» деген атау қолданыла бастады (1934-1935 жж.). Қайтадан жеке білім бақылаулары мен мектептік бағалар, мектеп бітіргенде және сыныптан сыныпқа ауысқанда тапсыратын емтихандар («сынақ» атымен) енгізілді; қайтадан үй тапсырмасын беру тәжірибеленді; оқытудың дәстүрлі әдістері қолданыла бастады; «жұмыс кітаптары» өзінің орнын тұрақты оқу кітаптарына берді. Идеологиялық бағыт мектепке дейінгі балалықтан басталып, мектеп кезінде – әліппеден мектептің барлық кезеңінде және жоғары оқу орнына дейін жалғасты.
Оқытудың, білім берудің теориясы мен тәжірибесінде шетел ғалымдары да із қалдырды. Осылайша американың ірі ғалымы Джон Дьюи (1859-1952) оқушылардың практикалық іс-әрекеті кезіндегі интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту идеясын алдыға тартты. Дидактика саласындағы басқа шетел ғалымдардың ішінен таным саласындағы педагогикалық мақсаттар таксономиясының негізін қалаған Б. Блумның (1913 ж., АҚШ), оқыту үдерісі саласындағы еңбектердің авторы Д. Брунердің (1915 ж., АҚШ), оқыту стильдерінің сипаттарын көрсеткен Н. Беннеттің (Ұлыбритания), жалпы дидактика теориясы мен проблемалық оқытуды зерттеген В. Оконьнің (1914 ж., Польша), проблемалық оқыту және бағдарламалық оқыту, өзін-өзі оқытуды педагогикалық басқару, білім беру технологиясы, дидактика теориясы негіздерін қалаған Ч. Куписевичтің (1924 ж., Польша) есімдері көпке танымал


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет