3-4 I. ҚАзақстан республикасындағы инклюзивті білім беру


«Қандай пішін жетіспейді»



бет11/13
Дата08.02.2022
өлшемі159,5 Kb.
#120411
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
00139218-1b28c6c5

«Қандай пішін жетіспейді»
Мақсаты:Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету.Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер (қораптан алу).
Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.

1-жаттығу . «Бетперделер». Cмайликтер


Мақсаты: топта достық қарым-қатынас орнату,жағымды эмоционалды жағдай туғызу
Әрбір сабақты көңіл-күйді анықтаудан бастаймыз.Ол үшін сендерге түрлі бетперде дайындадым. Мұнда : түрлі бетперделерді оқушылар өздері таңдап, неге таңдағанын айтады.
2-жаттығу «Мейірімді есім»
Мақсаты-эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон қалыптастыру.
Әр бала оң жағында тұрған көршісін мейірімді түрде атайды.Ал көршісі алғыс айтып,сосын жаттығу кері сол жақ көршіге орындалады.
3-жаттығу. «Атомдар мен молекулалар»
Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру.Сонымен қатар. Осы жаттығу арқылы балалардың өзара қарым-қатынасын анықтауға болады.
Оқушылар бөлмеде еркін жүреді.Психолог: «Сендер әрқайсысың атомсыңдар, енді жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, енді екі-екіден, сосын үш-үштен бірігесіңдер. (Оқушылар санына қарай ойын жалғастырылады.)
5-жаттығу «Көңіл-күйімізді жаттықтыру»
Мақсаты: оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жаттықтыру
Қазір біз 2 жұптан шығып берілген тапсырмадағы сөйлемді оқып,асты сызылған сөзді көңіл-күйімізбен көрсетеміз:

  1. Аю байқамай кірпіні басып кетіп, аяғына тікен кіріп кеткен. Кірпі өзін кінәлі сезінеді, ал аю қатты ашуланып тұр.

  2. Күшік ата-анасынсыз қыдырып, еркін жүргеніне қуануда, ал ата-анасы қатты алаңдаулы.

  3. Мысықтың баласы тамақты бірінші рет ішіп тұр, ол оған ұнамай, жүрегі айныды, ал тотықұс оған мүлдем тамақ бермегендіктен ренжіп отыр.

4.Екі кірпі орманда келе жатып, біреудің түсіп қалған сағатын көрді.
Алдымен олар тықылдан қорқып кетіп, кейін қызығып, жақындап барып
қарағысы келеді.
Əр оқушыға арналған жеке даму бағдарламасы олардың өзіндік дарындылығын ашып, өмірдегі өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Егер жалпы білім беретін ордаларда жоғарыда айтылған ұсынылымдарды есепке алып, сол бойынша инклюзивті білім беретін болса, мүмкіндігі шектеулі балалар да басқа балалардан қалыс қалмайтыны хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет