3-4 тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдік қорғау биотехнологиясындағы негізгі нысандардың бірі биопрепараттар.
1.Өсімдіктерді қорғауға арналған биопрепараттарды алу технологиясы. Өсімдіктерді қорғауда зиянкестер түрлерінің (фитофагтар, фитопатоген және арамшөптер) таралуын кеміту мақсатында биологиялық препараттарға, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыздықтарына өсімдіктердің төзімділігін арттыратын құралдарға (бактериалы тынайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б.) көп көңіл бөлінуде. Өсімдікті қорғаудың биологиялық құралдарын қолдану химиялық пестициттер мен минералдық тыңайтардың қолдану мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді, ал бұл оз кезегінде өнім сапасының жоғарылауына және ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің экологиялық қауіпсіз технологиясын жасауға алып келді.
Өсімдік қорғаудағы микробтық биотехнологияның басты нысаны, негізі табиғи микробты агент ол– биопрепараттар.
Микробиологиялық препараттарды өндіру, негізгі құрамдастары биологиялық агент, субстрат, мақсатты өнім, аппаратура және басқару үрдісіне арналған әдістер жиынтығы биотехнологиялық үрдіс шеңберінде жүзеге асырылады.
Энтомогенді микроорганизмдер, антогонистер және басқа да биологиялық бақылау агенті мен препараттарының толық сипаттамасы «Өсімдік қорғаудағы биопрепараттар» 2013-2022 оқу құралында келтірілген.
Биологиялық агент биотехнологиялық үрдістердің белсенді бастамасы. Ең дәстүрлі биологиялық агент микробты клетка. Биотехнологияда қолданылуы мүмкін микроорганизмдер, пайдалы заттар продуценттерінің арсеналы арқашан толықтырылып отырады.