3-4 тәжірибелік сабақ. Тақырыбы: Өсімдік қорғау биотехнологиясындағы негізгі нысандардың бірі биопрепараттар


Биопрепараттарды өндірудің ерекшелігі табиғи ағза-продуцентке байланысты



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі19,58 Kb.
#95443
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
3- 4 практика

2. Биопрепараттарды өндірудің ерекшелігі табиғи ағза-продуцентке байланысты.
Биотехнология үшін ең алдымен белсенді таратушы штаммдар қажет, ал бұл микроорганизмдерді сұрыптауды талап етеді. Микороорганиздердің практикалық тұрғыдан бағалы түрлерін алудың екі жолы белгілі.
Біріншіден, штамдардың бөлінуінің табиғи көздері арқылы, яғни топырақтан, жапырақ беттерінен, жәндіктерден табиғи штаммдарды іздеу және іріктеу жұмыстары жүргізіледі.
Екіншіден, тәжірибелік жолмен табиғатта кездеспейтін жана биологиялық агенттерді мақсатты түрде дайындау (гендік инженерия және мутагенез әдістерімен). Қәзіргі кезде мұндай жаңа тәсілге көп көңіл бөлінуде.
Жаңа штаммдарды іріктеу өлшемі: технологиялылығы (популяциялар біркелкілігі) уыттылық және спектр әрекеті. Егер көптеген өсіру кезеңдерінде биологиялық агенттің қасиеті сақталмаса немесе елеулі өзгерістерге ұшыраса, айтарлықтай шығынды талап ететін, кең көлемді технологиялық зерттеулерге ұсынылмайды. Іріктеу нәтижесінде сапасы жағынан қажетті препарат продуценті эталонды жасанды өскіннен асып түсетін штамм алынуы қажет.
Биологиялық агентердің мамандандырылған құтылары ерекше мәнге ие (микроорганимдер жиынтығы). Микроорганизмдерді жасанды өсіру жиынтығы биотехнологиялық үрдістерді стандарттауда өте маңызды. Олар штаммдардың генетикалық қасиетін және өміршеңдігін сақтауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар ғылыи зерттеулердің дамуына ықпал етеді.
Микроорганизмдерді жасанды өсіру өлген жәндіктердің денесінде немесе биологиялық құндылығын сақтау мақсатында кептірілген күйінде, вазелин майының астында немесе майсыз жаңа қатырылған агар тіршілік ортасында сақталады. Шыны түтікте агар тішілік ортасында сақталған штаммды қайта егу тұрақтылығы әр бір 3-4 айда қамтамасыз етіледі.
Микроорганизмдерді жасанды өсіру биологиялық құндылығын сақтау мақсатында кептірілген.Тіршілік ортасында дамып жатқан, сұрыпталған микроорганизмдер штамынан биопрепараттар өндіру үрдісінде жатырлық жасанды өскін дайындайды. Жатырлық жасанды өскін дайындау үшін штаммды шыны түтікте қатты тіршілік ортасында көбейтеді. Жұмысты бастамас бұрын өсірілген жасанды микроорганизм болуы қажет.
Өсірілетін жасанды микроорганизм кюветте немесе ферментерде тікелей өсіруге арналған және көбейтілген жатыр болып табылады. Өсірілетін жасанды микроорганизмді сұйық тіршілік ортасында, арнайы аппаратта немесе тербелмелі шыны құтыда өсіріледі. Өсірілетін материалды алу кезінде принципті маңыздысы, ол анабиозда сақталған жатырлық жасанды өскінді шашыранды өсіру, тіршілік ортасының құрамы және өсіру тәртібі болып табылады.
Тіршілік ортасының сапалылығы – белсенділігі жоғары препараттар алудың маңызды шарттарының бірі.Тіршілік ортасын дайындау барысында микробты жасанды өсірілетін микроорганизмдердің азотты, көмірсу және минералдық қоректенуінің физиологиялық талаптарын ескеру қажет. Жасанды өсірілетін микрооганизмдердің қабілетін де есепке алу қажет.Биопрепараттарды өндірудің соңғы кезеңі, қолайлы препараттық пішін алу болып табылады. Стандарттауға және биологиялық препараттардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.


Қойылатын сұрақтар: 1. Биопрепараттарды өндіріске енгізудің мәні неде.
2. Биопрепараттардың әсер етуші заты, құрамы және алыну жолдары, қолданылуы.


СӨЖ -38 тақырып. Тізім бойынша 1- тақырыптан алыңыздар. Әр тақырып 10 беттен кем болмасын. Сұрақтарыңыз болса айтыңыздар. 1-ші аттестацияға 50 пайызын көрсетесіздер, электронды жүйеде. Келесі аттестацияда 50пайызын қорытындысымен.

1.Өсімдік қорғаудағы жасуша, ұлпа және мүшелерді басқару технологиясы.


2.Өсімдіктерді қорғаудағы биотехнологияның рөлі.
3.Биотехнология және биоқауіпсіздік.
4.Органикалық қалдықтарды насекомдар мен құрттармен өңдеу
5.Өсімдік қорғауға арналған биопрепараттарды алу технологиясы.
6.Энтомопатогенді биопрепараттар.
7.Фитопатогендерді өсуін басатын биопрепараттар.
8.Микогербицидтер.
9.Биологиялық препараттардың қауіпсіздігі.
10.Энтомофагарды және акарифагтарды өндірудің технологиялық карталары. Жасушаларды культивациялау.
11. Ақуыздың ДНҚ, РНҚ, құрлымы мен функциялары.
12.Гендік инженерия.
13.Өсімдіктерді қорғауда қоладанатын трансгенді өсімдіктер.
14.Алтынкөздерді және фитосейлусты жаппай өсіру технологиясы.
15.Зоогумус алудың биотехнологиясы. Бактериалды тыңайтқыштар.
16.Түйнек бактериялары препараттарын жасау технологиясы. 
17.Табиғи және жасанды инфекционды фондар
18.Өсімдік қорғаудағы негізгі бағыттар,биотехнологиялық прогресс
19.Гендік инженерияның типтік эксперименті және информацияның векторлы аударуы.
20.Популяцияларды культивациялау деңгейлері.
21.Зиянкестерге, ауруларға және гербицидтерге төзімді трансгенді өсімдіктер.
22.Каллусты жасушаларды бөліп алу және культивациялау.
23.Протопласты бөліп алу және культивациялау.
24.Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің технологиялық карталарын құрастыру
25.Вируссыз тұқымдық материялдарды өңдіру
26. Серологиялық болжау әдістері және молекулярлы негізінде болжау
27.Энтомопатогенді вирустар, бактериялар
28.Өсімдіктерді қорғауға арналған энтомопатогенді саңырауқұлақтарды дайындау ерекшеліктері
29.Өсімдіктердің ауруларына қарсы қолданылатын биологиялық қорғау шараларының ерекшеліктері
30.Биопрепараттарды стандарттау және олардың сапасын бағалау.
31. Антиген және антитела туралы түсініктер.
32.Техникалық энтомологияның негізгі бағыттары және мақсаты
33.Бунақденелілерді культивациялаудың сызбасы бастапқы колониясы.
34.Бунақденелілердің зертханалық популяциясына, дамуына факторлардың әсері.
35.Трихорамманы және фитомизаларды жаппай өсіру әдістемесі
36.Малшаруашылығында қалған қалдықтарды шыбын дернәсілдері арқылы өңдеу.
37. Вермикомпостау тәсілдеріне сараптама.
38. Бактериальды тыңайтқыштар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет