болашағы.
2.1. Еуразия Одағы ішіндегі Орталық Азия рөлі.
Кеңестік жүйеден шыққан тәуелсіз мемлекеттерге сенімді тәуелсіздік туралы, ендігі жерде бір-біріне қалай көмектесу керектігін ойлау қажет. Егер де экономикалық салада, адами қатынастарда интеграцияға жол ашылса, сонда ілгері жылжиды, ілгері дамиды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басты бағыты посткеңестік елдермен (ең алдымен Ресеймен және Орталық Азия елдерімен) интеграциялық байланыс құру болып табылады.
Үш ғасыр бойы қазақтар мен орыстар қоян-қолтық өмір сүрді. Сырттан келген шапқыншьшықтарға тойтарыс беру үшін талай рет күш біріктіріп, өзара жақындықтарын төгілген қандарымен бекітіп отырды. Алайда өмір болған соң бәрі болады, біздің халықтарымыздың да бір-біріне ренішті кездері де болған "История межэтнических отношений" деген кітапта /1/ , өкінішке қарай ондай беттер де кездеседі. Бір ғажабы ол реніштер қазақ және орыс халықтарының өзара қарым-қатынастарына ешуақытта көлеңкесін түсірген емес. Керісінше, бұл екі этностардың арасында үнемі мәдени, рухани және өнегелі құндылықтармен алмасқан өзара танымдық, пайымдық молығулар болып отырды. Бірге тұрып, бір-біріне ілтипатты болуды қазақ халқының озық ойлы ұлдары жақсы ұққан болатын. Ұлы Абай өзінің "Ғақылия" қарасөздерінде орыс халқына деген өзінің жүрекжарды ыстық ықыласын білдіре отырып, халқын орыстан үлгі алуға, достық қарым-қатынаста болуға шақырды, сол үмітпен уағызды Ш. Уалиханов та, Ы.Алтынсарин де, Ж.Жабаев та, І.Жансугіров те және қазақ халқының ой-арманын, мақсат-мұратын көксеген Даланың басқа ұлы перзенттеріде талай-талай қайталады /2/.
Қазақсатан мен Ресей Перзиденттері 1997 жылдың қыркүйегіндегі кездесуде Достастық, ынтымақгастық жөне өзара көмек жөніндегі екі ел арасындағы 1992 жылғы Шарты ерекше атап өткен болатын. Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікке жол ашып еді. Сондықтан да тарихи сабақтастыққа сәйкес Қазақстан мен Ресей арасындағы мәңгілік достастық жөніндегі Декларация (1998 ж. 6 шілде) қол қою өмірдің өзінен туындап отыр. 1992 жылдан бергі уақытта әлемдік саясатта көптеген өзгерістер болды. Жаңа тарихи жағдайға орай 1992 жылғы шартқа көптеген өзгерістер енгізу қажет еді.
1998 жылы мемлекет басшылары біріккен мәлімдеме қабылдап, екі елдің Үкімет жетекшілеріне Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетудің он жылдық бағдарламасын әзірлеп, қол қоюға ұсынуды тапсырған болатын. Бұл өндірістік және ғылыми-технологиялық кооперацияны дамыту, меншік нысанына қарамастан, тікелей шаруашылықтар мен аймақтар арасында байланыс орнату мәселелерін көздеген құжат еді.
Үкімет басшылары деңгейінде қоныс аударушылар процесін үйлестіру, олардың құқықтарын қорғау, өзара ақпараттық-мәдени алмасуға қол жеткізу, инвестицияларды көтермелеу және өзара сақтау жөнінде келісімге қол қою болатын.
Сондай-ақ ядролық-жағар май кәсіпорындарының интеграциясын қамтамассыз ету, салық заңдарын бұзушыларға қарсы бірлесе күресу жөніндегі келісімге қол қойған-ды.
Қазақстан мен Ресей ішкі істер министірліктерінің шекаралас аймақтардағы ішкі істер органдарының жұмысын жолға қою жөнінде келісім де бар. Міне, осындай құжаттар достас екі елдің саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми байланыстарын нығайтудың қайнар көзіне айналды. Тәуелсіздік тұғырын нығайтып отырып, Қазақстан Ресеймен тең құқықтық негізде байланыса отырып, экономикалық және гуманитарлық салаларда көп қырлы интеграциялық процестер жүзеге асырылды. Бұл екі елдің стратегиялық әріптестер ретіндегі жұмысының өзегіне айналды. Ресеймен ынтымақтастықты одан әрі өрістету тұтастай алғанда Қазақстанның сыртқы саясатының басты да басым бағыттарының бірі екендігі даусыз.
Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдениет, ғылым, білім салалары бойынша екі жақты келісім-шарттар бар. Осының нәтижесінде екі елде де мәдениет бір-бірін байыта отырып, дамып келеді. Әр ұлттың өзіне тән қасиеттері сақталады, сөз және ождан еркіндігіне қол жеткізген, тіл дамуына кедергі жоқ.
Сауда экономикалық байланыстар да даму үстінде. Оған 1995 жылы қол қойылған Кеден Одағы шартының әсері мол. Егер 1994 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2,37 миллиард долларды құраса, ол 1995 жылы 3,96 миллиард долларға, ал 1996 жылы 4,8 миллиард долларға жеткен /3/.
Ресейдің сыртқы сауда айналымында Қазақстанның үлес салмағы едәуір. Мселен, 1997 жылы Ресейдің экспорт-импорт айналымында Қазақстанның экспорты 2,9%, импорт бойынша 5,2% болды. Салыстырып көрелік Германиянын;- үлес салмағы экспортта 7,7%, импортта 12,5%, Италия - 4,2 %және 5,0%, Украина - 8,4% және 7,4%, Белорусь - 5,4% және 8,7%., Қырғызстан - 0,2% және 0,3%. Ал, Ресей Қазақстандың басты сауда әріптесі болып отыр. 1997 жылғы Қазақстанның жалпы тауар айналымының 38,7% Ресейдің үлесіне тиеді. Ресейдің Қазақстансыз одағай дамуы мүмкін емес. 6,5 мың шақырымнан астам шекара тұр. Каспий теңзінің мұнай көздерін орталық сызықпен бөліп, оның жер асты байлықгарын бірге игеру міндетті түрде мен мұндалайды. Оның үстіне Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын, сондай-ақ әскери полигондарды көптеген жылға жалға алып, пайдаланып келеді. 1992 жыл мен 1998 жылдың 20 мамыры аралығында Байқоңырдан ғарышқа 148 рет үшу жүзеге асырылған. АЛ, Ресейдің 4 полигонының Қазақстандағы көлемі 104492 шаршы шақырымды алып жатыр. Бұл Қазақстан аумағының 3,8% /4/.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мәңгілік достастықпен- біріккен. Олар XXI ғасыр қарсаңында ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келісімнің және екі мемлекеттің. де гүлденуінің кепілі болып табылатын осы достықты сақтауға және нығайтуға міндеттенеді.
Орта Азияға келер болсақ барлық жердегідей мұнда да күрделі процестер жүруде. XX ғасырдың аяғына таман тәуелсіздік алумен байланысты Орталық Азиядағы жағдай өзгерді. Орталықазиядағы интеграциялық процестер Кеңес Одағының әлі аяқталмаған дезинтеграция процестерімен ұштасып жатыр. Оның үстіне, саяси институт түрінде интеграциялық топ салыстыра қарағанда ертеректке пайда болды. Орталық . Азиядағы интеграциялық процестердің ерекшелігі бірқатар геосаяси факторларға байланысты, олар мемлекетаралық ынтымақтастықтың, интеграцияның бірігуінің дамуы анықтайды.
Орталық Азия мемлекеттері жаңа геосаяси жағдайда, статус-кво жағдайында бұрынғы одақтық республикалардың арасындағы ұлттық-мемлекеттік шекараларды, ал сыртқы шекаралардан Ресей империясы кезіндегі шекараларды сақтап қалуға тырысты..
Аймақтағы ерекше бір әлеументтік-лингивистикалық интеграция ретінде орыс тілі қызмет етеді, ол барлық жерде кеңінен таралған. Орыс тілі Орталық Азияның әртүрлі интеграциялық институттарының жұмысы тіл болып табылады. Осы аймақтағы барлық ғылыми-техникалық, саяси зиялылары орыс тілінде кәсіп меңгерген, білім алғандар. Орталық Азияның көптеген тұрғындары үшін орыс тілі бұрын да, бүгінгі күнде білім алуда, ғылым мен техниканың, әлемдік камуникациялардың әліппесін үйреніп, меңгеруде ақпараттық арна (құрал) болып отыр. КСРО кезінде қалыптасқан ғылыми-білімдік, діл бірлігі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің сақталынып қалған әлеуметтік институттарында діл де өзінің қуат-күшін сарқа қойған жоқ. Түрғындардың білім деңгейі айтарлықтай жоғары болғандықтан, Орталық Азия өзінің шығыс және оңтүстік көршілерінен гөрі ұтымды жағдайда. Оның үстіне қазіргі күндері аталмыш салада Орталық Азия халықтарының арасында белгілі бір қарама-қайшылық (поляризация) байқалады, ол бұрынғы дәстүрлі әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, нұсқауларды қайта жандандырумен байланысты. Белгілі бір мөлшерде бұл ұлттық зиялылардың белсенді түрде қолдауымен жүргізіледі.
Қазіргі көптеген мемлекетаралық мәселелерді шешу халықаралық құрлымдардың билік өкілеттілігі жайлы мәселені әртүрлі түсінгендігіне шектеліп жатады. Кеңес дәуірінен кейінгі Орталық Азия елдерінің билеуші зиялылары үшін бұл мәселе. бұрын да күрделі.еді, ол қазіргі күндері де - ұлтық тәуелсіздік тірегін нығайту, мықты ұлттық құрылымдарды құруға байланысты өзектілігін жолға қойған жоқ. Содан да болар, бірінші, интеграциялық институт - Орталықазияттық одақ (ОАО) /5/ шеңберіндегі көптеген келісімдер өз қызметтерін жалғастыра алмады.
Мемлекет аралық интеграция процестерінің алға қойған мақсаты және белгілі бір жоспарлары бар. Осы тұрғыдан алғанда, интеграциялық топтың саяси институт ретіндегі белгілерінің маңызы жоғары, ОАО қызмет еткен аралықта бірнеше ірі саяси институттардың құрылуы интеграциялық құрылымдарының белгілі бір халықаралық құқықтық негіздерінің бекіп, әрі қарай өсуіне жағдай жасады. Орталықазияттық одақтың әрі қарай-өмір сүру практикасы көптеген қол қойылған келісімдердің жүзеге асуының күрделі екендігін байқатты. Алғашқыда Орталықазияттық интеграция өзі сияқты топтардың, бірінші кезекте Еуропалық қауымдастықтың (ЕС) табысты әлемдік тәжірибесін аймақта қалыптасқан жағдаймен ұштастырғысы келеді. Сондықтан Орталық Азия шеңберіндегі бір қатар ірі келісімдердің қызмет істемегені өзінен өзі зандылық болып шығады.
Интеграциялық .бірлестікке алғашқыда жүктелген жоғары міндеттер көптеген мөселелерді шешу барысында белгілі.бір "бірігуді" қажет етті, бұл енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған интеграцияның кейбір мүшелері үшін қиын жағай еді. Орталықазияттық интеірацияның саяси институт ретінде өзгерісі зандылық болып есептеледі. Бұл бағыт ОАО бірлестігінің атын Орталықазияттық экономикалық қоғамдастық (ОАО-ОАЭК) /6/ деп өзгертіп, интеграция мүшелерінің құрамын да қеңейтуге алып келді.
Әлемдік тәжрибедегі бір-біріне ұқсас әртүрлі модельдердің салыстырмалы талдауы АСЕАН-ның кейбір тәжрибелерінен үлгі алуға болады деген қорытындыға тіреледі. НАФТА-ның интеграциялық модельі аймақтың шынайы жағдайына сай келмейді. Осы интеграциялық топтың мықты халықаралық құрылымы жоқ және бірлестіктің ішіндегі қатынаста көбіне-көп экономикалық негізде бірігуге бағытталған. НАФТА-ның экономикасы жетілген елдерінен айырмашылығы ОАЭҚ мүшелерінің алдында басқа міндеттер тұр. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасы әлі де онша дами қоймағандықтан, осының өзі негізгі міндет- табанды дамитын экономикалық құрылымды жасауды талап етеді.
АСЕАН елдері интеграцияның бастауын жетілген аграрлы шикізат экономикасынан бастағаны белгілі. Интеграцияға қатысушы елдерге дұрыс жағдай жасауға дайындық осы ұйымның бірнеше онжылдықтарын алды және тек 2007 жылдарға қарай онда еркін сауда аймағын құру көзделініп отыр /7/.
Бұл жағынан алып қарасақ, ОАЭҚ елдерінің бастапқы жағдайы ұтымдырақ. Оның үстіне, АСЕАН-ның" алдында интеграцияның бастапқы кезінде тұрған міндеттер орталықазияттық интеграция қатысушыларының мақсат-мүдде, мәселелерімен көбінесе ұқсас. Аймақтық бөліктегі экономикалық депресся, ірі қарулы қақтығыстар, этносаралық және аумақтық мәселелердің реттелмеуі, әлемдік күш орталықтарының ынтымақтастық аймағына енуі - осы факторлардың көпшілігі орталықазияттық геосаяси кеңістікте кездеседі әрі күн өткен сайын өрши түсуде.
Мұндай факторлар Орталық Азияға аймақтық интеграция үшін геосаяси негіздің маңыздылығын анықтап береді. Қауіпсіздік жөнінен аймақтық құрылымның ашылу мәселесі интегралдық фактор болып есептелінеді. Мемлекетаралық бөлшектену бағытының өсуі дау-дамайлардың артуының. заңды нәтижесі болып табылады. Геосаяси және геоэкономикалык; жағынан жеткіліктіктің болмауы айқын нәрсе, олай болса, аймақтағы мемлекеттерге диверсификация және интеграциялық процестердің тереңдетілуігі қамтамасыз етіп, оның орнын толтыру керек. Орталық Азия кеңістігі төзіп отырған тарихи коллизиялардың ескерсек, қазіргі жағдайдағы аймақгық қауіпсіздік барлық аймақтың мемлекеттері үшін біртұтас және бөлінбейді ,яғни ол аймақ интеграциясының геостратегиялық тірегі болып табылады.
Тарихи жағынан аласақ, орталықазиаттық аймақ үшін аумақтық қауымдастық пен ерекше еңбек бөлінісіне негізделген белгіл бір жүйелік тән. Дегенмен де, Орталық Азияның ішкі кеңістігінің анық бөлінісі болды. Ішкі Азияның аумақтық кең географиялық кеңістігі соңынан геосаяси өзгерістердің нәтижесінде оқшауланып, қазіргі заманда негізінен екі ірі қүрлықтық мемлекеттер - Ресей мен Қытайдың арасында бөлініп қалып қойды. Қазақстан тарапы экономикалық кеңістік қалыптастыруға бастамашы болуда. Барлық халықтардың мүддесі үшін өзге мемлекеттер жүріп өткен сүрлеумен жүруіміз жөн. Мәселен, Бельгия, Нидерленды, Люксембург -Бенилюкс елдерін алайық. Енді Аргентина, Бразилия, Перу мемлекеттеріне көз салайық. Егер Орталық Азияда бірыңғай экономикалық кеңістік жасалса, бұл 55 милион халық болады екен.
Орталық Азия өзінің тасымал мүмкіндіктерін нығайту үстінде бірлесе жұмыс істеген жағдайда өзі де дүниежүзілік нарыққа құнды тауарлар - мұнай мен газ, тау кен және ауылшаруашылық шикізаттарын бере алатын болады. Ежелгі Жібек жолының жалпы сұлбасымен XXI ғасырда мұнай-газ құбырлары тартылды, солар арқылы Орталық Азия мұнай мен газ экспортын дамыту үшін Орта Азия елдеріне, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат, бірыңғай кеден, салық бақылауы, қауіпсіздік жүйесі қажет, жөңе ол өте тиімді болар еді. Жаңаша геоэкономикалық ахуалда Орталық Азия елдері бір-біріне тәуелді болған жағдайда ғана өздерінің тәуелсіздігін қорғап қала алады. Ортаазиялық ықпалдастық -бұл осы аймақтың дүниежүзілік көлемдегі әскери-саяси, экономикалық тәуелсіздікке жету жолы. Тек осындай жағдайда ғана Орталық Азия аймағы бкіл дүние жүзінде қүрметке ие болады. XXI ғасырдың бірінші жартысында ұлы державалар Азия-Тынық мүхит аймағында басымдыққа жету үшін тайталасқа түсетінін атап өткен жөн сондықтан, біздің мүддеміз үшін, Орталық Азия мүддесі үшін, осынау ғаламдық геоэкономикалық құбылыс жөнінде дұрыс бағдар ұстанудың маңызы бар.
Ортялық Азия елдерінің ортақ стратегиясын жасағанда "Азия жолбарыстарының" /8/ кезінде табысқа жету себептерін де, араб дүниесінің бытыраңқылыққа және жалпы мүдделер үшін бірыңғай, келісімді саясат жүргізу бағытында қабілетсіздікке ұрындырған араб елдерінің барлық жаңсақтықтарын да егжей-тегжейлі ескерген жөн. Сонымен қатар, кеңестік тәртіптен Орталық Азия едеріне мұра болып экономикалық, этникалық және басқа проблемалардың тұтас бір шоғыры қалғанын ескеру керек. Ал қазір оларға қысқа мерзімді ұлттық мүдделердің кейбір сәйкессіздігі қосылып отыр. Орталық Азия елдерінің арасында қақтығыстарды болдырмайтын. шаралардың жиынтығын қазірдің өзінде жасалуы керек. Ортаазиялық интеграция үшін ортақ тарихы, мәдениеті, тілі, діні бір халықтар ретінде Орталық Азия елдерін болашақта жақындастыру үшін өзара қатынастар өте маңызды болмақ. Аймақтық интеграциялану үшін бір кездегі Еуропа елдеріне қарағанда Орталық Азия елдерінің күштірек алғы шарттары бар. Ондай алғы шарттарға мынандай факторларды: сыртқы қауіптердің, мәдени-тарихи тамырлардың, діннің, экономикалық проблемалардың ортақтығын жатқызуға болады. Оның сыртында, Кеңес одағының бізге ортақ экономикалық, қаржы-қаражаттық, білім-біліктік және экономикалық стандарттар қалды /9/. Интеграцияға қажетті мұндай алғышарттар Еуропалық одақтың үшін тек арман ғана болды деуге болады. Экономика саласында атқаруға тиісті шаралар мынандай: қазіргі қолданылып жүрген экономикалық аймақты нығайту; Ортаазиялық даму банкінің рөлі мен мәртебесін көтеру; көпсалалық кедендік одақ жасау; ортақ ауылшаруашылық нарқы құру; бірыңғай сыртқы экономикалық саясат жүргізу; транспорт жүйесін жасау, ұлтаралық компанияларды нығайту; ортақ нарық жасау және ақыр соңында, болашақта бірыңғай валюта жүйесін құру /10/.
Біртұтас экономикалық кеңістік ойдағыдй жұмыс істеген жағдайда Орталық Азия аймағы осы заманғы нарық әлемінде айтарлықтай роль атқаруға қабілетті болмақ. Кеңістік негізінен нарықтың өзін-өзі реттеушілік ықпалымен қалыптасады деп күтілген еді. Дегенмен, оның дамуы үшін үш мемлекеттің белсенді күш-жігер жұмсауы қажет болып тұр. Сонымен қатар тараптар аймақтық су-энергетика ресустарын бірелсіп пайдалану, өзара өнім алмасу, соның ішінде табиғи газ беру, ұлттық валюта - қаржы жүйелерінің өзара іс-қимылы мен төлемдерді оңтайландыру мәселесін және өзара мүдделестік туғызып отырған халықаралық проблемаларды (Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылыкқа қатер төндіретін Тәжікстан мен Ауғанстандағы жағдайға байланысты) талқылауға жете көңіл бөлінуде.
2.2. Еуразиялық Одақ дүниежүзілік өркениеттің бір саласы
ретінде.
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия Одағын (ЕАО) құру туралы өзінің жоспарын 1994 жылы ерте көктемде Ұлыбританияға барған ресми сапары шеңберінде оны халықаралық мәселелерді зерттейтін король институтына лекция оқуға шақырғанда алғаш рет жария еткен. Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде ол "Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктің дамуы екі бағытпен айқындалды: бір жағынан, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы жүріп жатыр, екінші жағынан, ТМД елдерінің интеграциялық бағыты байқалды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының өзін реформалау қажеттілігі пісіп жетті, мұның өзі аймақта тұрақтану белдеуі мен қауіпсіздік орнатуды қамтамасыз етер еді және саяси эволюцияны болжаудың дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік беретіні кәдік"/1/-деп мәлімдеген еді.
Мұндай аса құрметті жиынға Н.Ә.Назарбаевты шақыруларының тағы бір себебі Лондонда бір кездегі премьер-министірлері "темір леди" атанған Маргарет Тэтчердің біздің президентіміз туралы айтқан сөздері де естерінде еді. "Бүтінде, әлем бес-алты ғана беделді саясаткерлерді біледі, - деген еді Маргарет Тэтчер, - Н.Ә.Назарбаев солардың ішінде" /2/. Бұдан біз Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің дамыған ел басшылары арасында таныла бастағанын байқауымызға болады.
Н.Ә.Назарбаев өзінің Еуразия Одағы идеясын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамының жиналысында тереңірек әңгімелеген еді. Өзінің "аса маңызды хабары" үшін Мәскеу университетінің мінбесін неліктен таңдап алған себебін Қазақстан басшысы кейін былай түсіндірген: ол жерде мұның тыңдаушылары бұрынғы КСРО ғылымының мақтанышы болған нағыз ірі ғалымдар еді. Империя қалдығының үстінен жаңа интеграциялық құрылымды ұсына отырып Н.Назарбаев өзі үшін есімдері әлемге әйгілі адамдардың қолдау көрсетуін өте қажет деп білді /3/. Еуразиялық Одақ идеясын ұсынғаннан бері ол мәселені ілгері жылжыту оңайға түскен жоқ. Көп сындар болды. Әйтсе де өмірдің өзі бізді Еуразиялық Одаққа жетеледі. Біз бүны болашақга жүзеге асатын іс деп есептейміз. Ол болашақтың интеграциясы. XXI ғасырда интеграциясыз өмір сүру мүмкін емес. Н.Ә.Назарбаевтың Еуразия Одағын құру туралы ұсынысының мәні ТМД мемлекеттерінің әрқайсының әлеументтік экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыру болып табылады.
Елбасы өзінің ұсынған еуразиялық идеясы жайлы былай дейді: "Біздің 'Мүмкіндігіміз Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды түйінділерінің қатарына қосады. Біздің бабаларымыз түркі халықтарының біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін тиімді пайдалана білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгін біз осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдік қоғамдастықтың қолдауымен қалпына келтіре бастадық. Сөз жоқ, келешекте Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесі мен адамдардың көші-қоны ұлғая түседі. Көптеген саяси тұрақтандырушы факторлары туралы айтпағанның өзінде, мен нақ осы себептен, Еуразия идеясын ұсындым және оны дамыта бермекпін, әрі оның стратегиялық болашағына да сенімім кәміл" /4/.
"Еуразиялық Одақтың қалыптасуының басты принциптерінің бірі - оған болашақ мүше елдердің түрлі жылдамдықпен кіруінде. Өйткені кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістік елдерінің ортақ мүдделерінен басқа әрқайсысының алдынды тұрған ұлттық-мемлекеттік міндеттері бар еді. Оларды дұрыс шеше алған жағдайда ғана тең құқықты интеграциялық. процестердің қарым-қатынасын орната алады" /5/-дейді Оразәлі Сәбден.
Қазақстан Республикасының президентінің идеясы мақсат-мүдделік принципінің негізінен кұрылған еді. Бұрынғы біртұтас кешенді шаруашылық қатынастарын қажетінше сақтай отырып және нарықтық қатынасты ескерген жаңа бастамамен даму қажеттілігінен туған. Сонымен қатар осы идея әлемдік тәжірибеден алынды. Мысалы өркениетті елдерде экономикалық гүлдеу мен демократия мақсатында өркендеген елдер бір-бірімен қарым-қатынастарын күшейтіп, соның арқасында әлемдік бірлестік қоғамының тең құқықты және беделді мүшесі болып отыр. Әсіресе Германия, Люксембург, Бельгия, Фраңция, Голландия елдерінің. қатысуымен "Көмір мен болат" бірлестігін құрудан басталған Еуропалық ұйымның тәжірибесінің маңызы зор. Интеграциялық процестердің даму нәтижесі Еуропалық бірлестігі дүниеге келді. Ал қазірсі кезде ол Еуропалық одаққа айналды. Еуропалық одақтың әрекеті құқықтық принципке негізделген.
Еуразиялық Одақтың ТМД-ның өз ішінде және онымен қатар қалыптасуы, бір жағынан, кешегі кеңестік дәуірден кейінгі тәуелсіз мемлекеттерге қажет болып отырған тарихи келісім, екінші жағынан, елдер мен халықтардың болашақтағы бірлестігінің қазірден әлдеқайда жоғары дәрежедегі үлгі-өнегесі бола алар еді.
Еуразия одағын қалыптастыру мен іске қосудың ұсынып отырған принциптері оған қатысушы елдердің мемлекеттік егемендігіне ешқандай да нұқсан келтірмей-ақ, экономикалық реформаларды неғүрлым табысты жүргізуіне, халықаралық еңбек бөліңісіне белсене қатысуына: сыртқы экономикалық қызметті өздерімен дербес жүргізуіне мүмкіндік берер еді. Ал егер бүгінігі таңда ТМД-ның кейбір елдері Ресейге қарап бағдар ұстаудаан бас тартып отырса, мұның өзі Ресейдің олардың көкейіне қонымды интеграциялық бағдарлама ұсына алмай отырғандығынан ғана деп түсіндіруге болады. Ал ондай бағдарламаның бірінші тармағы барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бір-бірімен терезесі тең екендігін іс жүзінде мойындау болуы тиіс. Еуразиялық Одақ идеясы ТМД елдерінің интеграциялық процестерінің катализаторына айналуда. Оның жарқын үлгісі ретінде Қазақстан Республикасының ұсынысымен Достастық интеграциялық комитеті күрылғанын айта аламыз. Мұндай органдардың пайда болуы қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыруға, орындалуы міндетті экономикалық реформаның біріккен бағдарламаларынын қабылдауға көмектеседі. Себебі, өмірдің өзі Достастық елдерінің халықаралық қарым-қатынастарының қандай саласында болмасын өзара бірге әрекет етудің біртұтас жүйесін қүрудың қажеттігін көрсетіп отыр, бұл әрбір елдің теңдігі мен егемендігін міндетті түрде. сақтай отырып жүзеге асырылуы қажет.
ТМД шеңберінде мемлекетаралық экономикалық және интеграциялық комитетінің құрылуы - бұл Орталықазиаттық және кедендік одақтың қалыптасуы мен қызмет етуі деңгейіне шығудың қарсаңы, сондай-ақ ол Еуразиялық достастыққа барар жолдағы белгілі бір кезеңде бола алады /6/. Осыған байланысты, ТМД шеңберінде Орталықазиаттық экономикалық, саяси және өскери кеңістіктің қүрылуы Еуразиялық Одақ идеясың жүзеге асырудың практикалық кезеңі болып саналады, мұның өзі кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктегі мемлекеттердің экономиқалық және саяси өмірінде елеулі рол ойнап отырған ТМД-ны да жоққа шығармайды.
Жаңа тәуелсіз мемлекеттер әлеуметтік-экономикалық интеграция мәселелерін шеше отырып, ортақ бір мақсатқа жұмылғаны, оны мыналар анықтайды:
XXI ғасыр басында тұрақтануды қамтамасыз ету, одан әрі экономикалық өсуге қол жеткізу;
инфляцияның жылдық қарқынын төмендетуді жалғастыру;
қаржы секторы мен өнеркәсіптерді реформалау;
өндірістік инфрақұрылымды жаңарту; - құрылымдық институционалдық реформаларды жалғастыру, тиімділігі жоғары бәсекелік мүмкіндігі мол өндіріс орындарына тура инвестициялар ағынын құятын және инвестиялық белсенділіктің өсуін ынталандыратын жағдай жасау;
мемлекеттік билік институттарын, зандылық пен тәртіпті, төлем және қаржы тәртібін нығайту, экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерін жетілдіру;
жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндеттерін, басқаруды күшейту, жергілікті органдардың атқару биліктерінің қызметін нығайту, жергілікті органдардың атқару биліктерінің қызметін нығайту мен кеңейтуге бағытталған реформаларды жүзеге асыру /7/
ТМД шеңберіндегі интеграциялық процестер Достастық құрылғаңнан бері экономикалық проблемаларды шешу мақсатында жүргізілді. Ол осы уақыт ішінде жаңа бастамаларды пысықтап, толықтырып, оларды жүзеге асырып, яғни интеграциялық күш-мүмкіндікті толықтырып отырады. Экономикалық Одақтың қажетті мәселелерін, ағымдағы істердің шешімін шұғыл қабылдауға құқысы бар. Мемлекетаралық экономикалық комитет құрылды. Қазақстан қашан басқалар Еуразияның қажеттілігін түсінер екен деп күтіп отырмай, болашақта Еуразиялық Одақтын тірегі болса деген мақсатпен Қазақстан ТМД мемлекеттер шеңберінде әр жақты бағытта интеграциялық байланыс желісін құрды.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған Еуразиялық Одақ жобасы ТМД-ның басым жақтарын дамытуға бағытталған, яғни бұл дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құрылым мен экономиканың жоғары дәрежесіндегі интеграциялану және жалпы тарихи-мәдени дәстүрлерді, тұрғындардың ділін дамыту.
Евразиялық Одақ - ТМД- дан мүлде басқаша одақ. Өйткені Евразиялық Одақтың негізінде Экономикалық, қорғаныс, сыртқы саясатты реттеуді мақсат тұтқан халықаралық органдарды құру жатыр /8/. Стратегиялық мәселелерді талқылау үшін Евразиялық Одақ үкіметі мен мемлекет басшыларын құру жоспарланып отыр, сондай-ақ Евразиялық Одаққа кіретін елдердің заң шығару қызметін қадағалайтын жалпы парламентке .тікеілей сайлау өткізуде басты назарда. Осының негізінде Евразиялық Одаққа мүшелік қайсыбір екі жакты қарым-қатынастардың үшінші елдермен орнатылуына еш кедергі келтірмейді. Ұсынылып отырған Одақтың негізгі принципі -тендік, мемлекттердің егемендігі мен тәуелсіздігін, әрбір мемлекеттің жекелігі мен тұлғалық құқығын сыйлау.
Еуразиялық одақ - бұл кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте тұрақтылықгы және міндеткерлікті, әлеуметтік-экономикалық жақсартуларды нығайту мақсатына бағытталған интеграцияның жаңа түрі. Еуразиялық кеңес дәуірінен -кейінгі кеңістік үшін ХХ-ХХІ ғасырлар арасы жаңа мемлекеттердің тәуелсіздік пен егемендік алуындағы тарихи дәуір ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың жаңа түрін іздеу кезеңі болып табылады деп айтуымызға болады.
Егер Еуразия Одағы жобасынан Қазақстанның көздеп отырған мүддесі қандай деген сауал туындаса оған алдымен Қазақстан Республикасы Еуразия аймағындағы, жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдік экономикалық және саяси процестердің ауқымдану процесі осы факторды түйінділерінің қатарына қосады. Біздің бабаларымыз түркі халықтарының біртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздері үшін тиімді пайдалана білді: атақты Жібек жолы бойымен Еуропа және Азия елдері арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын /9/. Бүгін біз осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдік қоғамдастықтың қолдауымен қалпына келтіре бастады. Сөз жоқ, келешекте Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесі мен адамдардың көші-қоны ұлғая түседі деп айта аламыз.
Н.Назарбаевтың әр кездеңрде айтқан сөздеріне қарап оның Еуразия Одағының жобасын жасауға бірнеше уақыты кеткенін аңғаруға болады. Ынтымақтастықты күшейту жоспары тақыр жерде пайда болған жоқ. Н.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ жобасын құруына Батыс Еуропа тәжірибесі сабақ болған болар деп ойлаймыз. Осыдан жарты ғасыр бұрын көмір -және метал Одағын құрған таза салалық бірлестіктен басталған қадам ынтымақтастықтың шығар шыңы - Еуропа одағына жеткізген /10/. Ал осы жетістікке жетер жолда "еуропа экспресінің" қаншама аялдамаларда тоқтауына, кідірістеуіне тура келді, олардың ішінде Еуропаның экономикалық қоғамдастығы тәрізді кезінде көптеген саясатшылар ең соңғы аялдамадар. осы болар деп есептегендер де болды.
Еуразиялық Одақ жобасын дайындау үстінде Достастық елдердегі қоғамдық-саяси және әлеументтік-экономикалық даму сатыларынан асқан дәлдікпен жасалған таңдаулар, тәуелсіз жас мемлекеттердің заң шығарушы негіздерін мүхият зерттеу, сондай-ақ ТМД мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қабылдаған, бірақ заңдық күшіне енбей қалған құжаттардың юристік сараптары пайдаланылғаны даусыз. Осының бәрі Қазақстан Республикасының президенті ұсынған мемлекеттердің жаңа құрылымын әлеуметтік-экономикалық жаңғырту, олардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін жаңа сапалы интеграцияяық бағытта күшейту бағдарламасы нақтылы саяси, экономикалық, тарихи және географиялық жағдайларға анық, байланыстырылған еді. Осы жерде Елбасымыздың мына сөзіне көңіл бөлуімізге болады. Ол "немістер мен ағылшындарды соғыстан кейін тілдік тосқауыл ғана бөліп қойған жоқ, оларды тағы да бір-бірлерін жеккөрушілік, тіпті майдан шебінде қарама-қарсы окоптарда отырғанда қалыптасқан ашықтан ашық жауласу бөліп қойған жоқ. Алайда кешегі жаулар бір-бірімен тіл табысып ерлік жасады емеспе. Ал біз ондаған жылдар бойы бір елде бірге тұрып, бір-бірімізге сый-құрметпен қарап, орыс тілі арқылы еркін араласа отырып, Германия мен Ұлыбритания азаматтарынан біздің интеграциялық мүмкіндігіміз қалайша кем болады?" /11/- дейді.
Осындай бірден-бір нақты дәлелдердің зор күш-қуатымен ойланып-толғанып, есептеліп барып замандастарының талқысынан Еуразия Одағын құрудың егжей-тегжейлі жоспары ұсынылған. Қазақстан республикасының президенті Н.Назарбаев "Еуразиялық Одақ құру жөніндегі менің ұсыныс, пікірлерім ежелден қанаттас жатқан халықтардың береке бірлігін алда да сақтау мақсатынан туындаған еді"/12/- дейді. Әлем мемлекеттері осындай одақтарға бірігіп жатқанда біз де - нарық жолын, демократиняы өрістете отырып, жұдырықтай жұмылуға тиістіміз.
Жобадағы болжау бойынша Еуразиялық Одағына бұрын кеңестік республикалардың барлығы болмаса да белгілі бір бөліктері енуі тиіс еді. Ынтымақтасу ТМД елдерінің азаматтарын олардың сеніміне, саяси және құқықтық көзқарастарына қарамастан қызықтыруы тиіс деп күтілген. Оның кепілі барлығына ортақ жағдай, мемлекеттердің өзара жақындасуы және олардың ең. бірінші кезекте экономикалық ауыр дағдарысты жеңіп шығу үшің күш біріктіріп шоғырлануы, әлеуметтік және қоғамдық реформаларды батыл үйлестіріп жүргізуі.
Экс-кеңес мемлекеттерінің көпшілігін үнемі сүріндіріп, шешімі табылмай жүрген келелі мәселелерді тегіс жинақтап, мұқият жасай келе Н.Назарбаев өзі ойластырған төрт бағыттағы бірлесіп атқарар жұмыстарды ұсынды - шаруашылық-экономикалық, гуманитарлық, қорғаныс және экология салаларында. Осы тұста да оған тән алғырлық пен парасаттылы тануға болатын. "Біз неғүрлым осы мәселелерді әрқайсымыз өзіміз шешеміз деген сайын, - деп қайталап айтудан перзидентіміз жалыққан емес, - соғүрлым ара жіктеріміз ашыла береді, демек біздің республикамызда алға қойған мақсаттарына соғұрлым баяу жылжиды" /13/.
Экономикалық мәселелерді экономикалық жалпы кеңістік жағдайында өте табысты шешуге болар еді. Оның пайда болуы үшін алдын ала нақгылы жағдай жасалуы керек. Н.Назарбаев Еуразиялық Одақ жобасына мынандай құрылымдар енгізген, экономика бойынша, шикізат қоры бойынша, мемлекетаралық финанс-өнеркәсіп топтары және бірлескен кәсіпорындар бойынша комиссиялар, экологиялық мәселелер мен ғылыми-техникалық қарым-қатынастар бойынша қор және мемлекетаралық арбитаж. Осы механизмдерді тегіс іске қосқанда ғана Еуразиялық Одаққа қатьісушы елдер экономикалық құбылыстарға нәтижелі әсер еудің тетігіне ие болды.
Егемендік алғаннан кейін қоғамдық мұраларды сақтау және көбейту қажеттігі жас респбликалардың назарына шет қалғандай болған. Бірлесіп жасалған ғылым, мәдениет, және білім де сол бірыңғай халық шаруашылығы комплексі сияқты аянышты халге ұшырады: оларда әділдік пен он бес егеменді бөлшектерге бөлінген еді, ендігі жерде қоғамдық прогрестің барысына олардың ешқандай ықпалы болмай қалды. Сондықтан Еуразиялық Одақтың айтулы бір қызметі ретінде жобада одаққа қатысушы елдер үшін бәріне ортақ хабарлар тарату, ғылыми-білім беретін және мәдени өріс құру, болашақ одақтың субъектілері арасында барлық гуманитарлық орталардың өзара қарым-қатынастарын қалпына келтіру ұсынылды.
Бүгінде, жаңа ғасыр біздің бәрімізге де қауіпті де қатерлі қатынастар: халықаралық терроризм, діни экстремизм және кей аймақтардағы этникалық өзара қатынастар. Ал дәл осы қауіптерді егеменді мемлекеттердің басшыларына Қазақстан Президенті ескерткен еді. Сондықтан осы қауіпті басынан кешірген немесе кешіріп қалуы ықтимал елдердің - ТМД мүшелерінің бірінші кезектегі мәселесі, жобада айтылғандай олардың ұлттық қауіпсіздігін нығайту және территориялық тұтастығын сақтау. "Еуразия Одағының мүшелері өздерін және көршілері қауіпсіздендіру үшін, өзара бірнеше келісімдер жасалуы керек. Жанжалды аймақтарда шекараны қорғауды және жағдайды тұрақтандыруды қамтамассыз етуді, барлық мүдделі мемлекеттердің қорғаныс мәселелеріне. келісушілік тауып келушілік арқылы шешілуіне әбден болады"/14/-деп жазды елбасымыз.
Достастықтағы елдер үшін экололгиялық қауіпсіздік мәселесі өте маңызды болып отыр. Ол ТМД елдеріндегі бүгінгі күнге дейін шешілген жоқ және өткірлене түсуде. Ондай өзекті мәселені де еркін өз бетінше шеше алмайды. Гуманитарлық ықпалдастықтың да тиімді тетіктері ұсынылды /15/.Бұрында жүргізілген ядролық сынаулардың зардаптары, сондай-ақ, ядросыз соғыс полигондарының жұмыс істеуі, АЭС-ның дамылсыз жұмыстары, қоршаған ортаның өнеркәсіп қалдықтарымен ластауы., су шаруашылығындағы және жерді суландырудағы жөнсіз әрекеттер - осының бәрі бұрынғы КСРО-ның әртүрі аймақтарында табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеп соқтырды. Экологиялық тазалықты сақтау және адам өмір сүретін ортаны түрлі ласықтардан қорғау жалғыз жарым ешкімнің де қолынан келмейді, оған милиондаған инвестиция қажет '
Әскери салада қорғаныс министірлігінің Кеңесі басқаратын әскери қорғаныс кешенін құру көзделген, сыртқы саяси қызметті реттеу сыртқы істер министірлігі Кеңесіне жүктелді. Күнделікті тұрмыстарды атқару үшін Евразиялық Одақтың мемлекетаралық атқарушы секратариаты құрылуы мүмкін, ол тұрақты негізде жүмыс істемек, оның құрамын мемлекет' басшылары айқындайтын болады. Бұл орган БҰҰ мен ОБСЕ-да бақылаушы мәртебесіне иемденуі қажет.
Атқарушы секратариаттың құрамы ақпаратты бюроға маңызды орын беруі мүмкін. Ұлттық азшылықтардың құқықтарын қорғау мен жүзеге асыру және келісілген білім саясатын қалыптастыру мақсатында білім, мәдениет және ғылым кеңесін құру келелі істердің бірі. Евразиялық Одақтың құрылуы осы Одақтың барлық мүшелері үшін жалпы қүжатпен азаматтықтбі кіргізуді, сондай-ақ экономикалық реформалардың келісілген міндетті бағдарламаларын жасайды, халықаралық валютаны қабылдауды көздейді. Біздің президенттеріміздің пікірінше, жаңа интеграциялық құрылым болуы тиіс. Еуразия Одағы шеңберінде бұл мәселелерді ойдағыдай нәтижелі шешуге болар еді.
Елбасымыздың осы жобаны ұсыну кезінде сөйлеген сөздерінің бірінде: "мемлекет басшылығында отырғандардың басты міндеттерінің бірі азаматтардың тілек-талаптарын қамтамасыз ету болуға тиіс. Олардың ТМД территориясында емін-еркін жүріп-тұруына, туыстарымен және жақындарымен еш кедергісіз қатынасып тұруына және сөз жүзінде емес, іс жүзінде қай жерде тұрғысы және жұмыс істегісі келетінін өз еркімен тандауына мүмкіндік жасау керек. Бір сөзбен айтқанда - қоғамда психологиялық комфорттық жағдай жасалуы тиіс. Мен үшін бұл саяси коньюктурадан да мемлекет басшыларының мен менсінгендерінен де немесе электортқа ықпалды болуы үшін саясатшылыр жүргізетін үздіксіз күрестен де әлдеқайда маңызды" /16/- дейді.
Көптеген саяси тұрақтандырушы факторлары туралы айтпағанның өзінде, нақ осы себептен Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Еуразия идеясын, ұсынған. Қазақстанның бұл жобаның жузеге асуына, ТМД-ның өзге де мемлекеттері, атап айтқанда ең алдымен Ресей сияқты, мүдделі болуына бірнеше себеп бар. Өйткені елімізде экономика қүрылымы қайта жасала бастады. Біз жүмыссыздыққа, халықтың әл-ауқат дәрежесінің төмендеуіне,- әлеуметтік шиеленістің арта түсуіне тап болдық. Өнім өткізетін дәстүрлі рыноктарымызды, ең алдымен Ресейдегі рынокты, толық көлемінде қалпына келтіріп, қайтадан құру арқылы - әзірше бұл көп жылдар бойғы әріптестерімізбен арада үзіліп қалған байланыстарды қайта орнату саласында ғана мүмкін болып отыр. Біз өзімізде орын алған дағдарыстың зардабын едәуір жеңілдете аламамыз деп үміттенеміз. ТМД-ның оңтүстік шебіндегі кейбір телімдерде қалыптасқан шиеленістерді ескере отырып, біз бұл жаңа одақ Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігін қамтамассыз етудің кепілі бола алар еді деп санаймыз. Еуразия одағына мүше елдердің сыртқы қауіпсіздігі дегеніміз - олардың ішкі саяси тұрақтылығының қажетті шарты. Еуразия одағына енудің міндеіті түрдегі шарты оған қатысушы елдердің бір-біріне қарсы соғыс қимылдарын тоқтатуы, экономикалық тосқауыл қоюға жөне басқа да жазалау әрекеттеріне жол бермеу болуы тиіс. Қорғаныс одағының шеңберінде этносаралық және мемлекеттің өз ішіндегі мүмкін болатын шиеленістер мен қақтығыстарға жол бермеуді алдын ала қамтамассыз ,ете алатын тиімді механизм құруға болар еді. Интеграцияның жаңа деңгейі жаңа шекаралардың әрқайсысы әр жағында қалып қойған адамдардың күнделікті көкейтесті мәселелерін шешуге мүмкіндік туғызар еді. Бір кездегі біртұтас кеңістікте адамдардың кәдімгі байланыстарын қалпына келтірудің, өмір сүрудің қолайлы жағдайларын жасаудың ешқандай жаманшылығы болмас енді деп саңаймыз.
Еуразиялық Одақ құру идеясының өзекті болатын себебі, бүкіл ТМД елдері өте ауыр жүйелі экономикалық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Тек әлеументтік-экономикалық интеграция ғана өтпелі кезеңнен шығып, қажетті саяси-экономикалық реформаларды жүзеге асырып, қалыптасқан қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Достастық елдердің өзара әкономикалық және саяси талап, шағымдарының көп болуы себепті, ТМД мүше мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығына тиімді әсер ете алмады. Еуразиялық интеграция-бұл мүмкін болатын геосаяси апаттар мен әлеуметтік-саяси шұғыл өзгерістерден кепілдік. Еуразиялқ Одақ үшін Еуропалық, араб және Латыамерикан мемлекеттерінің, АТР және басқаларының тәжірибесі үлгі болып есептеледі, Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Еуразиялық Одақ жайлы мәселелерді шынайлықпен қарайтындығын айтты: "Бірліктің арқасында фашизм жеңілген жоқ па ? 40 жылдан бері Еуропа елдері бірлесу үшін барлық жағдай жасауда, ал бізде жалпы менталитет, бір-бірімізге жақындық бар. Мені әсіресе гуманистік жағы қатты толғандырады. Бәріне шипа брлар бір ем - интеграция, қозғалыс. Сондықган. мен бұл идеяны. жалғастыра беремін" /17/-дейді Елбасымыз
Еуразиялық Одақ жобасын бастамас бұрын Н.Назарбаев Балтық жағалауы елдері, Иран, Пәкістан, Түркия, ҚХР, Киев, Мәскеуде үлкен ұйымдастыру жүмыстарын өткізді /18/. Барлық әңгімелестері интеграцияны тереңдетуді жақтайтындықтарын білдірген.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайсыбір мемлекетаралық бірлестік өзінің дамуы барысында түрлі кезеңдерді бастан өткізіп, жаңа формалармен толықтырылып отырады.
Еуразиялық Одақ құру идеясы 1994 жыл Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың ұсынысымен жарық көргеннен кейін 1994 жылы қыркүйек айында Алматы қаласында : "Еуразия кеңістігі ықпалдастық мүмкіндіктері және олардың жүзеге асуы" /19/ деген тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Оған Достастық елдерінің барлығынан мемлекет, қоғам, саяси қайраткерлері, ғалымдар, ақпарат өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар өздері қабылдаған қорытынды құжатта: Мемлекеттердің Еуразия Одағы. идеясын және басқа ықпалдастық жобаларын пайдалана отырып, ТМД ықпалдастық мүмкіндіктерін бекіте түсу жолында қадамадар жасауы ұсынылды. Демократиялық реформалардың халықаралық қозғалысы ТМД мемлекеттері басшыларының Мәскеудегі кездесуінде "Еуразия Одағы болуы керек" деген үндеу жолданды. Онда тәуелсіз мемлекеттердегі алпыстан астам ұжымдық қатысушылар атынан Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың бастамасын қолдау қажеттілігі айтылды: "Бүгін ТМД бұл қалпында өмір сүре алмайтыны анықталып отыр. Ынтымактастықтың жаңа түрлері, экономикалық, қорғаныстық, дипломатиялық, экологиялық жаңа шарттар жасауы қажет" /20/. Олардың қызметін жүргізетін бірлескен құрылымдар қүру керек. Ол ғасырлар бойы қоян-қолтық өмір сүріп, бір-біріне қолдау көрсетіп келе жатқан халықтарға қажет. Демократиялық реформалардың халықаралық қозғалысының бастамасымен ұйымдасқан "Жаңа келісімге" атты форум Еуразия Одағын құруды толығымен қолдады. 1994 жылы 18 маусымда өткен "Еуразия қауымдастығы: әр алуандықтан туындайтын тұтастық" атты конференцияға бұрынғы кеңестік кеңістіктегі 30 партия мен 60 қоғамдық қозғалыстың өкілдері қатысты. Олар халықтарға, парламенттерге, мемлекет басшыларына үндеу жолдап: "Біз Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев жасақтаған Еуразйя Одағы жобасын қолдаймыз және мемлекет басшыларын оған өз халықтары мүддесі тұрғысынан қарауға шақырымыз", /21/- деп мәлімдеді.
Енді алдағы уақытта еуразия идеясының өмір сүру жаңдайы қандай болмақ дейтін болсақ, бұл идея өлмейді, қайта нығая береді деп айта аламыз. Бұның дұрыстығын" дәлелдеу үшін мына бір жәйді айтуға болады, бүгінгі күні Достастықтың шеңберінде бірнеше мемлекетаралық интеграциялық институттар бірі құрылған, енді біреуі құрылу үстінде, ал олардың: ішінде еуропалық мемлекеттер де, азиялық мемлекеттерде бар.
Біріншіден, бұл құрылымда Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан бар. Кеденді одақ, оған Қазақстан Президенті "Б+П" деген атау берді, өйткені бұл одақ жаңа мүше қабылдауға әрқашанда ашық. Ынтымақтасу тізімінің бірінші жолына осы бірлікті жазуымызға болады. Бесеудің одағы өзінің іске әбден бейімділігін, жасампаздық мол мүмкіндігі бар ынтымақтастық институты екенін баяғыдан-ақ танытты. Мұны оны шешуге әзірлеп отырған мәселесіне қарап аңғаруға болады. Мысалы Кедендік одақтың ынтымақтастық комитетінің 2000 жылғы наурыз-сәуірінде өткен 19-мәжілісіне қатысқандар еркін сауда ережесінің қалыптасуының аяқталуымен байланысты біраз мәселелер қаралған болатын. Ал мұны осы одаққа кіріп отырған мемлекеттер үшін қаншалықты маңызды екенін түсінудің қиындығы бола қоймас деп ойлаймыз.
Сондай-ақ, шаруашылық комплекстерді өркендеті үшін де және ынтымақтастықтағы бесеудің үнемі назарында жүрген басқа да мәселелерді шешуде де одақтың маңызы аз емес. Олардың маңыздылығы мен ауқымдылығы сондай-ақ, Қазақстанның пемер-министірі болған Қасымжомарт Тоқаев "Независимая газетаның" журналисімен әңгімесінде Кедендік одақтың болашақта өзінің ерекше функциональдық атауын мұнан. гөрі әлдеқайда кең, саяси атау -Еуразия одағы атауы мүмкін екенін де еске сала кеткен. Бұған біраз саяси міндеттері қосылады.
Екіншіден, ынтымақгастық құрылымдар ішінен Орталық Азия одағын, яғни қазірде Орталық Азия экономикалық қауымдастығы аталып жүргенін еске алуға болады, оған - Қазақстан, Қырғызстан және Өзбеқстан кіреді. Үшіншіден, бір одақтас мемлекет құруды көздеген Ресей және Беларусь бірігуін, төртіншіден, ГУӨӘМ блогі, оған Грузия, Украйна, Өзбекстаң, Әзірбайжан және Молдова біріккен /22/. Осы сияқты жаңа құрылымның ішінде екенін есепке алмаған достастық мүшелері - мемлекетінің бірі мен бірі тікелей жасасқан екіжақты шарттар мен келісімдері қаншама.
Н.Назарбаев ұысынған жобада мемлекеттердің Еуразиялық Одаққа кезең-кезең боп кіруінің әбден заңды екенін және ынтымақтасу көпжақты ғана емес, сондай-ақ екі және үшжақты негізде болуы да заң әдебіне жататын алдын ала еске алайық. Онан әрі ол құжатта бұрынғы КСРО көлемінде болашақта Достастықтың негізге алатын үзірлеріне ешқадай қайшылығы жоқ, интерациялық бірнеше тоғысу топтары пайда .болуы әбден мүмкін екенін де ашық айтылған еді. Мысалы Бенилюкс сияқты ынтымақ құрылымына Белгия, Голландия және Люксомбургтің кіретіні белгілі, алайда бұл осы үш мемлекет те мүшелері боп отырған Еуропа одағына тіптен кедергі емес, сол сияқты өкілдіқ құрылымдар - ЕҚЫҮ немесе Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясына да мүше.
Осылайша кеңестік кеңістіктегі мемлекеттер Еуразиялық Одақгың "Жобалау-смета құжаттары" талап еткендей тікелей бірден емес, біртіндеп, аралық ынтымақтастық қүрылымдарын қүру жолымен салып келеді. Еураиялық Одақ жобасының авторы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз идеясын бүгінгі күннің биігінен қалай бағалайды? "Российская Федерация" газетіне берген интервюінде "Әрбір бірлесудің өміршендігі ең әуелі оның пайдалылығында болса-керек онда өркендеудің терең ойластырылған ұзақ мерзімді- алғы шарттары жинақталуы керек. Еуразиялық Одақ идеясының мәні шарасыз жалғыздықтан бірлесіп қорғану дәрежесіне өтуде, ерікті түрде, әркімнің жекеше дәл салыстырылған жасампаз мақсатында жатыр. Еуразиялық Одақ ТМД-ны ауыстырмайды. Бұлардың дәрежелері де әртүрлі. Ал мына жағдайда сөз онан гөрі жоғары бағдарланған, тарихи,. ауқымды өркениетті, геосаясатты, ғылыми-техникалық құбылыстарды есепке алып негізделген, бұл жаңа ғасырдың үрдісіне жауап.
Жалпы алғанда Еуразиялық Одақ идеясы кеңестік кеңістіктегі тарихи құбылыстың дамуының болуға тиіс көп варианттарының бірінің көрінісі деуге болады. Мен үшін осы вариант тиімді көрінеді, ал басқаларға ұнамауы мүмкін ал Еуразиялық Одақ идеясынң өнімділігі сол, ол ой-сахналарда пісуі жетіп, ғылыми және саяси рефлексиялардың қозғаушы, күшіне айналып отыр. Көптеген ұсыныстардың Достастық көлемінде іске асып жатқаны да кездейсоқ болмаса керек" /23/-дейді. Көріп отырғанымыздай өте сараң айтылған, қай тұстары туралы кезі келген күнге дейін үндемей түра тұруды авторыдың өзі біледі. Бәлкім бұл тактикалық тәсіл шығар. Кезінде ол өзінің әріптестері президентерге "Қарапайым "адамдарға қарай қарапайым он қадам" деп деп атанатын іс әрекет бағдарламасын ұсынған
Азаматтық алудың қарапайым тәртібін енгізу. Бір мемлекеттің басқа бір мемлекетте тұратын азаматына барынша ыңғайлы өмір сүру жағдайын қамтамассыз ету;
Азаматтардың аталмыш төрт мемлекеттің шекара, кеден және басқа да тексеру орындарынан еркін және тең құқылы өтуін қамтамассыз ету;
Бір мемлекет азаматының басқа мемлекет аумағында болған жағдайында жедел медициналык, көмек алуына мүмкіндік жасау;
Төрт мемлекеттің шекарасынан келісімге сәйкес көрсетілген мөлшерде шетел валютасын алып өту мүмкіндігін беру;
Азаматтардың өндірістік және коммерциялық қызметке жатпайтын жүктерін үйлестірген келісімге сәйкес бөгеліссіз өту;
"Төрттік" одаққа мүше бір. мемлекеттің басқа үш мемлекеттің газет-журналын, басқа да басылымдарын жаздырып алуға және тасмалдауын қамтамасыз етуге мүдделік жасау;
7. Төрт мемлекеттің бір-бірінің аумағына теледидар мен радио хабарын таратуға оңтайлы жағдай туғызуы;
8. Жоғары білім жөніндегі дипломды, жоғары орта және арнаулы орта оку орындарының аттестаттарын, ғылыми атақтар мен ғылыми дәрежелерді өзара мойындап қабылдау;
9. Төрттік мемлекеттерінің арасында ақша және почта айналымын жеңілдетіп жүргізу;
10. Төрттік мемлекеттерінің. ішінде шағын жөне орташа бизнеспен айналысуға мейлінше жеңілдік жасауды көздеу:
Бір қарағанда бұл өзінше мүлде дербес құжат, ал "рухы бойынша" еуразия ынтымақтасу жоспарының бір тарауы. Еуразиялық Одақ жобасына ешқандай сілтемесі болмағандықтан мақтауға сараң үкімет басшылары - Достастықтың мүшелері бағдарламаны жылы қабылдады. Сондықтан Н.Назарбаевтың айтқандарының бәрін еске алып және де сөзсіз келетін интеграция дәуірі туралы - сол бұрынғы сенімімізден айнымау керек.
Еуразия Одағы жобасында ТМД механизмдерін жетілдіру, оны бірігудің бірден-бір түрі деп қарамау керектігі айтылды. Тәжірибе көрсеткендей, ТМД елдерінің одан арғы дамуы олардың әрқайсысының ішкі мүмкіндіктерінің жетімсіздігінен тұралап отыр. Ол мүмкіндіктер бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің экономикалық ықпалдастығын жаңа нарықтық -негізінде жүзеге асырған да ғана дами алады. Мұраға қалған бірыңғай халық шаруашылығы комплексі құрылымдарын тот баса бастады. Дәурені өткен экономикалық байланыстар да өз-өзінен күйрей бастады. Сонымен бірге біздің елдеріміздің жақын және алыс келешектегі экономикалық мүдделеріне жауап беруге тиісті қалыптасқан технологиялық байланыс та бұзылды.
ТМД елдерінің бәрі де нарық экономикасына көшуге бет бұрғандықтан, бұрынғы Одақ елдері экономикасын реформалауда күш біріктіру керек деп санаймыз. Нарық реформасын ойдағыдай өткізудің маңызды кепілінің бірі ТМД елдері ұлттық заңгерлерін жетілдіру болып табылады. Осыған. байланысты шаруашылық қызметтерінің заңдық негіздерін бір-біріне жақындата ұсыныс жасалынды (Қазақстан Республикасының. тарапынан жасалынды). Өйткен олардың арасындағы айырмайіылық экономикалық ықпалдасу процесіне елеулі кедергі келтірді.
Достарыңызбен бөлісу: |