3-апта І бөлім Лексикалық тақырып: Өнертабыс және жаңашылдық Тыңдалым



бет2/3
Дата25.01.2023
өлшемі69,28 Kb.
#166335
1   2   3
Байланысты:
3 апта

Грамматикалық тақырып: Етістік шақтарының жіктелуі





ЕСІҢДЕ САҚТА:


Шақ категориясы – іс- қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. Шақтың үш түрі бар: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп келеді де, сол арқылы жақтық мағына беріледі. Жіктік жалғау шақ қосымшаларынан кейін жалғанады. Мысалы: Мен оқып отырмын (нақ осы шақ). Самат нағашысының қолында тұрады (ауыспалы келер шақ). Айша университеттен келді (жедел өткен шақ).






1-тапсырма: Төменде берілген сөйлемдердегі етістіктердің шақтарын анықтаңыз



  1. ҚР рәміздері 1992 жылы қабылданды.

  2. Төле би бала кезінен шешендігімен елге танылды.

  3. Ата-бабалардың өсиеті ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.

  4. Марат Мұқағали Мақатаевтің өлеңдер жинағын оқып отыр.

  5. Шетелде тұратын қазақтар атамекеніне оралып жатыр.

  6. Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.

  7. Сабырлы мұратына жетер.



2-тапсырма: Бағандардағы сөздерді тіркестіріп, сөз тіркесін жасаңыз

Жасанды жолмен өнертабыстар


Қатерлі орталық
Күнделікті өнертапқыштар
Жүрек ұрықтандыру
Ғылыми өмір
Қарапайым ісік
Отандық дерттері


3-тапсырма: Сөздердің орын тәртібіне сай сөйлемдерді құрастырыңыз



  • Өмірімізді/ өнертабыстар/ күнделікті/ жақсартады/ пайдалы.

  • Келеді/ қатерлі/ «Арглабин»/ онкологиялық/ қолданылып/ тәжірибеде/ ісікке/ препараты/ қарсы.

  • Сайын/ министрлігі/ байқауын/ Республикасының/ өткізеді/ жыл/ Әділет/ республикалық/ Қазақстан/ «Шапағат».



4-тапсырма: Көп нүкте орнына бұрынғы өткен шақ етістігінің жұрнағы мен қажетті жіктік жалғауын жалғаңыз

1. Мен досымнан электронды пошта арқылы хат ал... . 2. Біз сабаққа бірге кел... . 3. Жұмыс нәтижелері компьютер жадында сақтал... . 4. Ол компьютерге жаңа бағдарлама енгіз... .


5. Алғашқы компьютерлер өте үлкен бол... . 6. Дербес компьютерлер есептеуді жеңілдет... 7. Олар жүйе блогын іске қоспа... .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет