3. азаматтық Ғимараттардың негізгі элементтері және қҰрылымдық нобайлары



бет1/9
Дата21.04.2023
өлшемі100 Kb.
#175056
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
САУЛЕТ ҚҰРЫЛЫмдары 8


3. АЗАМАТТЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НОБАЙЛАРЫ.
3.1 Азаматтық ғимараттардың негізгі құрылымдық элементтері
Ғимараттың материялды негізін оның құрылымдары құрайды. Ғимаратта жер беті және жерасты бөліктері болады. Іргетастар және төлелердің қабырғалары ғимараттың жерасты бөлігін құрайды. Жер бетіндегі бөліктер – сыртқы және ішкі қабырғалар, үйдің үстіңгі жабындары, баспалдақтар, шатырлар және т.б.
Азаматтық ғимараттардың құрылымдық элементтері қызметтік арқауларына байланысты болады:

  • Алып жүретін, яғни жоғарыда жатқан құрылымдарын, жабдықтардың, жиһаздардың т.б жүктемелерін қабылдайтын.

  • Қоршайтын, яғни бөлмелерді сыртқы ортадан оқшаулайтын немесе олады бір бірінен бөлетін;

  • Алып жүретін және қоршайтын қызметтерді қатар атқаратын.

Азаматтық ғимараттардың негізгі құрылымдық элементтері келесілер
Іргетас – ғимараттың жер астындағы бөлігі, ғимараттың жоғарыда жатқан элементтерінің жүктемелерін қабылдайды және оны топыраққа беріледі.
Қабырғалар – бөлмелерді сыртқы ортадан қорғайты және бір бөлмені екіншіден бөлетін тік қоршаулар. Ғимараттың қабырғалары ішкі және сыртқы болады.
Оларды салмақты қабылдау сипаттамаларына байланысты ажыратады:
- алып жүретін өздік салмақтарынан және оларға сүйенетін құрылымдық элементтерден түскен жүктемелерін қабылдайды;
- өзіндік салмағын ғана алып жүретін:
- алып жүрмейтін, қабат шегіне байланысты өз салмағынан түсетін жүктемені және ғимараттың басқа элементтеріне оны береді.
Ішкі қабырғалар, алып жүретін. Олар ғимараттың ішкі көлемін бөлмелерге бөледі және жоғарыда құрылымдарға тіреуіш ретінде қызмет етеді.
Жабын көлденең құрылыс конструкциялы элементтер. Ғимараттың ішкі кеңістігін қабаттарға бөледі және адамдардан жиһаздан түскен жүктемелерді қабылдап оларды қабырғаларға немесе тіреуіштерге жеткізеді.
Жабындар ғимарраттарда бөлінеді:
Қабат арасындағы, ғимараттың қабаттарын бір бірінен ажырататын:
Жоғары немесе шатыр асты (егер шатырдан асты болса) жоғары қабаттардың бөлшектерін қоршайтын:
Төле үстіндегі бірінші қабатты төледен ажырататын;
Төменгі ғимараттың төлесі жоқ бөлігіндегі орналасқан топырақты бірінші қабаттан ажырату.
Қабаттар арасындағы жабындардың үстіне бөлмелердің пайдаланылымдық мезгіліне және қасиеттеріне байланысты едендер төсейді.
Шатыр ғимараттың аяққы бөлігі, жабынды сыртқы орта әсерлерінен қлрғайтын және оларды құрайтын құрылымдардан тұрады.
Құрылыс конструкциялы шешімдерге байланысты шатырлар:
Шатыр асты жоғарғы қабатты жабын мен шатырдың арасындағы бос кеңістік шатырдың асты деп аталады;
Шатыр астысыз, жоғарғы қабаттың жабынымен қиыстырылған.
Баспалдақтар қабаттарды бір бірімен байланыстырады.
Терезелер бөлмелерді желпу және жарықтандыру үшін арналған мөлдір қоршаулар.
Есіктер бөлмелер арасындағы байланыс үшін ғимаратқа кіру, шығу үшін арналған қозғалмалы қоршаулар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет