Философия пәні бойынша сырттай бөлімде оқитын студенттерге арналған емтихан тесттері



бет1/6
Дата04.01.2022
өлшемі191,5 Kb.
#109338
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Философия. Тесты для студентов всех спец. заочн.ообучения


Философия пәні бойынша сырттай бөлімде оқитын студенттерге

арналған емтихан тесттері

Философия және АДМ кафедрасының оқытушысы

Кафедра меңгерушісі Краснобаева Н.Л.


І – нұсқа
1 Дүниетаным анықтамасы

A) Қоғам туралы білімдердің жиынтығы

B) Дүниеге, адамның өмірдегі орнына деген көзқарастар жиынтығы

C) Адамгершіліктік принциптердің жүйесі

Д) Дүниені танып-білуге болатындығын білдіретін ұйғарымдар қосындысы

E) Жоғарғы болмыстың дүниені жаратқандығын мойындайтын ілім

2 Анимизмге анықтама беріңіз

А) Сенімдер мен рәсімдердің жүйелілігі, олардың негізінде адамдарға ықпал жасау мүмкіншілігіне сенім, сонымен қатар әлемді қоршайтын заттар мен құбылыстарға жаратылыстан тыс ықпал жасау, оған әртүрлі тәсілдер қолдану, дұға оқу, рәсімдер, би, т.б

В) Рухты негіздерге сену, олар заттарда немесе олардан тыс жерде орналасады

С) Әртүрлі шындық объектілерді таңдау, оларға жаратылыстан тыс қасиеттер жатады, көмектесуге, емдеуге, жауларынан қорғайды

Д) Жаратылыстан тыс байланысқа сену, адам топтарының қандай да бір жануар немесе өсімдікпен байланыстыру, тіршілік пен аң аулаушылықпен байланысы

Е) Бір бастауға сенушілік, барлығында анықтаушы фактор, ол дүниені және дүниедегі барлық заттарды өзіне бағындырады

3 Философия –

A) Қоғам туралы ғылым B) Ашылу ақиқаттарына сену C) Табиғат заңдарына жету

Д) Болмыстың мәні туралы ілім E) Аспан денелері қозғалысының теориясы

4 Тотальдық негізден азаптану және одан құтылу қай философияның орталық мәселесі?

A) Көне Үнді B) Көне Грекия C) Көне Қытай Д) Көне Иран E) Бүкіл Көне Шығыс

5 Дүниенің алғашқы бастамасы от, су, жер, ауа деп санаған Көне Үнділік ортодоксалды емес мектеп

А) Буддизм В) Йога С) Вайшешика Д) Веданта Е) Чарвака-локаята

6 Адамды сүю идеясын ұстанған бағыт

А) Даосизм В) Конфуцизм С) Легизм Д) Моизм Е) Веданта

7 Әлемнің өзіндік алуан өмірлік энергиямен толығуы туралы көне қытай ілімі:

А) Инь-ян В) Дэ С) Жэнь Д) Бес элемент Е) Увэй

8 Демокриттің пікірінше дүниедегінің барлық негізі

А) Сансыз көп атомдар В) Сансыз көп сандар С) Сансыз көп адамдар

Д) Сансыз көп оттар E) Сансыз көп құдайлар

9 Антикалық диалектиканың түрі қандай?

А) Тұрпайы В) Софистикалық С) Идеалистік Д) Натуралистік Е) Эклектикалық

10 Логикалық қателіктерді табу арқылы ғана теріске шығаруға болатын апориялардың авторы кім?

A) Эмпедокл B) Зенон C) Ксенофан Д) Парменид E) Платон

11 Теология не жайындағы ілім?

A) Логос туралы ілім B) Таным туралы ілім C) Құдай туралы ілім

Д) Адам туралы ілім E) Табиғат туралы ілім

12 Номинализм мен реализм арасындағы күрес немен байланысты?

А) Универсалийлер мәселесімен

В) Материалдық және рухани субстанциялардың арақатынасымен

С) Жақсы мен жаманның арақатынасымен

Д) Философия мен теологияның арақатынасымен

Е) Дін мен білімнің арақатынасымен

13 Ф.Аквинскийдің 5 рационалды дәйегіне жатпайтын құдай болмысының дәйегін таңдаңыз:

A) Әлемдегі барлық тіршілік атауы қандай да бір деңгейде тұтастыққа ие, ал негізгі мақсат – Құдай;

B) Әлемдегі барлығының себебі бар, ал бірінші себеп - Құдай

C) Адам тәні мен жанының бірігуі – бұл ғажап, себеп бұған – Құдай

Д) Әлемдегі заттардың барлығы қозғалыста, ал қозғаушы күш – Құдай

E) Әлемдегі шексіз мүмкіндіктер мен кездейсоқ оқиғалар абсолюттік қажеттілікпен басқарылады, яғни Құдаймен

14 Исламдағы аскеттікті уағыздаушы ортағасырлық діни-мистикалық ілім

A) джайнизм B) перипатетизм C) пантеизм

Д) «Тазалық ағайындары» ілімі E) суфизм

15 «Арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие болған орта ғасыр мұсылмандық Шығыс ойшылы?

А) Әл-Фараби В) Әл-Кинди С) Ибн-Сина Д) Ибн-Рушд Е) Әл-Кинди

16 Ренессанстағы ойлаудың, идеологияның, мәдениеттің негізгі тенденциясы – бұл:

A) Әлемді түсінудің теоцентірліктен антропоцентрлікке көшуі

B) Антропоцентризімге қарсы күрес C) Бейбіт өмір сүруге талпыну

Д) Космоцентрлік дүние танымға оралу E) Обскурентизм

17 Пантеизм – нелердің максималды жақындасып теңестірілуі туралы ілім?

A) Ойдың және материяның B) Құдай мен табиғаттың C) Сана мен еркіңдіктің

Д) Білім мен сенімнің E) Кеңістік пен уақыттың

18 Жаңа дәуір философиясындағы эмпирикалық бағыттың (тәжірибелік-индуктивтік) өкілдері

А) И.Кант, И.Г.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Ф.Гегель В) Ф.Бэкон, Г.Гоббс, Дж.Локк

С) Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.В.Лейбниц Д) Демокрит, Эпикур, Тит Лукреций Кар

Е) Т.Браге, И.Кеплер, Н.Коперник

19 Субстанция ол «өзінен өзінің себебі» деген тұжырымның авторы, «Барух» есімді ойшыл:

A) Спиноза B) Лейбниц C) Бэкон Д) Локк E) Юм

20 И.Кант бойынша «өз-өздігіндегі заттар» әлемін тануда, әлемді бір бүтін деп ойлауға ұмтылыста пайда болатын шешуін таппас қайшылық

А) антиномия В) апория С) дилемма Д) антитезис Е) триада



21 Философия тарихында алғашқы болып категориялар жүйесін, диалектикалық логиканың принциптері мен заңдылықтарын қалыптастырушы философ

А) Р. Декарт В) Аристотель С) Г.В.Ф.Гегель Д) Г. Лейбниц E) Ж.Ж.Руссо



22 Маркстік-лениндік философиядағы материяның өмір сүру тәсілі

A) Кеңістік B) Уақыт C) Қозғалыс Д) Өзара шарттылық E) Себептік



23 Марксизм бойынша мемлекет тағдыры, тарих барысы немен анықталады?

А) Діннің дамуымен В) Моральдың дамуымен С) Экономика дамуымен

Д) Танымал тұлғалардың әсерімен Е) Идеялар дамуымен

24 Рационализм принцпі мен ақылды сынауды алға тартушы XIX ғ. философтары

A) Г.В.Ф.Гегель, Л.Фейербах B) И.Кант, И.Фихте C) А.Шопенгауэр, Ф.Ницше

Д) К.Маркс, Ф.Энгельс E) Ф.Шеллинг, И.Гердер

25 Экзистенциализмнің негізін салушы, XIX ғ. дат философы, жазушы

А) С.Кьеркегор В) Б.Спиноза С) Г-Х. Андерсен Д) В. Дильтей Е) О.Конт

26 Болмыс туралы философиялық ілім

A) гносеология B) онтология C) антропология Д) социология E) аксиология

27 Материяның философиялық түсінігі

А) материя дегеніміз – атом

В) материя – объективтік реалдылықты бейнелейтін категория

С) материя – түйсіктер комплексі

Д) материя дегеніміз зат

Е) материя дегеніміз өріс

28 Танымның формалары

A) Қарапайым және ғылыми B) Сезімдік және рационалдық

C) Теориялық және прагматикалық Д) Ақыл – ес және сезіну E) Бақылау және тәжірибе

29 Адамның өзін ойлаушы, сезуші және әрекеттенуші субъект ретінде бағалауы

A) көзқарас B) бейнелеу C) психика Д) ойлау E) өзіндік сана

30 Танымның негізі зерде деп санайтын гносеологиялық концепция қалай аталады?

A) сенсуализм B) рационализм C) эмпиризм Д) скептицизм E) агностицизм

31 Агностицизмге тән пікір

А) таным шексіз В) адам дүниені танып-біле алады С) дүниені танып-білу мүмкін емес

Д) түйсіктер жүйесінде энергияның саны сақталады

Е) дүние сезімдердің көмегі арқылы танып білінеді

32 Диалектика туралы философиялық ілім

A) Күн жүйесінің пайда болуы

B) Ғарыштың мәнгі өзгермеуі

C) Дамудың жалпылама заңдылықтары

Д) Болмыстың танымдылығы туралы

E) Кеңістіктік пен уақыттың салыстырмалылығы

33 Қарама-қарсылыктардың бірлігі мен күресі заңын айқындаушы категориялар

A) Субстанция, себептілік, өзара әрекет B) Айырмашылық, қарама-қарсылық, қайшылық

C) Терістеу, терістеуді терістеу, түсіру Д) Сапа, сан, өлшем

E) Мүмкіншілік, шындық, ықтималдық

34 Сандық пен сапалықтың диалектикалық өзара байланысын айқындайтын категория

A) Мән B) Форма C) Нақтылық Д) Құбылыс E) Өлшем

35 Бейнелеу дегеніміз

А) танымның негізі В) танымның бөлігі С) ақиқаттың негізгі компоненті

Д) материяның жалпы қасиеті Е) қызметтің негізі

36 Қозғалыстың міндетті түрде себебі бар екендігін мойындайтын концепция

А) Кондиционализм В) Конвенционализм С) Фатализм

Д) Индетерминизм Е) Детерминизм

37 Хайдеггер философиясындағы DASEIN категериясының мәні неде?

А) Табиғат болмысы В) Қазіргі болмыс, болмыстың қатысуы

С) Адам болмысында Д) Таза болмыс Е) Рухани болмыс

38 Қоғам дегеніміз не?

А) Қоғам – бұл қоғамның институттардың жиынтығы

В) Қоғам – бұл көптеген адамдар

C) Қоғам – бұл халық

Д) Қоғам – адамдардың қоғамдық қатынастары

E) Қоғам – бұл ұлттардың бірлігі

39 Әрбір қоғамдық экономикалық формацияның негізгі құрылымдық элементтерін сипаттау үшін қолданылатын тарихи материализм категориялары

А) Базис пен қондырма В) Материя және форма С) Мақсат және мүдде

Д) Қажеттілік пен кездейсоқтық E) Мазмұн мен форма

40 Мәдениеттің негізгі қызметтері

A) Реттеушілік, коммуникативтік, әлеуметтендіру

B) Танымдық, түсіндірмелік, миф туғызарлық

C) Ойындық, көңіл көтерерлік, шоу-бизнес индустриясының

Д) Экономикалық, экологиялық, энергетикалық

E) Білім беру, тәрбиелеу, спорттық, денсаулықты жөндеулік

Философия пәні бойынша сырттай бөлімде оқитын студенттерге

арналған емтихан тесттері

Философия және АДМ кафедрасының оқытушысы

Кафедра меңгерушісі Краснобаева Н.Л.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет