3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие үдерісіне ендіру жолдарын атаңыз



бет15/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Заманауи

2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие үдерісіне ендіру жолдарын атаңыз
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тəрбие үдерісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады.
Осы орайда:
- ең əуелі мектепке керегі білімді, педагогика, əдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім;
- оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам сапалы болуы;
- мектепке керегі белгіленген программа, - деген ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқамыз.
Оқу үдерісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалімнің ғылыми-əдістемелік жəне қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке əдістемелік жүйесі, оқу үдерісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үдерісі.
Оқу үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек:

  1. Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынған мəселенің жағдайын тереңдеп зерттеу

  2. Ендірілетін технологияның теориясы мен əдістемесін зерттеу

  3. Тəжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.

  4. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу бағдарламалық базаны қамтамсыз ету.

  5. Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің материалдық-техникалық базасын құру.



3. Оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызына тоқталыңыз
Оқулықтардағы негізгі интеграция, олардағы пəнаралық байланыс. Туыстас пəндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 жылы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді.
Оқу үдерісінде пəнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді жəне қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.
Бірақ пəнаралық байланыс толық интеграция емес, оқу үдерісіндегі интеграция оқу үдерісіндегі ерекше жүйе, яғни жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тəжірибесімен байланыстырудағы құралдардың бірі – пəнаралық байланыстар. Пəнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мəселенің бірі ретінде де қарастырылды. Зерттеулердің нəтижесіне сəйкес пəнаралық байланыстар оқытудың қағидасы жəне білім берудегі міндетті элементі ретінде де айқындалады. (В. Краевский, И. Лернер, А. Байсенбаева И. Зверев, В. Максимов жəне т.б.).
Сондай-ақ пəнаралық байланыстар жастарды тəрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едəуір мəнге ие. Еңбекке баулу мен ғылым негізінде пəнаралық байланысы мектеп оқушыларының белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында, объективті ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едəуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық əрекетінің бірлікті жүзеге асуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəні мен ғылым негіздері пəндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. Бұл функция еңбек үдерістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру – экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет