3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты



бет13/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Заманауи

Сұрақтар/тапсырма 25

  1. Проблемалық оқыту технологиясына сипаттама беріңіз

Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу.
Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

  1. Интербелсенді оқыту технологиясын сипаттаңыз

Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
Интербелсенді оқыту – бұл танымдық əрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған жəне мақсатын алдынала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интербелсенді оқытудың мəнісі сыныптағы барлық оқушы таным үдерісімен қамтылады, олар өздерінің білетін жəне ойлайтын нəрселері арқылы түсінуге жəне қарсы əсер етуге мүмкіндік алады. Таным үдерісінде, оқу материалын игеруде оқушылардың біріккен əрекеттері мынаны білдіреді: əр оқушы өзіне тəн ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, əрекет ету тəсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үдеріс өзара қолдау жəне қайырымдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық үдерістің өзін дамытады, оны əлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дəрежесіне көтереді.
Бүгінгі күні əдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары – «үлкен шеңбер», «аквариум», «миға шабуыл» (мозговой штурм), «дебаттар». Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тəжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мəселе толығымен талқыланатын болса ғана, интербелсенді оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Талқыланатын мəселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мəселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет