Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті
Тақырыбы: Оқыту,білім беру және дамытудың өзара байланысы
Орындаған: Пәзілбек А.Б
Мамандық: БОПӘ(ПМНО)205-1
Тексерген:Байназарова Т.Б
Аламаты 2021ж
Оқыту,білім беру және дамытудың өзара байланысы. Маслоу приамидасы.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесігнде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады. Оқыту іс-әрекеті шешуші рөл атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуге жауапкершілік сезімі артады.
Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестеріне байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады. Оқытуды іске асыру адам баласын белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды жақсы ұйымдастыруға болмайды.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі. Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Оқыту – білім беру жүйесіндегі аса маңызды іс-әрекет. Оқыту процесіне білім алу, дағдылар, тәсілдер, ұстанымдар, көзқарастар және мінез-құлықты қалыптастыру мен оларды жетілдіру жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |