№10 Тәжірибелік жұмыс. Әлеуметтік дискустағы білім беру



Дата14.12.2021
өлшемі0,67 Mb.
#126547
Байланысты:
№10 пр әлеуметтану
magisterskie dissertacii, Философия пәнінен дәріс тезистері 2022г, Философия пәнінен дәріс тезистері 2022г, №12 срсп физ хим Төленді Рамазан эко20-11, №11 срсп физ хим Әлжапарқызы Инабат эко20-11, №11 срсп физ хим Әлжапарқызы Инабат эко20-11, №11 срсп физ хим Әлжапарқызы Инабат эко20-11, №11 срсп физ хим Әлжапарқызы Инабат эко20-11, №11 срсп физ хим Әлжапарқызы Инабат эко20-11, №11 срсп физ хим Әлжапарқызы Инабат эко20-11

№10 Тәжірибелік жұмыс. Әлеуметтік дискустағы білім беру.


Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім – бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.

Білім беру ол оқу процесі жəне осы мағынада қатысушылардың жаңа білімдерді игеруі. Білім берудің əр түрлі мақсаттары мен міндеттері болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі əлемде, көбінесе, білім беру жүйесі туралы сөз қозғалады. Кəсіби білім берудің нақты іске немесе кəсіпке үйрету ретінде ежелгі тарихы бар. Сондықтан, кəсіби білім беру белгілі бір қолөнерге немесе мамандыққа оқыту болып табылады. Білім беру мен оқыту түсініктері арасында сондай ерекше айырмашылық жоқ, бірақ білім  беру түсінігі көлемі бойынша оқыту түсінігіне қарағанда ауқымдырақ. «Үйрету» түсінігі қолданбалы сипаттағы белгілі бір нақты білімді игеруге бағытталған нақты мағынаға ие. Мысалы, бастапқы кəсіптік білім беру жүйесіне қатысушыларды слесарь, машинист, тігінші, электрик, оператор кəсіптеріне үйрету. Білім беру пайда болғанынан бастап, адамзаттың əлеуметтік құндылығына айналды. Ол қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Толық мағынада, білім берудің əлеуметтік институт ретіндегі пайда болуынан бастап қоғамның өзінің дамуы, оның экономикалық, əлеуметтік жəне рухани прогрестері білім беру деңгейіне тəуелді болып қалды. Білім интенсивті  түрде дамып жатқан мемлекеттерде мектептер мен басқа да білім орталықтары пайда болып, халықтың сауаттылығы артып, өзінің дамуының қарқынын жоғарылатуда.

Мысал ретінде Ежелгі Греция, Рим, Византия, Персия, Египет, Қытай, Үнді елдерін айтуға болады. Бұл елдерде білім беру жоғары қарқынға ие болып, аталған елдер сол дəуірлерде əлемнің басқа елдерімен салыстырғанда алға жылжып, жоғары дамыған болып табылды.

Əлемнің қазіргі дамыған елдері білімнің арқасында жоғары технологиялық жəне экономикалық дамуға қол жеткізген. Өз уақытында, XVIII ғасырдың басында Англия елі философы Ф. Бэконның “Білім — күш” принципі арқасында ілгері жылжыды. Бұл принцип барлық Еуропа елдерінің бұдан арғы саясаты мен идеологиясына негіз болды.

Сциентикалық бағыт ғылым мен білімнің қоғамдағы мəнін оларды қоғамдағы алғашқы құндылық ретінде анықтай отырып абсолюттендіреді. Бұл тұжырымдарда шындық бар, жоғарыда айтылғандай, ғылым мен білімнің арқасында Еуропа барлық елдерден үстем болып шықты. Бірақ, бұл принципте үстемелеу, яғни білім беру мен ғылымның ролін абсолюттендіру бар. Адамзаттық қоғамда, білім мен ғылымнан басқа, адамгершілік, дін, философия, саясат жəне құқық, мəдениеттің алар орындары ерекше. Білім беру  мен ғылым адамзаттың тұрмыстық формаларымен өзара əрекеттесіп, олардың өздеріне əсерлерін сезініп, оларға өздері де əсер етеді. Сонымен бірге, білім көрсетілген формаларға əсер етіп қана қоймай, əлеуметтік мобильділік пен қоғамның əлеуметтік құрылымына да əсер етіп, жеке, күрделі, автономды жүйе болып қала береді.

Білімді социология ғылымында қарастыру ерекшелігіне көшсек, социология білімді əлеуметтік институт ретінде қарастырады. Əлеуметтік институт — бұл өздерінің нормалары мен ережелері бар, белгілі бір қызметтер атқаратын, қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы əлеуметтік қатынастарды реттеп отыратын институционалдық мекемелер немесе ассоциациялар (ұйымдар). С.С. Фроловтың айтуы бойынша, «əлеуметтік институт — бұл мəнді қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын байланыстар мен əлеуметтік нормалардың ұйымдастырылған жүйесі»

Осылайша, социологияда əлеуметтік институт түсінігіне көптеген анықтамалар беріледі, сөйтсе де олар мазмұндары бойынша жақын. Егер де əлеуметтік институттардың маңызды жақтарын айтатын болсақ, онда келесілерді көрсетуге болады:

Норма мен статус енгізілген еркін жүйе;

əдет, дəстүр, іс-əрекет, жүріс-тұрыс ережелер жиынтығы;

ресми жəне ресми емес ұйымдар;

қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеп отыратын нормалар мен мекемелер жиынтығы;

  • əлеуметтік іс-əрекеттер кешені

Білім — ол əлеуметтік институт, өйткені ол өзінің тұрақты құрылымы, статусы, нормасы, ережесі, символдары бар, автономды түрде əрекет етеді. Əлеуметтік институтқа тəн, басқа да белгілері бар. «Білім беруге байланысты адамдар əрекеттерін реттеуші жəне ұйымдастырушы нормалар жиынтығы білім берудің əлеуметтік институтт болып табылатынына куəлік етеді». Ең алдымен, білім беру институциаландырылған, заңмен бекітіліп, мемлекет пен қоғаммен мойындалған.

Білім əлеуметтік институт ретінде келесі құрылымнан тұрады:

Білім беруді басқару органдары;

білім беру мекемелер тобы (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, кəсіптік мектептер, университеттер мен академиялар т.б.);

шығармашылық одақтар, кəсіптік ассоциациялар, қоғамдар, ғылыми жəне методологиялық кеңестер мен басқа да бірлестіктер;

оқытушылар мен білім алушылар үшін шығарылған оқулықтар мен əдістемелік оқулықтар;

білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік стандарттары;

журналдар мен жылдық басылымдарды енгізетін кезеңдік басылымдар;


  • білім беру мекемелері əлеуметтік жəне заңдық статусқа ие, өзінің жарғысы жəне басқа да құжаттары болады. Олар ғимараттарда орналасады, жер көлемі болады, материалдық құндылықтары мен қаржыларға ие.

Білім беру субъектілері мыналар: 1) білім алушылар, 2) мұғалімдер. Сонымен бірге, білім беру субъектілері мыналар бола алады: білім беру мекемелері (ұйымдар) — ішінде əлеуметтік қатынастар, нормалар, ережелер орын алатын кəсіптік белгілері бойынша біріккен адамдар топтары.

Білімнің кез келген деңгейде екі негізгі қызметі бар. Олар: 1) білім беру; 2) əлеуметтендіру, тəрбиелеу.

В.И. Добреньков жəне А.И. Кравченко білім берудің бірнеше қызметтерін бөліп көрсетеді:

Бір ұрпақтан екінші ұрпаққа білімді беру жəне мəдениетті тарату;

қоғам мəдениетін сақтау жəне жетілдіру;

тұлғаның əлеуметтенуі, əсіресе, жастардың жəне олардың қоғамда интеграциялануы;

тұлғаның статусының анықталуы;

əлеуметтік таңдау (селекция) қоғам мүшелерін дифференциациялау, бірінші кезекте жастарды, оның нəтижесінде қоғамның əлеуметтік құрылымы қайта өндіріледі жəне өзгереді, индивидуальды мобильділік;

жастарды кəсіби бағыттауды жəне кəсіби таңдауды қамтамасыз ету;

сатылы үзіліссіз білім беру үшін білім базаларын құру;

əлеуметтік-мəдени новация, жаңа идеялар мен теорияларды, жаңалықтарды өңдеу жəне құру;

əлеуметтік бақылау



Қазіргі білім беру жүйелері ғылымға, ғылыми жетістіктерге негізделген жəне өзіндік күрделі əлеуметтік құбылыс болып табылады. Білім беру жүйелері ұлттық, аймақтық, континенталдық, жаһандық жəне əлемдік болуы мүмкін. Қазіргі білім беру жүйесі ұлттық-мемлекеттік, аймақтық болып бөлінеді. Əзірге əлемдік білім беру жүйесі жоқ, бірақ оған көптеген əлем елдері ұмтылуда. КСРО-дағы білім беру жүйесі аймақтық болып табылады. Кеңестік білім беру жүйесі немістік білім беру жүйесімен байланысты. Қазіргі əлемде англосаксондық, американдық білім беру жүйесі кеңінен таралған. Білім берудің еуропалық жүйесі де кеңінен таралып, дамыған өзгермелі жүйе болып табылады. Жапония, Қытай, Корея (оңтүстік) сияқты Азия елдерінде өзіндік ұлттық білім беру жүйесі бар. Олардың барлығы ұлттық білім беру жүйесі ретінде сипатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет