Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы
Кулагино орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Бахтиярова Арайгул Жомартовна
Тақырыбы : «Отбасы тәрбиесі арқылы оқушыларды адамзаттық және ұлттық құндылықтарды білуге тәрбиелеу»
Бағдарламалық үлгіні құрастырған математика пәні мұғалімі
Бахтиярова Арайгүл
2015 жыл
Мақсаты: Бүгінгі таңда Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері өткен тарихын, ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтарын зерттеп, саралап жинауға, оны кейінгі ұрпаққа бұзбай сақтап қалдыруға қол жеткізді. Өзіміздің тілімізді, тарихымызды яғни, ұлттық құндылықтарымызды білуге қанша тырысып, талпынсақ та қолдан келер шама болмады.Ал бүгінгі күнде ұрпағымыздың сана-сезімін ұлттық, қазақи ерекшеліктерімен толық қаматамасыз етуге оны олардың бойына сіңіруге ғалымдарымыз үлкен еңбек етуде. Бұрынғы тарихымыздың салт- дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды қайта жаңғыртып, күнделікті өмірде қолданудамыз. Ұлттық құндылық –ұлт болып қалыптасудың негізгі кепілі.Ұлттық құндылықты сақтау арқылы халық ұлт болып қалыптасып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді. Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда алғанда, республикамыздың оқу-тәрбие мекемелерінде белгілі деңгейде әр түрлі шаралар жүргізілуде. Қазақстан тарихы мектептерде, орта арнаулы және жоғары білім беру мекемелерінде оқытылуда, тарихтың жарқын беттері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда, қаһармандарымыздың есімдері ұлықталып, олардың аттары елді мекендерге, көшелерге, мектептерге, түрлі мекемелерге берілуде. Патриоттық сезім отбасынан басталады. Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар тәрбиесінің ролін түсірді.
Түсінік хат
Кезінде қазақтың біртуар азаматы, қаһараман батыры Бауыржан Момышұлы өзінің үш қорқынышын ортаға салып, болашаққа байланысты үрейлерін ақтарып былай деген екен:
«Біріншіден, сәбиіне «Бесік жырын» айтып бере алмайтын аналардың көбейіп бара жатқанынан қорқамын; екіншіден, немерелеріне ана тілінде ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын; үшіншіден, салт-дәстүрлерді қадірлемейтін жас ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын, олардың көкірек көзі соқыр көр бола ма деп қорқамын.
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен,қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
Қорытынды
Күтілетін нәтиже:
Біздің балаларымыз өте жақсы аталар мен аналар болып өсулері керек. Бірақ бұл аз. Біздің бабаларымыз « Дұрыс тәрбиелеу - біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу бұл біздің болашақ көз жасымыз бен сорымыз, біздің басқа адамдар алдындағы, Отан алдындағы айыбымыз» - деген болатын. Ата-аналар өз балаларын дұрыс тәрбиелесе, өзін бақытты кәрілікпен қамтамасыз етеді. Егер ата-ана бала тәрбиелеу жұмысына көңіл бөлмей, немқұрайды қарайтын болса, кәрілігі қайғы мен сордың құрсауында қалады. Демек, бала тәрбиесі адам алдындағы ең күрделі де ардақты жұмыс. Бірақ ата-аналар балаларын тек өздерінің ата-аналық мерейі үшін тәрбиелеп қана қоймайтындығын үнемі есте ұстауы қажет.
Тәрбиенің алғашқы бастамасы отбасынан басталады. Ата-ананың баламен жасайтын қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар. Әсіресе, отбасындағы ата мен ананың өзара қатынасы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Мәдениетті отбасындағы ерлі-зайыпты кісілердің бір-біріне айтқан игі ниеті, кішіпейілділігі, отбасы қажеттілігінен туындаған мәселелерді ақылдаса отырып шешуі бала мінезіне жағымды әсер етеді.
Бала тез еліктегіш. Иланғыш болғандықтан, жаман қылықтарды да тез үйренеді. Отбасындағы ерлі-зайыптылар отбасындағы жарамсыз сөздердің, қатынастардың бала тәрбиесіне үлкен нұқсан келтіретіндігін айтпай кетуге болмайды.
Отбасы жағдайында балаларды әкесі мен шешесі ғана тәрбиелеп қоймайды, сонымен қатар отбасының басқа мүшелері де тәрбиелейді. Соның үшін барлық отбасы мүшелерінің балаға қоятын талабы алдын ала ойластырылып алынғаны жөн. Егер әкесі баладан бір жұмысты талап етсе, ал шешесі оны қуаттамаса, балада әке-шешесіне жалған қатынас пайда болады. Баланың мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына және оларды тәрбиелеуге ата-ананың басқа кісілермен қарым-қатынасы да күшті әсер етеді. Соның үшін ата-ана өзінің айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек.
Әрбір ата-ана өз баласының мінез ерекшеліктерін тәрбиелеумен бірге басқа кісілердің балаларындағы жарамсыз қылықтарды сезе қалған жағдайда, оларға да өз баласындай көңіл аударып жәрдем бергендері жөн.
Сонда ғана біздің еліміздің ұл-қыздары – нағыз тәрбиелі, Отан қорғайтын, ата-анасын сыйлайтын жандардың болатынына сенемін.
7 сынып оқушыларына «Отбасы» тәрбиесіне арналған
34 сынып сағатының жоспары
Р/с
|
Тақырыбы
|
Түрі
|
Жауапты
|
1
|
Бала тәрбиесі-баршаға ортақ
|
Баяндама
|
Бахтиярова А
|
2
|
Ата –ананың борышы: бүгін және болашақ
|
Баяндама
|
Бахтиярова А
|
3
|
Бала тәрбиесі- баршаға ортақ
|
Баяндама
|
Бахтиярова А
|
4
|
Мен және менің жанұям
|
Саяхат сабақ
|
Бахтиярова А
|
5
|
Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы
|
Сынып сағаты
|
Бахтиярова А
|
6
|
Қызым –қызғалдағым, ұлым ізгі арманым!
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
7
|
Ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі
|
Баяндама
|
Бахтиярова А
|
8
|
Отбасы –тәрбие іргетасы
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
9
|
Отбасы –тәрбие бастауы
|
Сынып сағаты
|
Бахтиярова А
|
10
|
Ата –ананың қарызын, өтеу-сенің парызың
|
Ойбөліс
|
Бахтиярова А
|
11
|
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
12
|
Алғашқы ұстаз ата-ана
|
Баяндама
|
Бахтиярова А
|
13
|
Отбасындағы әлеуметтік мәселелер
|
Баяндама
|
Бахтиярова А
|
14
|
Ибалы ұл, инабатты қыз елдің көркі
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
15
|
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
|
Ойбөліс
|
Бахтиярова А
|
16
|
Тәрбие басы-отбасы
|
Сынып сағаты
|
Бахтиярова А
|
17
|
Жанұя-тәрбие мектебі
|
Сынып сағаты
|
Бахтиярова А
|
18
|
Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей
|
Баяндама
|
Бахтиярова А
|
19
|
Отбасы-тіршіліктің тірегі
|
Сынып сағаты
|
Бахтиярова А
|
20
|
Әке –алтын діңгек
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
21
|
Ана-өмірдің шуағы
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
22
|
Адамгершілік және инабаттылық
|
Имандылық сағаты
|
Бахтиярова А
|
23
|
Иманды ұрпақ –салауатты болашақ
|
Ойбөліс
|
Бахтиярова А
|
24
|
Айналайын-анашым
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
25
|
Ата-ананы қадірлеу парыз
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
26
|
Жақсы қыз –ата-ана мақтанышы
|
Баяндама
|
Бахтиярова А
|
27
|
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
|
Сынып сағаты
|
Бахтиярова А
|
28
|
Әке-асқар тау
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
29
|
Ана-өмір шуағы
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
30
|
Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы
|
Баяндама
|
Бахтиярова А
|
31
|
Әдептілік-әдемілік
|
Сынып сағаты
|
Бахтиярова А
|
32
|
Әдептен озбайық
|
Тәрбие сағаты
|
Бахтиярова А
|
33
|
Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
|
Әңгімелесу
|
Бахтиярова А
|
34
|
Қыздары тәрбиесіз елдің іргесінен ырыс кетеді, тұнығы лайланады
|
ойбөлісу
|
Бахтиярова А
|
Достарыңызбен бөлісу: |