Ұйымдастырылған оқу әрекетінің картасы №1 Күні:26.10.2021 Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Атауы
2-3 жастағы балалар
Мақсаты/
Ертегі мазмұнымен таныстыру.
Міндеттері
1. Ертегі мазмұнын түсінуге көмектесу;
2. Ертегі кейіпкерлерінің бір-біріне айтқан сөздерін айтқызу арқылы сөздік қорларын байыту;
3. Еңбекқорлыққа баулу
Күтілетін нәтижелер
Біледі: Ертегінің кейіпкерлерін;
Игереді: Ертегі мазмұнын түсінеді;
Меңгереді: Ертегінің мәнін, бірі- біріне көмек көрсету арқылы ғана мақсатқа жетуге болатынын түсінеді;
I. Жұмыс істеуге жағымды көңіл күй қалыптастыру 0 – 1 минут II. Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсатты тұжырымдау. 2 – 3 минут III. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс – 10 минут
1.Шаттық шеңбер.
2.Қонаққа қуыршақ әже келеді. Балалармен амандасады. Әже сіздің келгеңігізге өте қуаныштымыз.
Әже: -Балалар сендер ертегілерді көп білесіндер ме?
- Балалар ертегілерді естеріңе түсіріңдерші, олар қалай басталушы еді? (Білгендерін айтады)
- «Ерте ерте ерте екен, ешкі жүні бөрте екен» деп басталады
Олай болса мен сендерге бүгін бір тамаша ертегіні айтып беремін сендер мұқият отырып тындандар.
ІІ. Ертегінін атын атау «Шалқан», кейіпкерлерді атап таныстыру - ата, әже, немересі, ит, мысық және тышқан .
2) ертегіні мазмұндау. Фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру.
-Ерте, ерте, ертеде ата мен әже өмір сүріпті. Бір күні ата барып шалқанды тартады, тартады, бірақ тарта алмайды. Ол кемпірді көмекке шақырады.
1 кемпір де тартады, тартады бірақ тарта алмайды ол немересін шақырады.
2 немересі көмекке келеді, тартады, тартады бірақ тарта алмайды, сөйтіп көмекке итті шақырады.
3 ит мысықты,
4 мысық тышқанды,
Тек тышқан көмеккке келгенде шалқанды тартып алады.
Сергіту сәті Ойын: «Мен бастаймын, сен аяқта» Мақсаты: Ертегі мазмұнын біреуі бастап, екіншісі қостап айтып беру керек.
Өлең шумақтарына қосылып қимыл - қозғалысын жасайды.
Балалардың жауабы
- «Ерте ерте ерте екен, ешкі жүні бөрте екен» деп басталады
Ертегіні мұқият тыңдайды, сұрақтары болса қояды
Ертегіні мазмұндайды
Қорытынды
ҰОҚ-нің соңы Рефлексия 10-12 минут
-Не өттік?
-сабақ ұнады ма?
-несімен?
-Ертегіге қандай кейіпкерлер қатынасты?
Ерекше көзге түскен балаларды атау.