Бастауыш мектеп (1-4 сыныптар)
|
Негізгі мектеп (5-9 сыныптар)
|
Толық орта мектеп (10-11 сыныптар)
|
Дүниетану
|
Қазақстан тарихы
|
Дүниежүзі тарихы
|
Қазақстан тарихы
|
Дүниежүзі тарихы
|
Спиральді принциптерге сүйене отырып қарастырсақ, бастауыш сынып оқушыларына жалпы тарих туралы қысқаша мағлұмат беріледі. Мысалы: Дүниетану сабағында «сақ» туралы қысқаша тайпа болғаны, оның Қазақстан жерін мекендегені туралы ғана айтылады
|
Бұл буынның оқушылары Қазақстан тарихынан бастауышта алған білімдерін толықтырады. Оңайдан қиынға көшу процесі басталады. Себебі, оқушылардың білім деңгейі өседі. Мысалға: Сақтардың бөлінгені, атаулары, нақты мекендеген жерлері. Тарихи жәдігерлері туралы айтылады.
|
Бұл сабақта ежелгі дүние жүзінде болған оқиға, құбылыстар қарастырылады. Сатылап бүгінге дейінгі болған оқиғалармен сабақтасады. Бір тақырыпқа бірнеше сағат бөлінеді. Сабақтың тақырыбын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
|
10-11 сыныптарда 5-9 сыныптарда тақырыптарды күрделірек, мазмұны жағынан тереңірек етіп оқытылады. Балалардың білім децгейі де, жас ерекшелігі де ескеріліп берілген тақырыптар. Осы сыныптарда Қазақстан тарихынан алған білімдері толық жинақталып қортындыланады.
|
Мемлекеттік құрылымның тарихынан бастап,бүгінгі күнге дейінгі саяси жүйесі, жүргңзген реформалар туралы мәлімет беріледі. Антикалық дәуірден бастап, қоғамдық ой қалдырған, мемлекет өмірінде елеулі із қалдырған басшылар туралы ақпарат аламыз. Осы арқылы деңгейге байланысты тақырыптар да күрделеніп отырады.
|
Тарихтың негізгі тақырыптары қамтылады. Оқушыларда түсінік қалыптастырылады.
|
Яғни, ежелгі Қазақстан жеріндегі тас дәуірлерден бастап, бүгінгі күнге дейінгі болған оқиғаларды спиральды принцип бойынша, тарихи хронология бойынша оқытылып, білімі тереңдетіледі.
|
Әлемнің тарихын біле тұра,ел болып қалыптасуына дейінгі кезеңдерді түсініп, ұғына аламыз. Бұл спиральды принцип бойынша бастау алған нүктесінен, соңына дейін жету.
|
Өткен тақырыптарды толықтырулар арқылы ауқымды түрде қарастырады.Спиральды принцип бойынша әр тақырып келесі тақырыппен тығыз байланыста болады.
|
Бұл тақырыптар баланың деңгейіне байланысты күрделі. Жаңа терминдер, саясат туралы ой қалыптасады.
|
Бастауыш сынып оқушыларын орта буынға келгенде тарих пәнінен хабарсыз болмас үшін тарихтың әр кезеңдеріне тоқталып өтеді.
|
Әр сыныптың тақырыптары бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстанның өткенін білмей, болашаққа қадам басу қиынға соғады.
|
Әлемнің көптеген жерлерінде тарихтан із қалдырған небір жәдігерлер бар солардың тарихын, танытады. Мысалға пирамидалар.
|
10 сыныпта Қазақстан тарихы пәні 5-9 сынып тақырыптарын толыққанды шолу жасаса.11 сыныпта сол тақырыптарды қортындылайды.
|
Өзге де елдердің білімді тұлғаларын тану арқылы оқушылар болашаққа бағдар алады. Яғни, жоғары оқу орындарында алған білімдерін күрделендіреді деп ойлаймын
|