1 сұрақ: «Инновация» ұғымының мәнін анықтаңыз



Дата26.12.2021
өлшемі23,23 Kb.
#105575
Байланысты:
1 билет
Практикалық сабақ 2 дшы, sabaq-kz attachment mzh.-nyutonny-birinshi-zay-inerciyaly-sana-zhyeleri (1), Сәпиев, Серік Жұманғалиұлы – Уикипедия, Лекция11, Электр тогы ББЖБ

Билет № 1

1 сұрақ: «Инновация» ұғымының мәнін анықтаңыз

2 сұрақ: Ақпараттық оқыту технологиясы ұғымы, мақсаты, міндеттерін айтыңыз

Билет 1

1 сұрақ: «Инновация» ұғымының мәнін анықтаңыз

1. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.


«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған əртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып
табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» – дейді. Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорнына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа»,«жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.«Инновация» деген сөз – латынның «novis» жаңалық жəне «іп» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген.Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған. Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тəріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси əдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде,
ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н. Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде, технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке- дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын). «Инновация» сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең жəнеанық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

2 сұрақ: Ақпараттық оқыту технологиясы ұғымы, мақсаты, міндеттерін айтыңыз

2. Əлемдегі технологиялық даму тұрақты технологиялық жаңару есебінен қоғамның дамуы деп түсіндіріледі. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам оның мүшелерінің ақпараттық технологияларды қолдануға дайын болуларын талап етеді.

Білім мен техниканың дамуымен жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, орасан зор оқыту ресурстары бар электрондық, ақпараттық. Сол кезде пайда болатын сапалық өзгерістер үйреншікті оқыту процесі дəстүрлі əдістемелермен, оқыту құралдарымен жəне сонымен бірге оқытушының жеке қабілеттерімен шектелмейтінін көрсетеді. Жаңа техникалық, ақпараттық, полиграфиялық, аудиовизуалды құралдар пайда болып жатыр. Ол құралдардың білім беру процесіне белгілі бір өзгешеліктерді енгізе отырып, сол процестің ажыратылмайтын компоненттері болатын өзіндік əдістемелері бар.

Ақпараттық технологиялар орасан зор дидактикалық потенциалға ие. Оқушы тек педагогикалық процестің субъектісі қана болып қоймай, өзінің мүмкіндіктеріне сай өз бетімен жəне шығармашылық түрде қоршаған дүниемен гуманитарлық жəне ғылыми қатынастың есептерін тауып жəне оларды шешіп, қорытынды жасап жəне керекті түсініктемелерді бере алатын зерттеуші болады.

Білім берудің ақпараттық технологиялары – бұл ең алдымен ақпаратты жіберу процесін оңтайлы ету жолымен білім беру мақсаттарына жету əдістері. В.А.Извозчиков ақпараттық технологияны мəліметтерді жіберу, тарату, машиналық (ЭЕМ-ның көмегімен) өңдеу, информатиканың есептеуіш жəне программалық құралдарын құрудың технологиясы деп анықтайды. В.Ф.Шолоховичтің айтуынша, бұл терминнің кең мағынасы: «Ақпараттық технология деп ақпаратты ұйымдастыру, өңдеу, сақтау, жіберу, жинау жəне ұсыну əдістері мен техникалық құралдардың жиынтығы түсіндіріледі» [1].

«Ақпараттық технологиялар» ұғымына ақпаратты өңдеу əдістері, ұйымдастыру-басқару тұжырымдары жəне оқу-тəрбие процесін жүргізу тəсілдері, əр түрлі ақпараттық техниканың жиынтығы кіреді. Ақпараттық технологиялардың құралдары (АТҚ) деп И.В.Роберт микропроцессорлық, есептеуіш техниканың негізінде жұмыс істейтін аппараттық құралдар мен құрылғыларды, сонымен қатар ақпараттық алмастырудың қазіргі заманғы жүйелері мен құралдары деп айтады.

Ақпараттық технологияларды екі жақтан қарастыруға болады: техникалық жəне педагогикалық көзқараспен. Техникалық сипаттамасына келсек, ақпараттық технологияларға жататындар: ЭЕМ, ДЭЕМ, барлық класты ЭЕМ үшін терминалды жабдықтар, жергілікті есептеуіш желілер, ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары, мəтіндік жəне графикалық ақпаратты манипуляциялау құралдары жəне қазіргі ЭЕМ-нің т.б. периферийлік жабдықтары; мəліметтерді графикалық немесе дыбыстық түрінен цифрлік түріне түрлендіру құралдары; аудиовизуалды ақпаратты басқару құралдары мен құрылғылары; қазіргі байланыс құралдары; жасанды интеллект жүйелері; программалық кешендер (программалау тілдері, трансляторлар, компилляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы программалар пакеті жəне т.с.с.) жəне т.б. Ақпараттық технологияларлың құралдарына оқу-əдістемелік, нормативті-техникалық жəне ұйымдастыру материалдарымен (АТҚ-ның педагогикалық мақсатта қолданылуын қамтамасыз ететін) қатар білім беруді ақпараттандыру құралдары жатады. Ал педагогикалық көзқараспен ақпараттық технологиялар мəліметтерді өңдеудің жаңа құралдары мен əдістерінің қолданылуымен ұйымдастырылатын дидактикалық процесс деп түсіндіріледі.

Əлемдегі технологиялық даму тұрақты технологиялық жаңару есебінен қоғамның дамуы деп түсіндіріледі. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам оның мүшелерінің ақпараттық технологияларды қолдануға дайын болуларын талап етеді.

Білім мен техниканың дамуымен жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, орасан зор оқыту ресурстары бар электрондық, ақпараттық. Сол кезде пайда болатын сапалық өзгерістер үйреншікті оқыту процесі дəстүрлі əдістемелермен, оқыту құралдарымен жəне сонымен бірге оқытушының жеке қабілеттерімен шектелмейтінін көрсетеді. Жаңа техникалық, ақпараттық, полиграфиялық, аудиовизуалды құралдар пайда болып жатыр. Ол құралдардың білім беру процесіне белгілі бір өзгешеліктерді енгізе отырып, сол процестің ажыратылмайтын компоненттері болатын өзіндік əдістемелері бар.



Ақпараттық технологиялар орасан зор дидактикалық потенциалға ие. Оқушы тек педагогикалық процестің субъектісі қана болып қоймай, өзінің мүмкіндіктеріне сай өз бетімен жəне шығармашылық түрде қоршаған дүниемен гуманитарлық жəне ғылыми қатынастың есептерін тауып жəне оларды шешіп, қорытынды жасап жəне керекті түсініктемелерді бере алатын зерттеуші болады.

Білім берудің ақпараттық технологиялары – бұл ең алдымен ақпаратты жіберу процесін оңтайлы ету жолымен білім беру мақсаттарына жету əдістері. В.А.Извозчиков ақпараттық технологияны мəліметтерді жіберу, тарату, машиналық (ЭЕМ-ның көмегімен) өңдеу, информатиканың есептеуіш жəне программалық құралдарын құрудың технологиясы деп анықтайды. В.Ф.Шолоховичтің айтуынша, бұл терминнің кең мағынасы: «Ақпараттық технология деп ақпаратты ұйымдастыру, өңдеу, сақтау, жіберу, жинау жəне ұсыну əдістері мен техникалық құралдардың жиынтығы түсіндіріледі» [1].

«Ақпараттық технологиялар» ұғымына ақпаратты өңдеу əдістері, ұйымдастыру-басқару тұжырымдары жəне оқу-тəрбие процесін жүргізу тəсілдері, əр түрлі ақпараттық техниканың жиынтығы кіреді. Ақпараттық технологиялардың құралдары (АТҚ) деп И.В.Роберт микропроцессорлық, есептеуіш техниканың негізінде жұмыс істейтін аппараттық құралдар мен құрылғыларды, сонымен қатар ақпараттық алмастырудың қазіргі заманғы жүйелері мен құралдары деп айтады.

Ақпараттық технологияларды екі жақтан қарастыруға болады: техникалық жəне педагогикалық көзқараспен. Техникалық сипаттамасына келсек, ақпараттық технологияларға жататындар: ЭЕМ, ДЭЕМ, барлық класты ЭЕМ үшін терминалды жабдықтар, жергілікті есептеуіш желілер, ақпаратты енгізу-шығару құрылғылары, мəтіндік жəне графикалық ақпаратты манипуляциялау құралдары жəне қазіргі ЭЕМ-нің т.б. периферийлік жабдықтары; мəліметтерді графикалық немесе дыбыстық түрінен цифрлік түріне түрлендіру құралдары; аудиовизуалды ақпаратты басқару құралдары мен құрылғылары; қазіргі байланыс құралдары; жасанды интеллект жүйелері; программалық кешендер (программалау тілдері, трансляторлар, компилляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы программалар пакеті жəне т.с.с.) жəне т.б. Ақпараттық технологияларлың құралдарына оқу-əдістемелік, нормативті-техникалық жəне ұйымдастыру материалдарымен (АТҚ-ның педагогикалық мақсатта қолданылуын қамтамасыз ететін) қатар білім беруді ақпараттандыру құралдары жатады. Ал педагогикалық көзқараспен ақпараттық технологиялар мəліметтерді өңдеудің жаңа құралдары мен əдістерінің қолданылуымен ұйымдастырылатын дидактикалық процесс деп түсіндіріледі. Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкееледі. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:


  • “тереңдетілген” технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);


  • негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологияның ең маңыздысы ретінде қолдану);


  • монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделсе).


Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:




  • ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту;


  • “ақпараттық қоғамның” жеке тұлғасын дайындау;


  • білетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;


  • зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.


Концептуалды ұстанымдар төмендегідей:




  • оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;


  • компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;


  • оқытудың диалог түрінде болуы;


  • басқарылуы: мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;


  • оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект


субъект, объект-субъект ;




  • жеке және топпен жұмыстардың үйлесуі;


  • оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.


Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедияны, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыларға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.

Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындауға мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірбиелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл – ойын пайдалануға, кез-келген сұрақ қойып, кез-келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.

Оқушылар белсенді түрде оқу үрдісіне тартылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінің жетіспейтін жағы – барлық оқушыларды оқу үрдісіне белсендік танытуын қамтамасыз етпеуі. Мысалы, жаңа материалды түсіндіру кезінде көптеген оқушылар барлық күш жігерін жұмсап жұмыс жасамайды. Себебі біреулеріне жаңа материл түсініксіз, екіншісіне бұл мәселе бұрыннан таныс, үшіншілері бұл кезде басқа нәрсе ойлап отырады, т.б.

Орындалатын тапсырмалардлың түрлері көбейеді. Компьютер оқу үрдісін басқарудың икемділігін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың іс-әрекетін бақылаудың сапасын өзгертеді. Дәстүрлі оқытудың негізгі кемшілігі – оқу іс-әрекетінің маңызды кездерін бақылаудың мұғалім үшін мүмкін емстігі. Сынып оқушылармен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушылардың әрқайсысының орындаған барлық тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілетін білім туралы кері пікір тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын.

Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді, ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймай , оның типін анықтап , дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару дипазоны өте кең: оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын, тапсырмалардың қиындық деңгейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретін таңдауға дейін. Оқушы тапсырманы орындау барысында өзі қажет ететін көмекті дер кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес.



Компьютер оқушыда өз іс-әрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен, компьютер оқушыға өз іс-әрекетінің нәтежиесін көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді.

Компьютер мектепте білім беру үрдісінде пайдалану бірқатар пәндердің оқытылуын жаңаша құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге компьютер тек қана мәліметтер қоры болып қала береді. Мұнда да мұғалім қажет және оның ролі үлкен. Өйткені ол оқушыларға қажетті тірек білімін береді, сол білімнің көмегімен оқушы өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде компьютерді пайдалана отырып өзін-өзі дамыта алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет