ҚОСЫМША «Жас дарын» зияткерлік байқауның ережесі
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ
1.1 Байқауға жалпы орта білім беру мекемелерінің, қосымша білім беру мекемелерінің 1-11 сынып оқушылары қатыса алады.
1.2 Байқауға қатысушылар алдын ала іріктеусіз ерікті негізде қатысады.
1.3 Байқау бір кезеңде 2022 жылдың 10-16 қазанында сайтта өтеді. http://bilimakadem.kz/. (сайт тәулік бойы қол жетімді)
БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
2.1 Тапсырмаларды алу үшін қатысушы http://bilimakadem.kz/ сайтында «Кіру» кестесінің астындағы «Тіркелу» түймесін басу арқылы тіркелуі қажет. Сауалнаманы қатесіз толтырыңыз (сауалнаманы дұрыс толтырыңыз, сауалнамада көрсетілген ақпарат бойынша сіздің дипломыңыз шығады), тіркелу түймесін басыңыз (логин қатарына қатысушының жеке ЖСН енгізу керек (бос орынсыз «пробелсіз»), парольды өз бетінше ойлап табуы қажет).
2.2. Байқауға қатысу тегін. 2.3. Негізгі беттен сайтқа өтіп, «Олимпиадаға қатысу» түймесін басыңыз. Сыныпты, пәнді таңдаңыз, жетекші мұғалімнің толық аты-жөнін енгізіңіз.
Тест тапсырмалары кейін автоматты түрде ашылады.
2.4 Тест тапсырмалары 20 сұрақтан тұрады, әр сұрақта бірнеше жауап нұсқалары бар, олардың біреуі ғана дұрыс. 1-2 сыныптар үшін (математика, жаратылыстану, дүниетану), 3-4 сыныптар (орыс тілі (қазақ тілі), математика, жаратылыстану, дүниетану), 5-6 сыныптар (орыс тілі (қазақ тілі), математика, тарих), 7-8 сыныптар (орыс тілі (қазақ тілі), математика, тарих), 9-10-11 сыныптар (орыс тілі (қазақ тілі), математика, физика, химия пәндерінен). 1-4 сыныптар үшін жоғарыда көрсетілген пәндер бойынша аралас тест тапсырмалары келеді. 5-11 сыныптар үшін әр пән бір-бірінен бөлек тапсырылады, яғни жеке тест болып табылады. Тапсырмада оқу бағдарламасына кірмейтін сұрақтарға жол беріледі.
2.5. Байқау қазақ және орыс тілдеріңде өтеді.
Оқушылар бірнеше пән бойынша конкурсқа қатыса алады.
Тапсырмаларды шешуге 60 минут беріледі, оның барысында қатысушы тапсырмаларға жауап беруі керек. Тест тапсырмалары кері қайтарылмайды.
Қатысушының жауаптарын тексеру және бағалау автоматты түрде жүргізіледі.
Қатысушыларға тапсырмаларды ұжымдық шешуге, сондай-ақ басқа қатысушыларға *логин мен парольді* беруге тыйым салынады. Ұйымдастырушы осы Ережені бұзған қатысушылардың нәтижелерін жою құқығын өзіне қалдырады.
Қатысушыға олимпиадаға қайта қатысу мақсатында қосымша есептік жазбалар жасауға және басқа тәсілдермен тапсырмалар алуға тыйым салынады. Ұйымдастырушы осы Ережені бұзған қатысушылардың нәтижелерін жою құқығын өзіне қалдырады.
Тест аяқталғаннан кейін экранда дұрыс жауаптар саны көрсетіледі (жинаған баллдар шкаласы бойынша Сіз өз орныңызды білесіз)
Бағалау шкаласы:
20 дұрыс жауап-Бас жүлде;
17-19 дұрыс жауаптар - І орын;
14-16 дұрыс жауаптар - ІІ орын;
10-13 дұрыс жауап - ІІІ орын.
«ЖАС ДАРЫН» зияткерлік сайысына қатысқаннан кейін дипломды немесе сертификатты жүктеп алуға ӨТІНІМ ҮЛГІСІМЕН 10 қазан мен 20 қазан аралығында қабылданады (өтінімді түбіртегімен бірге, әрбір пән бойынша бөлек тастаңыз)