Лекция Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Жоспары



бет1/4
Дата11.10.2024
өлшемі255,21 Kb.
#206156
түріЛекция
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 1-2


Лекция 1. Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі
Жоспары:

1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері.


2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы. Орта білім беруді жүргізу мекемелерінің типтері.
3. Педагогтың жеке тұлғаның қалыптасуындағы және қазіргі уакытта орта білім міндеттерін шешудегі рөлі
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

  1. Педагогика. Оқулық / К.Ж.Бузаубакова. –Тараз:ИП “Бейсенбекова А.Ж.”, 2019.

  2. Педагогика. Оқулық/ Ш.Т.Таубаева, С.Т.Иманбаева, А.Е.Берикханова. –Алматы: 2017.

  3. Педагогика. Оқулық / Абай атындағы Қазақ ұлттық пед. университетінің педагогика кафедрасының

авторлар ұжымы.-Алматы: Print-S, 2005.

  1. Әбенбаев С., Әбиев Ж. ІІедагогика. Оқу кұралы. - Астана: Фолиант, 2009. .

  2. Бабаев С.Б., Оналбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулык. - Алматы: «ЫигргеБЗ». 2011

Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретіде саналган «білім беру» үғымы кең мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда. Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану тағы басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан қарастырып зерттейді. Сондықтан бүл ұғымның ауқымы кеңею үстінде.


Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпақка жеткізе отырып меңгерту білім беру ұгымымен тығыз байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде «білім беру» ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.
Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар.
- Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов).
- Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі (ЮНЕСКО, 1997) .
- Педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процессі {1999 ж).
- Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (Сластенин В.А.).
Осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көпқырлылығының, маңыздылығының айқын дәлелі.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек білімді меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде экономиканың, саясаттың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор үлесін қоса алады.
Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымың ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер байқалады:
- парадигманың орнығуына дейінгі кезең,
- парадигманың қалыптасуы, орнығуы;
- ғылым сапасындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.
Философия ертеден дамыған ғылымдардың бірі екені белгілі. Философия-грек тілінен аударғанда («филео» - «жақсы көру»,«софия» - «ақылдылық») - адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының ең негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, танып білуде, түсіндіруде қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары қалыптасқан.
Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б.
Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:
1)Білім беру философиясы - қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылыктарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.
2)Білім беру философиясының мазмұны педагогака ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі
3)Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды.
Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:
- білім беру құндылық ретінде;
- білім беру жүйе ретінде;
- білім беру процесс ретінде;
- білім беру нәтиже ретінде
Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.
1) Білім беру - мемлекетік құлдылық;
2) Білім беру - қоғамдық құндылық;
3) Білім беру - жеке тұлғалық құндылық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет