Макуза Аманжолқызы



Дата26.06.2018
өлшемі0,74 Mb.
#44518
Макуза Аманжолқызы,

М.Өтемісұлы атындағы


облыстық сауықтыру
мектеп-интернатының тәрбиешісі,

БҚО, Орал қаласы



Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары патриоттар тәрбиелеу. Жас ұрпаққа Елбасының ерекше қадір-қасиетін, тұлғалық тұғырын түсіндіру. Елбасымыздың ерен еңбегін мақтаныш сезімімен оқушылар бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, интерактивті тақта, Н.Ә.Назарбаевтың түрлі жанрда түскен суреттері, кітаптар бұрышы.

Түрі: мерекелік шара, «Жұлдызды сәт» танымдық ойыны.

Әдіс-тәсілдер: әдеби-монтаж, ойын түрінде сұрақ-жауап, ән, би.

1-жүргізуші:

1 бейнефильм көрсетілу арқылы басталады.



1-жүргізуші:

Қазақстан Парламентінің Сенаты 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін еліміздің мемлекеттік мерекесі деп бекіткені баршаға мәлім.



2-жүргізуші:

Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланып, Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.



1-жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік бағдарламамыз елдің ерлігін, халқының қамын ойлаған Елбасымызға арналады. Назарларыңызға Елбасының қысқаша өмірбаяны, балалық шағынан бірауыз естелік және халқының қамын ойлаған кемеңгер Елбасының еңбектері туралы сыр шертер бейнебаянды ұсынамыз.



1 - жүргізуші:

«Ел – Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Бүгінгі таңда «Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады» деп халықаралық қауымдастық мойындады.



2 – жүргізуші:

Ортаға Елбасына арнау сөздерімен оқушыларымызды шақырамыз.



1-оқушы:

Төбемнен төңкергендей қара түнді,

Түлетті Тәуелсіздік қанатымды.

Елбасы арқасында ел жаңарып,

Арқаға Астанадай қала тұрды.

Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,

Ұласқан ұрпағына олар мақтан.

Елбасы – қасиетті, аталы сөз,

Мазмұны, мағынасы терең жатқан.

2-оқушы:

Әр сөзің астарында осы арада

Ағайын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында,

Тұлғасы Елбасының жеке дара!

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

3- оқушы:

Елбасына

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

4-оқушы:

«Мәңгілікке тұрғызылған көпірсің...» Т. Молдағалиев.

ІІ. Негізгі бөлім

2-жүргізуші: Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамыз да, мақтанамыз.

1-жүргізуші: «Батылдық балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Кешімізді одан әрі «Жұлдызды сәт» ойынымен жалғастырамыз.

Ойын бес кезеңнен тұрады:

І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой түртеді» іріктеу кезеңі.

ІІ кезең «Бәйге».

ІІІ кезең «Жорға».

IV кезең «Көкпар».

V кезең «Жекпе-жек».

І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой түртеді».

Шарты: Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге 20 сұрақ қойылады, сол сұраққа тез арада жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап – 1 ұпай. Ұпай санына жұлдызшалар беріледі. Дұрыс жауап берген жұлдызшалары көп ойыншылар осы турдан озып, ІІ кезеңге шығады «Бәйге» жолына орналастырамыз.

І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой түртеді» кезеңі сұрақтары:

Ең ащы көл (Қарасор).

2. Көлікті күтетін жер (Аялдама).

3 ҚР-ның мемлекеттік тілі (Қазақ тілі).

4. Бөле деген кім? (Бір үйдің қыздарының балалары).

5. Құлагер кімнің аты?(Ақан сері).

7. Күрішті аймақ? (Қызылорда).

8. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны).

9. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек).

10. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір).

11. Жартылай тұщы, тұйық көл ( Балқаш).

12. Нағашы кімнің туысы? (Ананың).

13. Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды).

14. Ең үлкен жануар? (Кит).

15. Аспанда қанша жұлдыз бар? (Саналмайды).

16. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (1995. 30.08).

17. Карта жинағы? ( Атлас).

18. Құстың негізгі мекені? (Ұя).

19. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?).



  1. Жер шарының моделі? ( Глобус).

ІІ кезең «Бәйге»

Шарты: І кезеңнен шыққан оқушыларды ІІ кезең «Бәйге» жолына орналастырамыз, сұрақтар қоямыз. Ұпай санына жұлдызшалар беріледі. Дұрыс жауап берген ойыншы осы «Бәйгеден» озып, ІІІ кезеңге шығады. Жұлдызшасы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

Сұрақтар:

  1. Елбасының туган күні, жылы? /1940 жыл, 6 шілде/.

  2. Елбасының туған жері? /Алматы облысы Қарасай ауданы, Шамалған ауылы/.

  3. Елбасының алғашқы еңбек жолы қашан және қай жерден бастау алды? /1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, 1969 жылға дейін осында еңбек етіп, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті /.

  4. Қай жылдар аралығында Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды? /1969-1973 жылдар аралығында/.

  5. Қай жылы және қай күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетіп, ҚР Президенті болып сайланды? /1991 жылы 1 желтоқсанда/.

  6. Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы. Кітаптарының атын атаңыз /кім көп атаса жұлдызша-ұпай сол оқушыға атаған кітап санына қарай беріледі/.

«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

«Тарих толқынында» (А., 1997),

«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

«Сындарлы он жыл» (А., 2002),

«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

  1. Президенттің бастауымен, қолдауымен жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр. Бағдарламаның атауы? /«Болашақ» бағдарламасы/.

  2. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы кім? /Н.Ә.Назарбаев/.

ІІІ кезең «Жорға» /қызыл түс/.

Шарты: «Бәйгеден» озып шыққан 6 ойыншы «Жорға» кезеңіне қатысады.

  • Бұл кезеңде сіздер мына дорбадан нөмірленген асық аласыздар және сол нөмір түбіндегі конвертті ашып сұрактарға жауап бересіздер. Конверт ішінде Елбасы еңбектеріне, жетістіктеріне қатысты сұрақтар берілген. Оқисыз және жауап бересіздер. Ұпай санына жұлдызшалар беріледі. Дұрыс жауап берген, жұлдызшасы көп ойыншы осы «Жорғадан» озып, ІV кезеңге шығады. Жұлдызшасы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

Сұрақтар:

  1. Нұрсұлтан Назарбаев өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған. Н.Назарбаев өз атындағы университет пен мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады.

Сұрақ:Елбасының атымен аталатын мектептердің атауы, дәрежесі қалай аталады? /Назарбаев Зияткерлік мектептері/.

  1. Елбасы «Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында», «Болашақ – мектептен басталады» деп білімді, тәрбиелі, елім, жерім деп өсіп келе жатқан мына сіздердей оқушыларға үміт артады, сенеді.

Сұрақ:Аса талантты балалар үшін тағайындалатын президенттік сыйлықтың атауы /«Дарын» сыйлығы/.

  1. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1993 жылғы 5 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен тағайындалды. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.

Сұрақ: 1993 жылғы 5 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаулысымен тағайындалған, 1994 жылы жүзеге асырыла бастаған бастама қалай аталады?

/«Болашақ» халықаралық стипендиясы/.



  1. Біздің Президентіміз жыл сайынғы Жолдауында еліміздің тыныштығы, гүлденуі, ұрпақтарымыздың білімді, білікті, дені сау болуымен қоса ел дамуын, көркеюін, әлемге танылуын мақсат етіп бағдарламалар мен стратегиялар әзірлейді. Республикада ауылды, қаланы дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және энергетикалық, әлеуметтік т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды.

Сұрақ: Назарбаев әзірлеген даму стратегиясының түрі? /индустриалды-иновациялық/.

ІV кезең «Көкпар»/жасыл түс/.

Шарты: «Жорғадан» озып шыққан 4 ойыншы «Көкпар» кезеңіне қатысады. Оларға мақалдар, жұмбақтар беріледі. Мақалдар жалғасын табу, жұмбақтың шешуін табу керек. Жауабын үш тілде айтылуы сұралады.. Үш тілге 3 жұлдызша, 1 тілге 1 жұлдызша беріледі. Ұпай санына жұлдызшалар беріледі. Дұрыс жауап берген ойыншы осы «Жорғадан» озып, V кезеңге шығады. Жұлдызшасы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

1. ... ала болса, ауыздағы кетеді (алтау, алты – шесть - six).

2. ... түгел болса,, төбедегі келеді (төртеу, төрт – четыре - four).

3. ... – ай мен күндей, әлемге бірдей (жақсы – хороший - good).

4. Батыр туса – ел ырысы, ... жауса – жер ырысы (жаңбыр – дождь - rain ).

5. ... – кеме, білім – теңіз (мектеп – школа – school.

6. ... көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды (досы, дос – друг - friend).

7. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (тоқсан – девяносто - ninety).

8. Көп сөз – күміс, аз сөз - .... (алтын – золото - gold).

Жұмбақтар

1. Өзі жап-жас, мұрты бар, ет пен сүтке ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде, түкті тонын шұп-шұбар. (мысық – кошка - cat).

2. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар. (түйе – верблюд - camel).

3. Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.(мектеп – школа -school).

4. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой – овец - sheep).

5. Ақ добымды жарып алдым, үшінен ары допты тауып алдым. (жұмыртқа – яйцо - egg).

/Ойыншылардағы жұлдызшалар саналып, ұпайы көп 2 ойыншы жасыл парақша тұсына оздырылады/



V кезең «Жекпе - жек» /көк түс/

Шарты: «Көкпардан» озып шыққан 2 ойыншы «Жекпе - жек» кезеңіне қатысады. «Жекпе-жек» кезеңінде «Шатаспа кестесі» ойнатылады. Сіздерге 1 минут уақыт ішінде мына алдарыңыздағы шатаспа кестесінен жер-су, қала аттарын табу жүктеледі.

Шыққан сөз саны ұпай санына қосылады. Ұпай саны жоғары ойыншы жеңімпаз атанады.

СКЕӨНМЕ, ЗАТАР, ЛҚҒОАТДНРЫА, ӨБҚТЕА, ЗҒНАЖҚЕЗН, НТЕШТАК, ШО, КБКЕШІ, ЕЫТШМКН, АНТСАА, АШБЛХА, ТУАЫРА. (Балхаш, Астана, Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Ақтөбе, Жезқазған, Ташкент, Бішкек, Ош, Атырау).

/Жеңімпаз оқушы сары үлкен жұлдыздың үстіне оздырылады, аты аталып, құттықтау айтылады/.



Қорытынды:
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет