Worldskills -мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills әлемнің барлық кәсіптік білімнің дамуына тура әсер етеді



Дата21.12.2021
өлшемі14,82 Kb.
#104516
Байланысты:
Құжат (11)
Құжат (11)

WSK чемпионаты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленгендей, жұмысшы мамандықтарының әлеуетін арттыру және жалпы еңбек қоғамын қалыптастыру бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жүргізілген.

Worldskills —мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. WorldSkills әлемнің барлық кәсіптік білімнің дамуына тура әсер етеді.

WorldSkills чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекеттерде болады, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады.

WorldSkills Kazakhstan миссиясы — кәсіптік бағдар механизмін, мамандарды даярлау, сарапшылар қауымдастығын құру және еңбек өнімділігін арттыруды қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологиялық мамандармен қамтамасыз ету механизмін құру.

Worldskills чемпионаты барысында қатысушылардың назарын аударатын жайт: көптеген жұмыс берушілердің келуі. Егер еңбек нарығында қазір өте үлкен бәсекелестік бар екенін ескерсек, WorldSkills Kazakhstan-бұл тек кәсіби бағдар ғана емес, сонымен қатар біздің студенттер үшін болашақ жұмыс. Көбіне осы чемпионатқа қатысатын балаларды жұмыс берушілер жұмысқа шақырады. Мұнда мейрамханалардың басшылары мен иелері, зауыттардың директорлары, ірі фирмалардың өкілдері болады. Қазақстан EvroSkills және WorldSkills Dubai-ға да қатысқан. Алғашқы жылдары біздің елден барған командалар 64 елдің ішінде 47-ші, 57-ші орынға ие болған. Бірақ өткен 2017 жылы біз еліміз 24-шы командалық орынға ие болды.

63 мемлекеттерден және аймақтардан келген 1300 конкурсанттар жеңімпаз атағы үшін күрескен WorldSkills 2019 Казань чемпионатында Қазақстан жалпы командалық 14-орынға көтерілді, бұл WorldSkills чемпионатына дайындық сапасында алға жылжу көрсеткішін айқын көрсетеді.

Келесі WorldSkills International 2021 ҚХР -ның Шанхай қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Үміткерлер WorldSkills 75 қатысушы мемлекеттердің өңірлік кәсіптік чемпионаттарынан іріктеледі. Олар өздерінің шынайылылыққа максималды жақын тапсырмаларды шеше отырып, жеке және ұжымдық сапасын, техникалық қабілеттерін көрсетеді. Командалар нәтижелері тек қатысушылардың жеке кәсіби сапасы туралы ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіптік дайындық деңгейі мен қатысушылардың келген елінің қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы көрсетеді.

Ендігі кезекте WorldSkills аймақтық чемпионатына колледжімізде чемпионаттағы іс-қимылдарды практикалық орындауға студенттерді қалай дайындау керек? Тек қана студентті мамандыққа кезең-кезеңмен кірістіру және кәсіптік оқытудың барлық кезеңдерінде оны ары қарай сүйемелдеу, студенттің мамандық алуға және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға қызығушылығын саналы түрде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Студенттердің WorldSkills чемпионаттық қозғалысына қатысуының басты қозғаушы күші мотивация болып табылады. Ең алдымен, бұл мамандықты таңдаудың себебі, бұл іспен әуестенушілік, өзін және нақты саладағы өзінің кәсіби біліктігін көрсету, жұмыс берушілер көзіне түсуден қорықпау, сондай-ақ сарапшымен бірге өз қызметінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдай білу.

WorldSkills Чемпионатқа дайындық кезінде педагогтар тек қана өз тәжірибесін беріп қана қоймай, сонымен қатар студенттің өз кәсіби мүмкіндіктеріне, табысқа жетуіне деген сенімін нығайтуға тырысу керек.

Дайындық барысында студенттерді чемпионатқа дайындауға ғана емес, сонымен қатар олардың бірқатар жеке және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жұмыстың бірнеше кезеңдерін атап өту қажет.

Педагогикалық ғылым мен практикада студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі жетілдіруінің тиімді нысандары олимпиадалар, конкурстар, жобалық қызмет, оқу және өндірістік тәжірибе болып табылады.

Студенттердің танымдық қызметін белсендіру, оқуға деген мотивациясын арттырудың тиімді тәсілдерінің бірі болып Мамандық бойынша апталық деп ойлаймын.

Апталық аясында студенттер өз қызметін ұйымдастыруға, кәсіби міндеттерді орындаудың типтік әдістері мен тәсілдерін таңдауға, олардың тиімділігі мен сапасын бағалауға, стандартты және стандартты емес жағдайларда шешімдер қабылдауға және оларға жауапкершілік алуға, кәсіби міндеттерді тиімді орындау, кәсіби және жеке тұлғалық даму үшін қажетті ақпаратты іздеу мен пайдалануды жүзеге асыруға үйренеді.

Мамандық апталықтарының іс-шаралары тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруына, оның кәсіби және әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай жасайды.



Сонымен қатар, колледжде стратегиялық серіктестік арқылы жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының өзара әрекет ету механизмі әрдайым қолданыста болуы керек.

Ал кәсіби шеберлік байқауларын біз білім алушылардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру, мамандықты дамыту және жарнамалау мақсатында жұмыстың ең тиімді түрі ретінде қарастырамыз. Осы іс- шараларға белсенді түрде қатысатын студент кәсіби құзыретті болу, жалпы мәдени құзыреттілікті меңгеру, үнемі оқу, кәсіби қызметте өздігінен білім алу және өзін-өзі жүзеге асыру қажет екендігіне өзі қорытынды жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет