Модульдік оқыту технологиясын қолдан



Дата23.08.2017
өлшемі145.75 Kb.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру


Түсіпбаева Гүлжихан Балғабайқызы

1 жалпы орта білім беру мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті


Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуға жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы. Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан бастап ағылшын тілді елдерде дами бастады. Оның негізгі мәні – сабақтың жоспары, ақпараттар банкі және сабақтың дидактикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан тұрады.

Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.

Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады [1].

М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі, өзгені де бағалай білуге үйретеді.

Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық  жұмысты ұсынуға болады [2].

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің  белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту сы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.

Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде тапсырмаларды өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу түрінде беремін.

Бұл тапсырмалар оқушылардың танымдық белсенділігін, оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгертіп отырып, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға ерікті, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелеймін.

Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:

1. оқытудың жалпы мақсатын қою;

2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;

5. нәтижені бағалау

Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен таныстырамын. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі.

Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:

1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)

2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)

3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест)

Әрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сөз қорының молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып, өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек [3].

Сөйлесу бөлімін педагогика және психология ғалымдарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау деңгейлері мен қабілеттеріне қарай ұйымдастырамын. М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез-келген әрекет емес орындау әрекеті екенін ескере отырып, оқушының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасаймын. Міндетті түрде, сабақ барысында, оқушының іс-әрекетінің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелесуді қолданамын. Модульдердің  нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, әртүрлі белсенді формаларды пайдалану арқылы іске асырамын. Олар:

- топтық;

- жұптық;

- жеке топтық;

- ұжымдық

Оқудың басты ерекшелігі – оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.

Оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігімен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық немесе бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты қолданамын.

Тілді оқытуда сөздікпен жұмыс оқушының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады. Сөйлесу сабағы оқушыларды тек қана қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге үйретіп қоймайды, оларды ойлау, талдау, сараптау және қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді.

Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау. Бұл мақсат модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы тиімді жүзеге асады.

Модульдік оқыту технологиясының міндетті шарттарының бірі – оқытуды ойын түрінде және түрлі белсенді оқыту формалары арқылы ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ойын оқыту үрдісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп есептеледі. Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді, оқушыларды оқу үрдісіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады, пәнге деген қызығушылығын тудырады.

Модульдік оқыту жүйесінде іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әртүрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Ойындарға өз алдына қойылатын жеке талаптары бар. Олар:

- ойынның мақсаты нақты  әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек;

- ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым  әрі шағын болуы тиіс;

- ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;

- ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.    

  Ойын  – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. 5-6 сынып оқушыларын оқу-тәрбие үрдісінде біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделу тиімді. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.


     Дидактикалық  ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.

       Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. 5-6 сыныптарда төмендегідей ойын түрлерін қолданамын.

     Ойын  сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. Мысалы: «Шеңбер бойымен әңгімелеу», «Мәтін құра» ойындары.

     Сабақтың  ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Мысалы: «Мені түсін», «Даналық ағашы», «Жарыс» ойындары.

     Сабақтың  соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Мысалы: «Қазымыр оқушы», «Көкпар» ойындары.

Сабақ барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамыту үшін «Бәйге», «Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот», «Не,қайда, қашан?» ойындарын қолданамын.

Әр модульді аяқтаған соң, материалдың меңгерілу дәрежесі мен бақылау сынақтары алынып, оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін қолдану деңгейі анықталып отырады. Модульдік технологиямен оқыту барысында іскерлік қарым-қатынас тілін оқытудың түрлі жолдары, әдістері, тәсілдері қарастырылады. Сабақ барысында мұғалім шебер қойылған, ізденіске бағыттайтын сұрақтар арқылы оқушыны жетелейді, ойландырады, іздендіреді. Сондықтан модульдік технология бойынша іскерлік қарым-қатынасқа негізделіп өткізілген тәжірибелік сабақтар – оқу мен тәрбие жұмысын жақсартудың тиімді жолы. Тәжірибе кезіндегі бағалаудың мақсаты – тәрбие беру, білімді есепке алу, оқу белсенділігін арттыру. Бағалау – өлшем. Баға – оқушы білімінің көрсеткіші. Модульдік технологияның өзіндік ерекшелігі оқушының білімін бағалау кезінде оның зердесі, ынтасы, қабілеті, іскерлігі ескеріліп, кемшілігінен гөрі жетістігіне баса көңіл бөлінеді [4.388б.].

Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:

- жалпы білім сапасын жоғарылату;

- сабақтың тиімділігін жоғарылату;

- дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;

- оқушылардың мақсаттарына  жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;

- жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.

Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруда және оны дамытуға ықпалы зор.

Жас ұрпақты білімді өз бетінше меңгеруге, ойлау, есте сақтау, ауызша және жазбаша дамытуға дағдыландыруда модульдік технологияны оқытудың маңызы зор [5].

Қорыта келе, оқушының құзырлылығы модульдік оқыту технологиясы арқылы дамиды. Оның ішінде мәтінмен жұмыс арқылы танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдық білім, 2006-№1.

2. Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту”. Ғаламтор желісі

3. “Технологиялар арқылы сабақтың тиімділігін арттыру”. Ғаламтор желісі

4. Оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамытуда М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясымен» оқытудың тиімділігі // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: Әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі». Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Көрме материалдары. Жинақ. – Алматы, 2008. – 388 б.



5.  «Ертіс дидары» газеті, №11 (103). 2010 жыл, 24 қараша

.

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет