№3 БӨЛІМНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛІК ЕСЕПТЕРІ «ЖАҚ БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫ, НЕЙРОСТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР. ЖБА ІСІКТЕРІ (ҚАТЕРСІЗ ЖӘНЕ ҚАТЕРЛІ)»
47 жасар әйел сол жағыннан жоғарғы жақсүйегінің деформацияланғанына, осы жағынан көз асты аймағының жансызданғанына шағымданып келді. Төрт жыл бойы жоғарғы жақсүйегі қуысының созылмалы қабынуымен жүйелі түрде меделіп жүрген. Жоғарыдағы шағымдардың пайда болғанына алты ай болған. Тексеру барысында: Жоғарғы жақсүйегінің сол жағынан сүйектің ісінуіне байланысты деформацияланғаны, басқанда ауырмайтыны анықталды. Сол жағынан көз асты аймағының терісі мен жоғарғы еріннің сезімталдығының бұзылғаны анықталды. Ауызы еркін ашылады. 2.4, 2.5 тістері сау, ІІ дәрежелі қозғалмалы. Соңғы екі аптадан бері жөтел мен ентігу пайда болды. Мұрынның маңындағы қуыстардың рентген суретінде сол жоғарғы жақсүйегі қуысында қосымша көлеңке мен оның алдыңғы сыртқа қабырғасының сүйегінің сорылып кеткені анық көрінді.
Жоғарғы клиникалық мәліметтерді жинақтап нақтам қойыңыз.
Остеосаркома
Салыстырмалы нақтама жүргізіңіз.
Жоғарғы жақтың ісіктерінен(хондросаркома), одонтогенді остеомиелит(іріңді процесс)
Науқас неге жөтеліп ентікті.
Ісік Гаймор қуысының эпителисінен дамыған болса жөтелу мен ентігу жоғарғы тыныс жолдарын жауып қалғанның әсерінен болады.
Емдеу жоспарын құрыңыз.
Зақымдалған жақсүйекті және айналасындағы жұмсақ тіндерді кесіп алыптастап,дефект орнына трансплантат қоямыз. Комбинирленген және сәулелі терапияны қатерлі ісіктің Локализациясына, көлеміне, ісіктің жайылу аймағына, науқастың жалпы жағдайына қарай тағайындалады.