3-деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-05-14-5



бет3/57
Дата05.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#17130
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Бақылау сұрақтары:
1. Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын
2. Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы.
3. Жаңа жазба әдебиет.
Әдебиеттер:

  1. Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті. Оқулық, -Алматы, 1992

  2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  4. Қ.Уәлиханұлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  5. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989



2-дәріс. XIX ғасыр әдебиетіндегі саяси бағыттар мен көркемдік ағымдар
Дәрістің мазмұны:

  1. XIX ғасыр әдебиетіндегі жаңа әдеби сарын.

  2. Жанр түрлері

  3. ХІХ ғасыр көрнекті өкілдері

Әр дәуірдің, іштей тұтас кезең, дәуірлерге ағым, бағыттарға бөлініп, ғылыми негізде жүйеленуі. XIX ғасыр әдебиеті — үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. XIX ғасыр ішінде байырғы әдеби үрдіс ауызшадан жазбашаға өту дәуірін бастан кешті (М.Әуезов).
XIX ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, сыршыл лирика, айтыс түрлері, сатира, қиссалар, ауыз әдебиеті үлгілері қатар жасады. Көркем позаның үлгілері, сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, көркем аударма, ғылыми-публицистика туып, қалыптаса бастады.
XIX ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері: бостандық рухты, ұлт азаттығын жырлаған Махамбет ақын, Шернияз; зар заман әдебиетінің ақындары Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір; айтыс акындары Шөже, Орынбай, Балта, Сүйінбай, Марабай; сал-серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит; қиссашыл акындар; жаңа жазба әдебиет өкілдері Ыбырай, Абай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет