3-деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-05-14-5



бет1/57
Дата05.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#17130
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31/03-2011



__________2011 жылғы
№ 2 басылым

41 беттің -шісі




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05-14-5-05.01.20.31.03.2011.

ПОӘК
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

_______2011 жылғы


№ 2 басылым



5В020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ
2011


Мазмұны

1 Глоссарий


2 Дәрістер
3 Тәжіриебелік және лабораториялық сабақтар
4 Курстық жұмыс және дипломдық жоба
5 СӨЖ

1. ГЛОССАРИЙ

    1. Әдебиет тарихы - әдебиеттің даму процесін, ұлттық әдебиеттің өткен кезеңдері мен қаламгерлер шығармашылығын зерттейтін әдебиеттану ғылымының саласы.

    2. Әдебиет тарихы дәуірлері мен олардың кезеңдері - қазақ әдебиетінің тарихы дәуірлерге бөлінеді. Әр дәуір әдебиеті іштей кезеңдерге бөлінеді. Соның ішінде ХХ ғасыр әдебиеті: 20-30 жылдардағы әдебиет; 1941-1960 жылдардағы әдебиет; 1960-2000 жылдардағы әдебиет атты үш кезеңге жіктеледі.

    3. Проза- қара сөзбен жазылған көркем шығарма.

    4. Поэзия - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар.

    5. Драматургия – болмысты шиеленіскен тартыстар арқылы жинақтап, көрермен алдына жанды қозалыста бейнелейтін әдебиет жанры.

    6. Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы.

    7. Әдебиеттану – сөз өнерін, тарихи әдеби процессті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармалар мен қаламгердің шығармашылық ғұмырбаянын зерттейтін ғылым.

    8. Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер.

    9. Прототип – көркем шығарма кейіпкерінің өмірде болған немесе өмірде бар түп тұлғасы.

    10. Академиялық басылым – қаламгер шығармасының ғылыми-текстологиялық зерттеу негізінде даярланған жинағы.

    11. Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы.

    12. Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі.

    13. Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы.

    14. Әдебиеттің ұлттық сипаты - әдеби шығарманың ұлттық тіл, ұлттық дүниетаным, тарихи-поэтикалық зерде аясында қалыптасқан қаламгер туындысы.

    15. Әдебиеттің халықтық сиапты – шығарманың халық мүддесіне сай идеялық – көркемдік сапасы.

    16. Образ – көркем бейне, әдебиеттегі суреттілік, болмысты өнерде көркемдік тұрғыда сөзбен сурттеп жазу.

    17. Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады.

    18. Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.

    19. Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.

    20. Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары.

    21. Тартыс - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі.

    22. Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі.

    23. Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық-көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік.

    24. Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік.

    25. Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері.

    26. Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі.

    27. Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ.

    28. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет