3-деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-05-14-5



бет53/57
Дата05.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#17130
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Сабақтың мақсаты: Абай мұрасының қазақ әдебиетінде ірі құбылыс болғандығын, шығармашылығының ерекшелігін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендігін бағалау.
Бақылау сұрақтары:

  1. Әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы, зерттелуі

  2. Лирикасының тақырыптық аясы

  3. Аудармалары, поэмалары

  4. Қарасөздерінің маңызы.

Әдістемелік нұсқаулық: Абайдың әдебиеттің түріне қосқан жаңалығы, көркемдік көкжиегін кеңейтуі, өлең құрылысына енгізген өзіндік даралығы жайлы кешенді баяндау. Абайтану ғылымының бүгінгі зерттелу мәселесіне тоқталу.
Ұсынылатын әдебиеттер:


4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

    1. Курстық және бітіру жұмыстарының тақырыптары:

      1. Шөженің өлеңдері мен айтыстары.

      2. Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.

      3. Махамбет поэзиясындағы ақынның өз бейнесі.

      4. Махамбет поэзиясының көркемдік сипаты.

      5. Жетісудың отарлануы және Сүйінбай Аронұлының
        шығармашылығындағы ерлік, азаттық тақырыбы.

      6. Біржан салдың ғашықтық лирикасы.

      7. Біржан сал өлеңдері, олардың көркемдік кестесі.

      8. Шоқан - әдебиет зерттеушісі.

      9. Ы. Алтынсариннің прозасындағы дидактика.

      10. Ы. Алтынсарин поэзиясындағы дидактика.

      11. Ақан Серінің ғашықтық лирикасы.

      12. Ақан сері шығармашылығындағы отарлық езгіге қарсы
        ой - танымдары мен туған жер тақырыбы.

      13. Абай - жаңа жазба әдебиеттің негізін қалаушы.

      14. Абай поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.

      15. Абай шығармаларындағы отарлық езгіге қарсы сарын.

      16. Абайдың өнерге деген эстетикалық көзқарасы.

      17. Абай поэзиясындағы табиғат лирикасы.

      18. Абай поэзиясындағы ғашықтық лирика.

      19. Абай поэзиясындағы әлеуметтік - саяси лирика, оның
        Дулат шығармашылығындағы рухани көздері.

      20. Абайдың ғақлиялары (қара сөздері).

      21. Абайдың поэмалары.

      22. Абайдың аудармалары.

      23. Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасының көркемдік
        кестесі.

      24. Мағауияның «Медғат - Қасым» поэмасының құрылымы
        мен көркемдік сипаты.

      25. Ш.Бөкеев шығармашылығы және ондағы декаденттік
        әдеби ағым.

      26. Ш. Жарылғасұлы поэзиясындағы азаттық сарыны.

      27. А.Азаматқызының «Жетім қыз» поэмасындағы
        әлеуметтік - саяси лирика.

      28. Ш.Қанайұлы және зар заман әдебиеті.

      29. Кемпірбай Бөгембайұлының поэзиясы.

      30. Орынбай Бертағыұлының шығармашылығы.

      31. Нұрым Жаршығұлының шығармашылығы.

      32. Қашаған Күржіманұлы поэзиясы.

      33. Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығы.

      34. Балқы Базардың әдеби мұрасы.

      35. Құлыншақ Кемелұлы поэзиясы.

      36. Жаяу Мұсаның лирикалары.

      37. Мүрат Мөңкеұлы туындыларындағы заман зары мен
        отарлық езгіге қарсы сарын.

      38. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы дін және мораль мәселесі.

      39. Мәшһүр Жүсіп Көпеев - фольклор жинаушысы.

      40. Көкбайдың «Сабалақ» дастанындағы ерлік, елдік
        тақырыбы.

      41. Иманжүсіп Құтпанүлы шығармашылығындағы ғашықтық және азаттық тақырыбы.

      42. Балуан Шолактың лирикасы.

      43. М.Сералиннің баспагерлік, публицистикалық және
        әдеби еңбектері.

      44. Мәдидің лирикасы.

      45. Сара Тастанбетқызының поэзиясы.

      46. XIX ғасыр әдебиетіндегі тарихи жырлар, олардың
        азаттық сипаты.

      47. Дулат Бабатайұлы шығармашылығындағы отарлық
        езгіге қарсы күрес сарыны.

      48. Дулат мысалдарының әлеуметтік - саяси мәні.

      49. Дулаттың «Еспембет» поэмасындағы азаттық
        тақырыбы.

      50. Отарлық сарын және отарлық дәуірдегі әдебиеттің
        өзіндік ерекшеліктері.

      51. Сүйінбай өлеңдеріндегі халық бейнесі.

      52. М. Қалтаев және діни - тәлімгерлік бағыт.

      53. Абайдың ақындық мектебі.

      54. XIX ғасырдағы сал - серілер поэзиясы.

      55. XIX ғасырдағы айтыс өнері.

      56. XIX ғасыр әдебиетіндегі шығыстық қисса дастандар.

      57. Мәделі Жүсіпқожаұлының поэтикасы.

      58. XIX ғасыр әдебиетіндегі аударма.

      59. Ақындар поэзиясының рухани арналары.

      60. Майлықожаның ақындық мұрасы

4.2. Жұмыстың орындалуы туралы әдістемелік нұсқау: Берілген жұмыс тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Ғылыми жұмыс А4 форматта жазылады. Компьютерде басылған курс жұмысы көлемі 20-25 бет болу керек. Жұмыстың қүрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай өңделуі тиіс.
5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық:
Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОСӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Қздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады.


  1. Абай шығармашылығына әсер, ықпал еткен үш арна.

  2. Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметі.

  3. Сүйінбай арнауларын жаттау.

  4. Д. Бабатайүлының шығармашылығы.

  5. Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктері.

  6. Жаяу Мүса Байжанүлының өмірі мен шығармашылығы.

  7. Махамбет өлендеріндегі жыраулық - акындык дәстүр.

  8. Шернияздың шешендік өнері.

  9. Балуан Шолақ Баймырзаұлының шығармаларынан жатқа оқу.

  10. Ы. Алтынсарин өлеңдерінің тақырыптық , идеялық мазмүны

  11. С. Бөкеевтің көңіл - күй, филисофиялық лирикасы.

  12. Ә. Найманбаев дастандары.

  13. М. Мөңкеұлының «Қарасай - Қази» дастан.

  14. М. Сұлтанқожаұлының толғау - термелері.

  15. Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелерінің

ерекшеліктері.

  1. Ш. Уәлиханов — ағартушы, демократ, тұңғыш ғалым.

  2. Б. Оңдасұлы толғауларындағы азаматтық, әлеуметтік әуендер.

  3. Абай өлеңдерінен үзінді оқы.

  4. Майлықожа айтыстары.

  5. Абай қара сөздерінің идеялық - тақырыптық ерекшеліктері.

  6. Абай - аудармашы.

Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет