3-дәріс. Азаматтық-саяси қайшылықтар


Түркістан (Қоқанд) автономиясы



бет3/10
Дата08.02.2022
өлшемі90,2 Kb.
#118264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
17 бет Студенттерге 3-дәріс ҚҚЗТ(1)

Түркістан (Қоқанд) автономиясы. 1917 ж. күзде құрамында Қазақстанның оңтүстік облыстары – Жетісу мен Сырдария енген Түркістан өлкесінде жағдай шиеленісті. Өлкедегі кез келген метрополиялық (метрополия – отардың иесі) билік кеңестік болса да еуропалықтардың артықшылықтарын сақтау кепілдігі ретінде қаралды. Қазақстанның оңт-к облыстарындағы кеңес өкіметінің отарлық сипаты 1917 ж. 15-22 қарашада Ташкентте өткен Кеңестердің өлкелік ІІІ съезі жұмысы кезінде көрінді. Мұнда Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі құрылып, бірақ билік орындарына пролетарлық революцияға дайын емес деген желеумен жергілікті халық өкілдері жіберілмеді. Бұған қарсы болған қазақ, өзбек тұрғындарының наразылығы күшпен басылды.
Осындай жағдайда Алаштың оңтүстік қанатының басшылары Мұхаметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқай «Шура-ислами» партиясы басшылығының бүкіл Түркістан көлемінде большевизмге қарсы күресін басқару жөніндегі ұсынысын қабылдады. 1917 ж. 26-29 қарашада Қоқанд қаласында ІV Мұсылмандық Төтенше съезі өтті, оның барысында 28 қарашада Түркістан Мұхтариаты (автономиясы) және оның Уақытша Кеңесі құрылды. Бұл құрылым кеңестік тарихнамада «Қоқанд автономиясы» (Түркістан автономиясы) деген атпен белгілі. Ислам діні мемлекеттік дін деп жарияланды. М.Тынышбаев Түркістан автономиясының үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) және ішкі істер министрі болып тағайындалды. М.Шоқай алғашында Түркістан автономиясы үкіметінің сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Кейін М.Тынышбаев қызметтен кетіп, оның орнына келген М.Шоқай билігі Қоқанд пен уезд көлемінде ғана шектеліп қалған үкіметті азғана уақыт басқарды. Осылайша, 1917 ж. қарашасында Қазақстанның оңтүстігінде бір-бірінен оқшауланған екі орталық қалыптасты: 1) кеңес өкіметі (революциялық орталық); 2) ұлт-азаттық қозғалыс орталығы. Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі басқарған революцияшыл қанат екі орталықты жақындастырмай, керісінше оларды оқшаулауға, олардың арасындағы араздықты күшейтуге бағытталған қадамдар жасады. Ташкенттегі кеңес билік орындары өздеріне оппозиция ретінде пайда болған мұсылман үкіметімен келіскісі келмеді. Орталыққа өлкедегі кеңестік билік орындары Қоқандта кертартпа тап өкілдері Түркістан автономиясын жариялады деп хабарлады. Түркістан (Қоқанд) автономиясына қарсы болған Ташкентттегі Қызыл гвардия отрядтары 1918 ж. 5-6 ақпан түні шабуыл жасап, автономияны талқандап, оның Уақытша үкіметін құлатты. Басшыларының бір бөлігін атып, қалғандарын қамауға алды, Мұстафа Шоқай эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Қаланы қорғаушылардың бір бөлігі тауға қашып, партизандық іс-қимылдарға көшті. Осылайша, Түркістан (Қоқанд) автономиясы күшпен талқандалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет