Негізгі бөлім Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіби даярлаудың әдіснамалық-теориялық негіздерін анықтауда: Арынғазин, Ш.А. Абдраман, Б. Әбдікәрімұлы, А.Е. Әбілқасымова, Б.А. Әлмұхамбетов, Е.И. Бурдина, С.А. Дружилов, Е.Ө. Жұматаева, С.Т. Каргин, Б.Т. Кенжебеков, Қ.М. Кертаева, С.З. Қоқанбаев, В.В. Колосова, А.К. Маркова, М.С. Мәлібекова, Ш.М. Мұхтарова, Н.Ә. Мыңжанов, А.Қ. Нұрғалиева, Т.С. Сабыров, А.П.Сейтешев, В.А. Сластенин, Н.Д. Хмель, Ә.Ә. Усманов, А.И. Щербаков, Р.К. Төлеубекова, Г.О. Тәжіғұлова, В.Д. Шадриков, Л.А. Шкутина т.б. ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылғандығына көз жеткіздік [4].
Бүгінгі таңда білім беруді жаңғырту – заманның талабы. Болашақ мамандарды даярлауда олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Ол үшін студенттердің кәсіби құзіреттілігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жетілдіру қажет және білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру, білім беруді жаңғырту сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басым бағыттар бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру ұйымдарын оңтайландыру және оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арнаулы педагогикалық білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншісі, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және біліктілікті жетілдірудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Мамандар даярлауда оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі – академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады. Элективті курстар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытылады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейтудің маңызы зор. Сонымен қатар, тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері, 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән беріле бастады. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, инновациялық технологияларды еркін меңгерген, ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау, қайта даярлауды да айта кету керек. Мектеп мұғалімдері, ғалым-оқытушыларды елдегі және шетелдегі біліктілікті арттыру орталықтарында жүйелі түрде оқыту қолға алынуда.
Білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруда инновациялық технологияларды, компьютер мүмкіндіктерін пайдалану, интерактивті білім беру, қашықтықтан оқыту, виртуальды педагогика тағы басқаларды тәжірибеге ендіруге баса назар аудару қажет. Ғалым-оқытушылар, зерттеушілер жалпы орта білім беретін мектептің жаңашыл мұғалімдерімен бірлесе отырып мектеп базасында инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың, студенттердің интеллектуалдық қабілеттерін арттыруды көздейді. Еліміздегі жоғары білім беру ордалары әлемдік білім беру жүйесіне көше бастады. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетін білікті мамандарды дайындау үшін ЖОО-ры да түрлі инновациялық әдістемелерді пайдалана бастады. «Академиялық мобильділік» бағдарламасы еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асуда. Жоғары білім саласына көп сатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, қос диплом алу, қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, оқыту әдістемелерін жаңғырту, оқытудың онлайн жүйелерін дамыту сынды жоғарыдағы бағыттың негізгі тетігі ретінде қарастырылуда [5].
Білім беру реформасын жүзеге асырудағы негізгі тұлға педагог болып табылады. Мемлекеттің педагог мамандарға бағдарланған әлеуметтік тапсырысы ең алдымен, жоғары оқу орнын, балабақша, мектеп таңдау жағдайында өз бетімен жауапты шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа икемді, ел тағдырына жанашырлықпен қарайтын жоғары құзіретті мамандарды қалыптастыруды көздейді. Кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі бағыттары білім беру мазмұнын жаңартудың және қазақстандық білім беру жүйесін өзгертудің негізгі бөлігі болып табылады. Алайда білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыруды жүзеге асыруда қазіргі педагог мамандардың қолынан келер мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылықтың сақталып отырғанын атап айту керек. Осы қайшылықтарды жоюда білім беру саясатындағы басым бағыттардың бірі – білім беру үдерісін құзіретті тәсілге бағдарлай отырып, оны жүзеге асырудың жолдарын қамтамасыз ететін төмендегідей маңызды міндеттерді шешу қажет:
педагогтарды білім берудің жаңа технологияларын меңгеруден, кәсіби рөлдерді (кеңесші, топтық талдауды ұйымдастырушы, фасилитатор, тьютор) сәйкесінше игеруден тұратын құзіретті тәсілдері аясындағы жұмыстарға даярлау;
педагогтарды баланың және өзінің денсаулығын сақтау технологиясымен қамтамасыз ету;
білім беру үдерісін барынша дараландыру жағдайындағы іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру;
Болашақ мамандардың негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау белгіленген міндеттерді іске асыра алуымен тікелей байланысты. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жаңа білім беру стандартының төмендегідей талаптарына сәйкес болуы шарт:
білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік тұрғыдан өзгертуге;
педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің өзгеруіне;
білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлануы керек. Мұнда білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселесіне көңіл бөлу де болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның білім беру үдерісінің ресурсына айналуы болашақ мамандардың өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар жүйесін пайдалануына және түрлі педагогикалық жағдаяттар арқылы ақпараттық-коммуникативтік технологияның (АКТ) мүмкіндіктерін қолдануға бағдарлау қабілетіне тікелей байланысты. Ол АКТ озық қолданыс деңгейінде игеруін және ақпараттық ортада болашақ мамандардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістері мен дидактикалық тәсілдерін меңгеруі маңызды [6].
Кәсіби педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіруде: жоғары және орта кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіндегі жаңарту бағыттарының ортасынан ең алдымен, педагогикалық мамандар даярлаудағы ресурстарға қойылатын талаптарды бөліп алуға болады:
құзіреттілік-бағдарлы білім беруге көшу негізгі кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру;
тар мамандандырудан түлектің кәсіби белсенділігінің базасын құратын кең профильді даярлыққа өту;
кәсіби білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты күшейту.
Білім беру жүйесін жаңарту жағдайында кәсіби қызметтің жаңа тәсілдерін, педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы жаңа қатынас құрылымын игерген маман даярлануы қажет. Кәсіби құзіреттердің білім беруді ақпараттандыруға байланысты талаптарға сәйкестігі – педагогикалық оқу орындарының түлектері соңғы уақыттарда бастапқы қолдану дағдыларын игергенін көрсетіп жүр. Біліктілікті арттыру жүйесі мен түрлі серіктестіктер жобалары жалпы алғанда қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ету міндеттерін орындауға көңіл бөлгендігімен, болашақ мамандар ақпараттық ортадағы өзіндік жұмысты ұйымдастыруға жеткілікті дәрежеде дайын болуы керек [7].
Осыған орай, білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында әлеуметтік шындық және оларды көрсететін тенденциялар өз жұмысының аумағында білікті және кәсіби-педагогикалық мәдениетке ие мамандар даярлауда олардың меңгеруге тиісті төмендегідей кәсіби құзіреттіліктеріне тоқталамыз.