3-Дәріс: Болашақ мамандарды кәсіби қызметке даярлаудың әдіснамалық негіздері



бет5/6
Дата08.02.2022
өлшемі25,29 Kb.
#123256
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-Дәріс
Жоспар Мәтіндді пішімдеу
Қорытынды
Нәтижесінде: жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың сапасы қоғам сұранысына сай болуы ескерілді. Студенттер Қазақстандағы және Ресейдегі т.б шетелдік озық іс-тәжірибелермен танысып, болашақта өз тәжірибесінде қандай әдістемені таңдайтындарын ойланды. Тәжірибе тақырыбын анықтап, жұмыс кезеңдерін белгіледі, қысқа және ұзақ мерзімге арналған жұмыс жоспарын құруды үйренді. Белгіленген тақырыпқа сәйкес философиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, талдау жасады. Оқу үдерісінде семинар сабақтарда ғылыми жобалар қорғады, белсенді ой пікірлер айтып, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасында арнайы ұйымдастырылған семинарлаға қатысып, әлеуметтік ғылымдар факультетінде және ЕҰУ-де өтетін студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференцияларына қатысып баяндамалар жасады. Дәріс сабақтарында өздері таңдаған тақырыптары бойынша теориялық материалдар жинақтап, оны семинар және лабораториялық сабақтарда, тәжірибелік байқаудан өткізуде ғылыми жобаларын қорғады. Мұнда анықтау экспериментінде: мектепте, балалар үйінде, қарттар үйінде әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған бағдарламалар дайындалып, оны жүзеге асырудың жолдары қарастырылды. Қалыптастыру экспериментінде студенттер дайындаған бағдараламалары мазмұнына сәйкес білім беру ұйымдарына барып арнайы іс-шаралар өткізді. Қорытынды экспериментте педагогкалық мониторинг жүргізіп, сандық сапалық көрсеткіштерді анықтаудың жолдарын үйренді. Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік қорытындыларынан «портфолио» дайындады.
Ойымызды қорытындалай келе, кәсіби құзіреттілікті қалыптатсырудың барлық құрылымдық құрамдас бөліктері болашақ мамандардың білім беру ұйымдарындағы қызметіне, атап айтқанда, нақты педагогикалық жағдайларды шеше алу шеберлігіне бағытталған. Мамандардың кәсіби даярлығы, яғни оның білім беру қызме- ті барысында иеленген білімі, тәжірибесі, жеке және әлеуметтік қасиеттері мен құндылықтарын жұмылдыру қабілеті оның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырып, біліктілігін арттаруды құрайды және оны өз тәжірибесінде тиімді пайдалана алуымен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет