Тағы бір жалпы қорытынды: аударма интеллектуалды іс-әрекетінің жанды көрінісіндей өте күрделі, оның күрделілігі мынадай жағдайларға тіреледі:
Тағы бір жалпы қорытынды: аударма интеллектуалды іс-әрекетінің жанды көрінісіндей өте күрделі, оның күрделілігі мынадай жағдайларға тіреледі:
Сондықтан аудармашы көзге көрінбейтін адам ғана емес, ол қашанда ең алғашқы сүрлеу салушы, жол бастаушы. Инженерде ГОСТ-тар, СНиПЫ-лар, анықтамалықтар бар. Ал аудармашыда сөздіктер жинағы бар, бірақ бұл мамандықтың ерекшелігі мынада: қандай да болмасын толыққанды сөздіктері болғанымен, ол сөздіктер жоғары сапалы аударма жасауға кепілдік бере алмайды. Аудармашы мамандығының күрделілі – оның таза интеллектуалды болуында. Көрермендер залында –өзінің шеберлігін көрсететін әртіс немесе актер сияқты, аудармашы да өзінің біліктілігі мен шеберлігіне ғана кәміл сенеді. Өзінің қажеттіліктерін ол басқа ұжым мүшелеріне итере сала алмайды. Басқа мамандық иелері мұндай әдісті «бригадалық тәсілмен» өте жақсы орындайды.