Өлшеу құралы - өлшеу үшін арналған, нормаландырылған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі уақыт аралығының ішінде мөлшері өзгерісіз қабылданатын (орнатылған қателік шектерінде) шама бірлігін қайталаушы және (немесе) сақтаушы техникалық құрал.
ӨҚ нормаланған метрологиялық сипаттамалары - өлшеу құралына нормативтік құжаттармен орнатылатын, өлшеу құралының берілген типінің метрологиялық сипаттарының жиынтығы
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары
ӨҚ метрологиялық сипаттамасы – өлшеу нәтижесіне және оның қателігіне әсер етуші ӨҚ қасиеттерінің біреуінің сипаттамасы
ӨҚ нақты метрологиялық сипаттамасы - тәжірибеде анықталатын метрологиялық сипаттама
ӨҚ метрологиялық сипаттамалары ӨҚ қолданудың қалыпты және жұмысжағдайлары үшін нормаланады