Инверсия принципі. Тетік - өңдеуге, бақылауға және пайдалануға қатысатын 3 процесс арасындағы өзара сыйымдылыққа негізделген. Инверсия (қарату) принципі бойынша қателікті анықтау үшін өлшеу сұлбасы кинематикалық пішін түзетін сұлбаға және бұйымды құру сұлбасына сәйкес келуі керек, осы арқылы дұрыс өшеудіңмынадай шарттарын алуға болады:
- өлшеу кезінде қозғалыс траекториясы пішін түзу кезіндегі қозғалыс траекториясына сәйкес болу керек;
- өлшеу кезінде әрекет ету сызығы механизмнің жұмысы кезіндегі әрекет ету сызығына дәл келуі керек (Аббе принципі);
- өлшеу базалары құрылымдық және технологиялық базалармендәл келуі керек (бірыңғай базалар ережесі).
Инверсия принципі әдетте өлшеу құралының үздіксіз қозғалысы кезінде қолданылады.