Ұрықтық (эмбрионалды) кезең - зиготаны ұсақтау басталған сәттен бастап және дененің көптеген мүшелері мен бөліктері түзілгенге дейін жалғасады. Бұл кезеңде жүйке, қан түзетін, жүрек-тамыр, ас қорыту, бөлу, эндокриндік және басқа да жүйелердің ұрықтары пайда болады. Ұрық ересек жануарларға тән кескінді алады.
Әр түрлі жануарлардың эмбрионалды кезеңінің ұзақтығы әр түрлі. Зерттеушілердің көпшілігі ірі қара мал мен жылқы 60, қой-45, шошқа - 38 тәулік, ет қоректілер-1 ай.
Аналық жасушаның және спермияның генетикалық материалының бірігуі (ассимиляциясы) нәтижесінде пайда болған зигота бірнеше сағаттан кейін мөлдір қабық шегінде ұсақтау жолымен өз дамуын бастайды.
Бұл процесс: шошқада - 14-16 сағаттан кейін, қойда - 16-18 сағаттан кейін, сиырда - 20-24 сағаттан кейін және жылқыда - 24 сағаттан кейін басталады.
Екі жасушалар (бластомерлер) пайда болған сәттен бастап ұрық төрт, сегіз, он алты және т.б. бластомерлер сатыларынан өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |