3-дәрістің тақырыбы: Ономастикалық материалдарды зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Дата08.02.2022
өлшемі15,17 Kb.
#117497
Байланысты:
3-дәріс


3-дәрістің тақырыбы: Ономастикалық материалдарды зерттеу әдістері.
Дәрістің мақсаты: Ономастикалық материалдарды зерттеу әдістерімен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер:

Әдіс ғылымның категориялық құрылымының тірек ұғымы анықталып, ғылымның жалпы пәндік моделінің элементі болып табылады. Оның бағыты мен мақсаты зерттеу нысанын объективті тану жолын қарастыру, бұл оның табиғатын, яғни генезисін, құрылымын, мазмұны мен қызметін адеквагты түрде айқындайды. Әр ғылыми пән өз мүмкіндігінше зерттеу нысанын анықтайтын әдіс жасауы, қалыптасқан әдістерді дамытуы керек, сонымен қатар басқа ғылымдардың әдістерін өз зерттеуінде пайдалана білуі керек.
Дескриптивті (сипаттау) әдіс - зерттеліп отырған аймақ, социум, жазба ескерткіштерінің т.б. белгілі бір тарихи кезеңдегі жалқы есімді рет-ретімен сипаттау.
Типологиялық әдіс - ұқсас ономастикалық құбылыстарды анықтау және ономастикалық универсалийлерді - объектілерге атау тағудағы жалпы, универсалды (әмбебап) принциптері мен онимдік жүйенің дамуын дәлелдейтін әр дәуірдің, аймақтың, тілдің жалқы есім және онимдік жүйесінде байқалатын заңдылықтарын әр тілде салғастыру, сонымен қатар этнопсихологияның ұқсастық салдарынан болатын әр тілдегі, әр онимдік жүйедегі жалқы есімнің құрылымы мен элементтерінің ұқсастықтары мен айырымдық белгілерін көрсететін оним түрлерін анықтау (қара.: Подольская. 1988; Бондалетов. 1983: Суперанская. 1986).
Компаративтік (салыстырмалы-тарихи) әдіс -бұрынғы ономастикалық жағдайды талдау, тілде жоғалған немесе белгілі бір себептермен өзгерген атауларды, ономастикалық стратиграфияны анықтау. Салыстырмалы тарихи әдісті қолданғанда мәтін ішінде талдау, түрлердің құрылымын жаңарту, бастапқы қалпына келтіру (реконструк­ция), растығын тексеру (вероятностная проверка), этимологиялық, стратиграфиялық талдау.
Салыстырмалы-салғастырмалы (салыстырмалы, контрастивті, конфронтативті) әдіс - болмысты атау түрлерін, семантикалык модельдерін, сөзжасамдық құры- лымын, атау беру уәждерін анықтау үшін туыс, туыс емес ономастикалық жүйелерді салғастыру (мысалы, туыс емес қазақ және орыс топонимдерін салғастыру, туыс қазақ және түрік кісі аттарының құрамын салғастыру). Анықталған ерекшеліктері де, ұқсастықтары да маңызды.
Ареалды әдіс -ономастикалық зерттеу арқылы анық- талатын жалқы есімдердің қайталанушы элементтерін, типтері мен модельдердің таралу аймағын (антропонимдік ареал, мәселен орыс –ов формантты фамилияның таралу ареалы; топонимдік ареал, мысалы, қазақ тіліндегі құдық, тұма географиялық терминдердің таралу аймағы, -их жұрнақты орыс гидронимдердің Қазақстан аймағында таралу ареалын айқындау. Белгілі бір ономастикалық құбылыстың ареалын анықтау барысында ономастикалық картография тәсілі қолданылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ономастикалық зерттеулер бағытының мәні неде?

  2. Ономастика қандай әдіс-тәсілдерді қолданады? Ар- найы ономастикалық әдістер бар деп айтуға бола ма?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет