Реферат Тақырыбы: Титриметриялық анализ Дайындаған: Химия 2 курс студенті Орынбасар Динар Тексерген: Узакова А



бет1/3
Дата13.03.2023
өлшемі22,78 Kb.
#172058
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Титриметриялық анализ
Book 2019 Nemertsova Nauchnyy stil, Лабораторная работа №1. Режим симуляции в Cicso Packet Tracer, жұлын құрылысы мен қызметі-1, Тұнбаның ТҮзілу шарты. ТҰздық эффект орындаған Лесбек Қ. Е. Мыр-www.engime.org

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты

Реферат

Тақырыбы: Титриметриялық анализ


Дайындаған: Химия 2 курс студенті Орынбасар Динар
Тексерген:Узакова А

Алматы 2023ж.

Жоспар:

1.Титриметриялық анализ.


2. Титриметриялық анализ реакцияларына қойылатын талаптар.
3. Титриметрия түрлері.
4.Титриметриялық анализ әдістерінің жіктелуі.
5. Пайдаланған әдебиеттер.

Титриметриялық анализ реакцияларына қойылатын талаптар, жіктелуі
Титриметриялық анализ - титрі белгілі стандарт ерітіндісімен анықтайтын заттың белгісіз мөлшерін титрлеу арқылы анықтау. Титриметриялық (көлемдік) анализ – анықтайтын затпен реакцияға түскен титранттың көлемін дәл өлшеуге негізделген әдіс.
Титриметрия реакцияларына қойылатын талаптар:

  • Реакция толық аяғына дейін, стехиометриялы, қатаң эквивалентті мөлшерде жүруі тиіс (Ерітіндіде титрант тек анықтайтын затпен белгілі стехиометриялық қатынаста реакцияласуы қажет).

  • Ерітіндідегі қоспалар және қосымша реакциялар негізгі реакцияның жүруіне және эквиваленттік нүктені анықтауға кедергі келтірмеуі керек.

  • Реакцияның жылдамдығы айтарлықтай жоғары болуы керек.

  • Эквиваленттік нүкте, яғни реакцияның аяқталу моменті анық болуы керек.

  • Арзан және қолжетімді реагенттер болса тіпті жақсы.


Титриметрияда тура, кері және жанама (немесе орын басатын) титрлеу деп бөлінеді. Тура титрлеу кезінде анықтайтын компоненттің ерітіндісін тікелей стандартты ерітіндімен титрлейді. Егер тура реакция қандай болса да бір себептен мүмкіндігі болмаса немесе қиындық келтірсе, онда кері немесе жанама жолмен титрлейді. Тура титрлеу үшін сәйкес индикатор іріктеп алуға болмаған жағдайда кері әдіспен титрлейді. Титрлеу барысында екі титрант қолданады. Мұндай жағдайда зерттелетін ерітіндіге бұрыннан белгілі концентрациясы айқын, зерттелетін заттың эквиваленттік мөлшерімен әрекеттесетін үшінші зат ерітіндісінің артық мөлшерін қосады. Үшінші заттың артық мөлшерін стандарт титранттың ерітіндісімен титрлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет