3 дәрістің тақырыбы: Орман ресурстары


Жатаған шырша (Шренк шыршасы)



бет7/17
Дата10.12.2021
өлшемі1,2 Mb.
#78885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Биоресурсы Казахстана лекция^Mпрактика (1)

Жатаған шырша (Шренк шыршасы) да бірүйлі өсімдікке жатады. Бұл – Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта. Жатаған шырша (Шренк шыршасы) Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Өте баяу өсетін тау өсімдігі. Бұтақтары көлбей, жертағандап өсетіндіктен, жатаған шырша деп аталады. Негізгі діңнің жуандығы 15 сантиметрге дейін, кейде биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Қылқаны 4 қырлы. Тұқымы пісіп жетіле алмайды. Сондықтан қалемше арқылы өсімді жолмен көбейтіледі. Табиғатта 300 жылға дейін тіршілік етеді.

Зеравшан аршасы – биіктігі 5–10 м, едәуір жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш. Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында кездеседі. Өте сирек кездесетін болғандықтан, Қазақстан «Қызыл кітабына» тіркелген. Жапырақтары сырт жағы қырлы қабыршақты болып келеді. Шар пішінді ірі жидек тәрізді етті бүрі болады. Тұқым арқылы көбейеді. Өте баяу өседі, мың жылға дейін тіршілігін сақтайды. Тек 50 жылда ғана жеміс бере бастайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет