Лалагүл, лилия (Lilium). Әсемдік үшін бау-бақшаларда кеңінен пайдаланылатын қайсы бір өсімдікті атау қиынға соғады. Түрлік белгілеріне қарай лилиялар 9 топқа бөлінген, сонымен қатар олардың 3000 гибридті жолмен алынған сорттары белгілі.Лалагүл – көпжылдық пиязшалы өсімдік. Олардың көбеюі пиязшалықтармен, бүршікті пиязшықтар – бульбочкалармен, қабыршақтармен және жапырақты сағақтармен жүзеге асырылады. Түрлі лилиялар тұқымымен көбейеді, оның тұқымын жәшікке жеңіл топыраққа наурыз айында себеді. Сеппе түрлері 2-6 жылда гүлдейді.