3 дәрістің тақырыбы: Орман ресурстары


Орман ағаштарын және сәндік өсімдіктерді өсіру. Көгалдандыру



бет13/17
Дата10.12.2021
өлшемі1,2 Mb.
#78885
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Биоресурсы Казахстана лекция^Mпрактика (1)

Орман ағаштарын және сәндік өсімдіктерді өсіру. Көгалдандыру.

Көгалдандыру ‒ қала, ауыл, т.б. елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары мекен жайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, т.б. қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша, белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ке кемиді, 35%-не өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ке азаяды, ал 65%-не өсірілсе, шаң 95%-ке кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны отгегімен байытады, шуды азайтып, мекен жайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқьш газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына колайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, т.б. жатады.

Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетгі су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан питомниктерден алынады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет