3 Дәрістін қысқаша курсы



бет17/56
Дата21.10.2022
өлшемі6,02 Mb.
#154427
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Байланысты:
Агро УМКД

Ұсынылатын әдебиет:
- Брускин Д.Э.,Зохорович А.Е.,Хвостов В:С. Электрические машины ч.1,2 .М.:Высшая школа 1987.
- Костенко М.П,Пиотровский Л.М., Электрические машины, ч.1,2. М.: Энергия 1978.
- Кацман М.М. Электрические машины . М.: Высшая школа,1990.
- Капылов И.П. Электрические машины. М. Высшая школа, 2000
Үшфазалы асинхронды электрқозғалтқыштарда статор мен ротор орамаларының бірнеше түрі, олардың ішінде тұзақты (2.4а-сурет), толқынды (2.4б-сурет) және қысқа тұйықталған (тек қысқа тұйықталған орамалар үшін) орамалар қолданылады. Қуаттылығы кіші машиналар үшін тұзақты орамаларының бір түрі ретінде, тіркеспелі орамаларда қолданылады. Асинхронды машинаның қуаттылығына кернеуінің мөлшері мен ойықтарынң пішініне қарай орамаларының түрін таңдап алады.Бір қабатты тізбекті орамалар қуаттылығы 7кВтқа дейінгі асинхронды қозғалтқыштарда қолданылады. Қуаттылығы жоғары болса, екі қабатты тұзақты орамалар қолданылады. Толқынды орамалар негізінде, фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштардың роторларында қолданылады.
Орамалардың сипатталуы: -ойықтарының санымен (m) -жұп полюстарының санымен( р) -параллель жұп тармақтарының санымен (у) -фазаның қатарлас тармақтарындағы біріне бірі тізбектей жалғанған орамдарының санымен (ω); -ораманың еселеушімен К0
К0 у Кр Кс
мұндағы Ку -орамды қысқарту коэффициенті; Кр -статордың бойымен фаза орамасының орамдары қалай бөлініп орналасуын ескеретін еселеуіш; Кс -ротордың немесе статордың ойықтарының орналасу қиғаштығы коэффициенті.




2.4-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың тұзақты ) және толқынды (b) орамаларының бірорамды және екіорамды шарғылары.


2.5-сурет. Асинхронды қозғалтықыштың қысқа тұйықталған роторы.

Ораманың негізгі элементтері: орам,секция және шарғы. Орам (2.5-сурет) ойықтарда полюстік бөлінуіне бірдей немесе одан кем қашықтықта бір біріне жалғастырылған,орналасқан екі откізгіштің



Орамасының орамы құрастырылуы жағынан «ажыратылмайтын» бір өткізгіштен арнайы тұрақты пішіндегі қалыпқа оралған(ораманы дайындаудың шарғылық тәсілі) немесе «ажыратылатын» екі өткізгіштен жасалып ойыққа салғаннан кейін біріне –бірін тізбектей қосқан(ораманы өзек арқылы дайындау тәсілі) болады. Орамдарды шарғы әдісімен даярлау тек қана қимасы жіңішке сымдарды пайдаланып және қуаты кіші электрқозғалтқыштардың орамалары ретінде қолданылады. Ажыратылмайтын орамалардың орамаларын орауға арнайы орауыш машиналарды пайдаланады.Секциялық әдісімен даярланған орамалардың қуаттылығы шектелмейді.Бөлім бір біріне тізбектей жалғастырылған бір немесе бірнеше орамдар (2.6-сурет). Шарғы-ортақ оқшаулағышпен біріктірілген бір немесе бірнеше секциялау(2.6...2.8 -суреттер) Мұның бәлендей айырмашылығы жоқ. Ораманың бөлімдері өзінің қадамымен сипатталады(у) деп белгіленеді.

2.6-сурет. Толық қадамды ораманың бөлек алынбайтын орамы (у=); ораманың 1 – және 2- өткізгіштері.



2.7-сурет. Ортақ оқшаулағышпен біріктірілген шарғы бөлімдерінің типтері.



Ораманың шарғының қадамы жақтарының арасындағы қашықтық. Ол толық, егер у=r немесе қысқарған, егер y


2.8-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың толқынды орамасының бөліктері (шарғы).


2.9-сурет. Асинхронды қозғалтқыш статоры ойықтарында орамдардың бөлінуі.

Орналасу сұлбасының нұсқаларын таңдағанда маңдайшасын қасбетін және шарғы аралық жалғастыруда өткізгіш аз кететін шарғыны машинамен орлаған ораманы ойықтарға орналастыру ыңғайлы және зақымданғанның шарғыны ауыстыру жеңіл болатындай етіп, орналастырғанда оның бір жағы ойықтың жоғарғы қабатына, ал екіншісі басқа ойықтың төменгі қабатында орналастырылады (2.10-сурет). Екі қабатты ораманың артықшылығы оның шарғысын электр машинасынан тыс жерде даярлау, оларды жақсылап оқшаулау және ойыққа дайын күйінде орналастыру мүмкіндігінің болуы. Бірақта мұндай орналастыру тек қана ойықтар ашық түрінде болғанда ғана болады. Жартылай жабық және жартылай ашық ойықтарға бөлімнің өткізгіштерін саңлау арқылы бір-бірлеп жатқызады.Екі қабатты орамадан тағы бір артықшылығы қадамын қысқарту арқылы мыстың шығынын қысқарту мүмкіндігі.2.10-суретте қадаи қысқарған екі қабатты статор орамасын орналасуы туралы мысал келтірілген. Кернеуі 500Вольтқа дейінгі қуаттылығы 60кВттан аспайтын асинхронды қозғалтқыштарды жартылай жабық ойықтар және секциялары жұмсақ ойыққа жататын бөлімдері оқшауланған орама қолданылады. Мұндай орамалар тығындау тәсілімен төселеді. 250кВтқа дейінгі қозғалтқыштарға екі қабатты қатқыл катушка орамалар қолданылады, оларды жартылай жабық ойықтарға салады. Қуаттылғы жоғары кернеуді 500 ден 6000 Вольтқа дейінгілерде екі қабатты тұзақты орама қолданылады, олар қысқа қадамды және қатқыл шарғылы болып келеді, ашық ойықтарға орналасады. Асинхорнды қозғалтқыштардың статор ойықтарындағы орамаларының латын алфавиттерінің С1, С2, С3 және С4, С5, С7 қарыптарымен таңбаланған ұштары сәйкес қысқыш қалыптарына шығарылады да Y немесе ∆ етіп, 2.11-суреттегідей бекітіледі. Роторлардың қысқа тұйықталған орамаларда ротор ойықтарына балұыған алюминий құйып бекітіледі. Сонымен қатар түп жағында қысқа тұйықталған сақина мен желдеткіш қалақтар пайда болады, олар қосымша суытуды қамтамасыз етеді (2.12-сурет). Фазалық роторлардығ орамалары, статордың орамаларымен бірдей. Фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштың роторлық орамасы фазасының басжақ ұшы біліктің қуыс ұшы арқылы шығарылады және электроқшауландырылған төлкеге мықтап отырғызылған үш түйіспе сақинасына жалғанады.Щетка ұстағыштар мен серіппелер реттегіш резисторларды жалғап тұруға арналған графит щеткаларды сақиналарға қысып тұрады. Ротор орамалары оларды Y сұлбасы бойынша қосқанда бейтараппен бірігеді де ұштары шығарылмайды.Орамаларды ∆ сұлбасы бойынша қосқанда фазаның басқа ұшы да түйісу сақинасымен жалғасады. Ондықтан мұндай қозғалтқышты фазалы роторлы асинхронды қлозғалтқыш деп атайды.(2.13-сурет)







2.13-сурет. Фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштың бөлшектенген түрі: а – статор; в – ротор; с – подшипникты қорғаныс; d – желдеткіш; е – желдеткіш тесіктер; f – қорап ұстағыштары (клемма); g – жанасу сақинасы; h – щеткі құрылғысы.

2.12-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың қысқа тұйықталған роторы.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет