Өздігінен қозатын тұрақты ток генераторы. Тұрақты ток генераторлары арасында ерекше кең тарағандары, параллель және аралас қоздырғыштары бар генераторлар, олар магнит ағынын туғызу үшін жеке тұрақты тоқ көзін талап етпейді. Мұндай генераторлардың қоздыру орамалары машинаның өздігінен қозуы есебінен қоректенеді, оның алғашқы себепшісі ретінде машинаның полюстері мен жарнасындағы магнетизм қалдықтары әсер етеді. Якордің магнетизм қалдықтары өрісінде айналған кезінде онда магнетизм қалдығының азырақ ЭҚКі индукцияланады. Ол қалыпты мәннің 5…10% құрайды. Якорь орамасында индукцияланған магнетизм қалдығынан якорь орамасына параллель жалғанған қоздыру орамасында (4.19в-сурет) шамалы тоқ пайда болады, ол қоздыру орамасы мен якорь орамаларыныңкелісімді жалғасуынан полюстердің магнит ағынын көбейтеді. Енді магнетизм қалдықтарынан пайда болатын магнит өрісімен тоқ қоздыру орамасы арқылы өткенде пайда болған магнит өрістерінің қорытынды магнит өрісімен машинаның якорі айналады. Соған байланысты якордің магнит өрісінің шамасына тәуелді болып келетін ЭҚК-і артады. Ол қоздыру орамасында үлкен тоқ туғызады, сол тоқ машинаның магнит өрісін және соған лайықты якордің ЭҚК-і артады. Бұл өздігінен қоздыру процессі машинаның магнитөткізгіші қаныққанша жүреді, қоздыру орамасында тоқтың одан ары артуы магнит өрісін арттырмайды, демек якордің ЭҚК-ін молайтпайды. ЭҚК-тің өсуі әуелі баяулай бастайды, одан соң тіпті қоздыру орамасын тұрақты тоқ көзінен қоректендірсең де мүлде тоқталады. 4.20- суретте қоздыру орамасындағы тоқтың өзгеруінен, өздігінен қозатын тұрақты тоқ генераторының бос жүріс кезінде ЭҚКтің өсуі мен бәсеңдеу қисығы көрсетілген.
Тұрақты тоқ генератор тепе-теңдігінің теңдеуі. Генератордың білігіне берілетін механикалық энергияны, электр желісіне берілетін электр энергиясына айналдыру, ЭҚК туғызу үшін энергия жұмсауымен және машиналардың орамаларында, магнит өткізгіштерінде және механикалық сипаттағы кедергілерді жоюға кететін электр шығындарына байланысты. Жалпылама түрде бұл процесті генератор якоры орамасының электрлік тепе-теңдік теңдеуімен көрсетуге болады:
U = Eя– IяRя
(4.18)- теңдеуден көрсетілгендей генератор қысқыштарындағы кернеу генератордың желіге беретін электр энергиясымен мәндес оның электр қозғаушы күшінің механикалық энергияны электр энергиясына айналдыру барысында, щеткі түйіспесінде және якорь тізбегінде болатын энергия шығынына шамалас келетін, генератор якорда кернеудің төмендеу мөлшеріндей аз.
Достарыңызбен бөлісу: |