№1 Зертханалық жұмыс
КИРХГОФ ЖӘНЕ ОМ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ТҰРАҚТЫ ТОҚТЫҢ ТАРМАҚТАЛҒАН СЫЗЫҚТЫ ЭЛЕКТР ТІЗБЕГІН ЗЕРТТЕУ
Жұмыстың мақсаты:
-
тұрақты тоқтың тармақталған тізбектерінде кернеулермен тоқтардың таралу заңдылығын Кирхгоф және Ом заңдарымен зерттеу;
-
тізбек элементтерінің электрлік шамаларын өлшеп, кедергілері мен қуаттарын есептеу;
-
тұйықталған контурлардың потенциалдық диаграммасын сызып үйрену.
-
Қысқаша мағлұматтар
Электр тізбегі электр қозғаушы күш (ЭҚК) көзінен, электр қабылдағыштан және басқару немесе тарату құрылғылардан тұрады. Егер ЭҚК көзінe электр қабылдағышты жалғаса тізбекпен ток жүреді. Токтың жүру бағыт ы жоғарғы потенциалды нүктеден төменгі потенциалды нүктеге қарай.
Ток пен кернеудің арасындағы байланысын Ом немесе Кирхгофтың заңдары арқылы анықтайды.
а) Пассивті тізбек құрған кезде (1.1-сурет)
Тізбектің пассивті элементіндегі кернеудің өзгерісіне байланысты токтың өзгерісі Ом заңы арқылы анықталады, мысалы пассивті тізбегіміз
1.1 сурет
онда , яғни тогымыз тура пропорционал кернеуге;
б) Активті тізбек құрған кезде (1.2-сурет)
Тізбекте пассивті элементке бірізді активті элементті жалғастырсақ, онда тізбек активті тізбектеп есептелінеді: мысалы
1.2 сурет
мұнда .
Жалпы алғанда тізбектің тогы электр қозғаушы күштің бағытына байланысты:
Егер кернеумен ЭҚК-тің бағыты токтың бағытымен бағыттас болса, онда олардың бағыттары (+) болады, токқа қарама-қарсы болса (-) болады.
в) тізбектің параметрлері белгілі болса (Е, r0, R), онда тұйықталған қарапайым электр тізбегіне қолданылатын толық Ом заңы: .
1.3 сурет
Кирхгофтың I-заңы зарядтар сақталу заңы бойынша анықталады. Ережесі: «Кез келген түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең». Түйінге кіретін және шыққан токтардың таңбалары әртүрлі болады.
Мысалы: тізбек тармақталынған болса (1.4 сурет).
1.4 сурет
“а” түйін үшін I1 =I2 +I3, ал алгебралық қосындысы I1- I2 –I3=0.
Заңның жалпы түрі:
Достарыңызбен бөлісу: |