3. ҒЗж бағдарламасын әзірлеу Оқу зеріттемелік жұмыстар



Дата13.06.2022
өлшемі17,36 Kb.
#146490
түріБағдарламасы
Байланысты:
№5 Ғылыми жұмыс
ОПТИКА НЕГІЗДЕРІ ДӘРІС, osh sor kazahskiy-jazyk emn 10-klass kaz, биопэма әдісі, Ананың ыстық алақаны», Ағартушылық дәуірі, pdf 20220918 221827 0000, 357200, Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен б…

3. ҒЗЖ бағдарламасын әзірлеу
2. Оқу зеріттемелік жұмыстар ( ғылыми курстық)
3. Студенттердің ғылыми семинарлары


  • 2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау.

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдамас бұрын зерттеудің «объектілі саласын», «объектісін», «пәнін» анықтау қажет, себебі әрбір тақырып белгілі бір жүйе аймағында орналасады.
Педагогикалық зерттеудің объектілі саласы – зерттеу объектісі орналасқан ғылым мен практиканың аймағы, саласы. «Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын студенттердің объектілі саласы – «бастауыш мектеп педагогикасы», «кіщі мектеп жасындағы балалардың ерекшеліктері», «математиканы бастауышта оқыту әдістемесі» және т.б. болып табылса, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша объектілі сала – бұл «жалпы білім беретін мектеп педагогикасы», «пәндерді оқыту әдістемесі», «мектеп оқушыларының психологиясы» болып табылады.
Зерттеу объектісі – объектілі саланың ірі, дербес бөлігі. Онда зерттеудің пәні орналасқан. Мысалы, егер объектілі сала – кіші мектеп жасындағы балаларды экологиялық тәрбиелеу әдістемесі болса, объект бұнда экологиялық тәрбие берудің әдістері, формалары, басқа тәрбие түрлерімен байланысы, тәрбиелеу ерекшеліктері болып табылады.
Зерттеу пәні – объектінің бақылау бөлігі. Егер объект «Балаларға экологиялық тәрбие беру әдістері» болса, онда зерттеу ретінде кез-келген әдісті алуға болады. Мысалы, зерттеу пәні ретінде «Экскурсия экологиялық тәрбие берудің әдісі ретінде» деп анықталады.
Зерттеу пәні аясында алдын-ала тақырып белгіленеді. Тақырып – «Бастауыш мектепте экологиялық тәрбие берудің негізгі әдісі – экскурсия».
Осылайша, объектілі саласы, объекті, пән арасындағы қатынас – жоғарыдан төменге қарай бағыныңқылықты белгілейді. Басқаша айтқанда, объект объектілі саладан тарлау, пән объектіден тарлау.
Курстық жұмысты қорғау. Курстық жұмыс кафедра отырыстарында, базалық оқу орындарында (балабақша, мектеп, УПК), кіші курстағы студенттер алдында қорғалуы мүмкін.
Қорғауда студент 7-10 минутөа созылатын қысқаша баяндама жасайды, онда курстық жұмыстың тақырыбын таңдау мотиві, оның өзектілігі, зерттеудің объектісі мен пәні, зерттеудің мақсат-міндеттері, курстық жұмыстың ақпарат көздері айтылып, практикалық бөлімге, зерттеу әдістеріне және алынған нәтижелерге кеңірек тоқталып, көрнекіліктерді демонстрациялайды.


  • 3. Семинар сабақтар. Қоғамдық және негізгі пәндерді оқу барысында студенттер ғылыми рефераттар дайындап, семинар сабақтарында оқып, талдайды. Үздік рефераттар баспаға және байқауларға ұсынылады. Бітіруші кафедраларда үнемі арнайы студенттік семинарлар өткізіледі. Семинар барысында студенттер ғылыми хабарламаларды, тезистерді, рефераттар дайындауды, ғылыми пікір-таластарда белсенді атсалысуға, өз зерттеулерінің нәтижесін баяндау және қорғауды, ғылыми талдамалардың орындалуына бақылау жасауды үйренеді. Семинарларда рефераттар мен әдебиеттерге шолу жасалады, зерттеу жұмыстарының жоспары мен әдістері, орындалған жұмыстар т.б. туралы есептер тыңдалады. Семинарлар алдын-ала жасалған кесте бойынша кафедра меңгерушісінің жетекшілігімен өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет