Оқушыларды бағалаудағы менің мақсатым:
1. Оқушылардың білімге оқу сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу.
2. Оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан жақты талқылап, әділ баға беру.
3. Оқудың қиындықтарын анықтау, кері байланыс жасау, стандарттарды бақылау.
Міндеттер:
Бағалаудың түрлерін анықтау.
Формативті бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтау.
Оқытудың қиындықтарын анықтау
Стандартты бақылау және орындау , оқыту бағдарламасының мазмұнын, білім беру стилін бақылау.
Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.
Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту, түрткі болу, зерделеу.
Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету, АКТ-ны пайдалана отырып, ізненімпаздыққа, шығармашылыққа әкелу.
Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту, көпшілік ортасында өз ойын емін-еркін жеткізуге әкелу.
Тәжірибемнің өзектілігі:
Оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудағы бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізу. Оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпараталу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
2. Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.
3. Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.
4.Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
5. Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінеді.
6.Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін білім алудың бірнеше түрлерін қолданып әр түрлі ойшылдардың әрекеттерін және қабілеттіліктерін қолданады.
7.Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын бағалай алады.
8.Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |