3. химия концепциялары



бет7/15
Дата07.02.2022
өлшемі55,8 Kb.
#84792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ХИМИЯ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

3.2.1. Стехиометрия заңцары
Химия ғылымының қалыптасуы бірінші кезекте стехиометрия зандарымен байланысты. Химиялық құбылыстардың зандылық характері туралы идея бірінші рет Ломоносов пен Лавуазьенің зат массасы сақталу заңьшда жүзеге асырылды.
XIX гасырдың басында дербес заттардың қүрамы мен олардьщ өзгерістері туралы көп мәліметтер жинақталды. Сол себептен осы экспериментальды материалға бір тұтас теориялық база түрғызу мақсаты туды, жаңадан ашылған құбылыстармен зандылықтардьщ ішкі мәнін алу керек болды. Химияньщ бұл маңызды мәселесін шешуге мүмкіндік туғызған заттардың бір-бірімен өзара қосылатын сандық қатьшастар ережелері. Кейін олар стехиометрия зандары деп аталды (эквивалент, қүрам түрақтылығы, еселі қатынастар).
Заттың құрам түрақтылық заңы Пруст пен Бертолленің гылыми таласының нәтижесінде Прустпен орнатылган. Пруст катты қосылыстарды (тұздар, металл оксидтері), ал Бертолле — ерітінділерді зерттеген. Пруст өзінің ізденістерінің нәтижесінде келесі тұжырымға келді: химиялық дербес заттъщ құрамы, ол заттьщ тегіне (табиғи немесе жасанды) тәуелсіз, әрқашанда бірдей. Пруст ерітінділерді, қоспаларды, қорытпаларды химиялық қосылыс деп есептемеген. Олардьщ табигаты туралы сұраққа ол жауап бере алған жоқ.
Бертолле, керісінше, ерітінділерді, қоспаларды, қорытпаларды химиялық қосылыс деп қарастырған. Ерітінділерді анализдеу нәтижесінде ол мьшадай жалпы қорытынды жасаған: химиялық қосылыстардың құрамы айнымалы болады.
Осы ғылыми таласта тиісті экспериментальды мағлұматтармен дәлелдеп Пруст женді. Сөйтіп, кез келген дербес химиялық зат табиғатына тәуелсіз әркашанда бірдей қасиетке ие болады (балқу, кайнау температуралары, меншікті салмақгары бірдей). Бүның бәрі химиялық құрамның тұрақтылығымен түсіндіріледі.
Құрам тұрақтылықтан баска реакцияға қатысатын заттардың салмактык пропорционалдығы болады. Бүл занды неміс химигі Рихтер ашқан. Осы заңға Рихтер қышқылдар мен негіздердің әрекеттесуін экспериментальды зерттеулер нәтижесінде келген. Зерттеулердің көрсетуінше әрбір қьшқыдды (негізді) нейтралдау үшін негіздің (қышқылдың) белгілі бір мөлшері керек екендігі анықгалды. Осы жағдайда алынған салыстырмалы сандар деп аталады, немесе қьпнқыл мен негіздердің эквиваленттері болып табылады. Кейін келе (эквиваленттің) әрбір элемент және химиялық қосылыста нақты мән екендігі көрсетідді.
Үшінші, маңызы зор, стехиометрия заңын ағылшьш физигі және химигі Дальтон үсынған — бүл еселі катынастар заңы. Оның көрсетуінше, бірдей элементтерден тұратын қосылыстардың (мысалы, азот тотықтары) салмақ кұрамы әдетте бір-бірінен кенет айырмашылықта болады, яғни бірдей элементтерден тұратын бір қосылыстан екінші қосылысқа көшкенде құрам секірмелі түрде өзгереді.
Стехиометрия зандары заттардьщ үзілмелі қүрылысын көрсеткен. Бұл химияға атомистикалық гипотеза кабылдауына негіз болған; осы гипотеза бойынша, атом химиялық бөлінбейді, ол химиялық реакцияларға тұтас катысады.
Бірақ Дальтон тек қана бір дискреттік бөлшек — атом — бар деп санаған. Француз химигі Гей—Люссак газдардың қосылу процестерін зерттеу нәтижесінде алынған экспериментальды мағлұматтар негізінде мынандай қорытындыға келген: бір—бірлік көлемдегі заттар атомдардан емес осы газдардың карапайым бөлшекгерінен тұрады.
Бұл қарама-қайшылыкты шешкен физик Авогадро бодды, ол күрделі бөлшектер—молекулалардьщ болатындығын айқындаған. Жай заттың әрбір молекуласы кем дегенде екі атомнан тұрады. Сөйтіп, Авогадро атомдар мен молекулалардьщ арасында сапалы айырмашылық болатын идеяға келген. 1868 ж. химиктердің Халықаралық жиналысы атомды химиялық элементтің ең кіші бөлшегі деп айқындады, ал молекуланы — заттың негізгі химиялық қасиеттеріне ие болатын ең кіші бөлшегі ретінде санауға ресми түрде келісті. Стехиометрия зандарының ашылуы химия ғылымының негізін құрды, атом-молекулалық ілімнің қалыптасуына ықпал етгі, ғылыми химиялық символиканы калыптастырды, химиялық тендеулерді реттеді, химияға рационалды сипат берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет