3. химия концепциялары


Химиялық құрылыс теориясы



бет9/15
Дата07.02.2022
өлшемі55,8 Kb.
#84792
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
ХИМИЯ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

3.2.3. Химиялық құрылыс теориясы
Химиялық құрылыс теориясы органикалық химияның дамуымен байланысты. Оны Бутлеров, оған дейінгі теориялармен эксперименталдық мәліметтеріне сүйене отырып, құрған.
Органикалық химияның ең алғашқы теорияларының бірін радикалдар теориясын — Берцелиус, Дюма, Либих ұсынған. Бұл теория күрделі топтардың (радикалдардьщ) кандай реакцияға түссе де өзгермеу қасиетіне негізделген. Бірақ осы теорияға қайшылас кейбір радикалдар оңай өзгеріске ұшырайтьш орынбасу реакциялары ашылды.
Бұдан кейін Жерар құрған типтер теориясы пайда болды. Жерар молекуланың ең құбылмалы бөлшектеріне назар аударып,осы құбылмалылықтың себептерін түсіндіруге тырысты. Жерардьщ теориясы бойынша органикалық қосылыстарға өзгермейтін радикалдар тән қасиет емес, керісінше—олар бірнеше типтес қосылыстардьщ болуымен сипатталады. Органикалық заттар түзетін типтер ретінде қарапайым бейорганикалық заттар алынды. Су аммиак, сутек, хлорлы сутек типтері деген түсініктер енгізілді. Типтер теориясы органикалық қосылыстар молекулаларында функционадды топтың болуын көрсетті. Бірақ бірнеше функционалды топтары бар заттар ашылған соң олардың құрылысын типтер теориясының көзқарасынан түсіндіруге мүмкіншілік болмай калды.
Сөйтіп, радикалдар және типтер теориялары көптеген органикалық химияда кездесетін реакцияларды толығымен түсіңдіре алмады, өйткені олардьщ әркайсысы химиялық құбылысты тек бір жақты ғана түсіндірген.
XIX - шы ғасырдың алпысыншы жыддарында Бутлеров органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын жаңа негізде қүрып ұсынған. Бүл сұрақты шешу үшін ол материалистік көзқарас түрғысынан келген.
Бутлеров молекуланың табитты атомдардың табиғатына және олардың кеңістікте орналасуына, яғни күрылымына, бір-бірімен байланыс тәртібіне сәйкес екенін көрсетті. Заттың химиялық кдсиеттері оньщ молекуласы ның қүрылымымен анықталады. Әр түрлі реакциялар арқылы (ыдырату, синтез жасау, орынбасу) заттың химиялық кдсиеттерін зерттеп, оның молекуласыньщ құрылымын тануға болады жөне керісінше, молекуланың құрылымын біле отыра, алдын-ала заттың қасиеттерімен реакцияларын болжауға болады.
Жаңа теорияның негіздерін Бутлеров "О химическом строении органических веществ" деген мақалада жазып баяндаган (1861 ж).
Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы кейін стереохимия, квант механикасы мен электрондық түсініктер және бірнеше маңызды анықгауларымен толықтырылды. Бұл теория осы күнге дейін органикалық химияның негізгі теориялық каруы болып табылады.
Стехиометрия зандары, элементтердің периодтық заңы, химиялық құрылыс теориясы қазіргі заманның химия ғылымының негізгі зандары болып есептеледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет