Бірінші әдіс—концептуалдылықтың жоктығьмен сипатталады. Ол ерте замандағы натурфилософияда пайда болып, XVI—ші ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген. Бұл әдіс келесі схемамен көрсетіледі:
Субстанция -— —> акциденция (немесе: мәні, алғашқы негізі—заттың елеусіз ,ауысқыш қасиеті).
Қасиеттерді детермилеудің екінші әдісі XVII—ші ғасырдың екінші жартысында павда болған. Бұл әдіс бойынша заттьщ қасиеттері оның құрамының функциясы ретінде қаралады. Құрамының кез келген өзгерісі заттың химиялық өзгерісіне әкелу керек. Бұл екінші әдіс келесі схемамен көрсетіледі:
құрам-----------> қасиет
Осы әдіске бірінші концептуалды жүйе сөйкес келеді. Ол құрам туралы, элементтер және олардың қосылыстары туралы, периодтылык, және валенттілік туралы ілімдерден тұрады.
Бұл жүйеге кіретін және химия элементтерін сипаттайтын бірінші теориялардьщ ірге тасын Бойль салған, ал Лавуазье оны жалғастырған.Сол кездегі белгілі 23 элементті Лавуазье бір таблицаға жүйелеген. Бұл таблицада осы элементгермен мындаған "күрделі денелер" - қышқылдар, тұздар, — арасындағы өзара байланыс көрсетілген. Заттардың кдсиеттері құрамьшен байланысты екенін стехиометрия зандары анық көрсетті. Бірінші концептуалды жүйенің революциялық кезеңі Дальтонның атомистикасы пайда болуымен байланысты. Атом салмағы деген түсінік ентізілді. Химия элементі, атом және молекула деген түсініктерге анық шектеулер қойылды.
Периодтық туралы ілім пайда болды. Бұл ілім қүрамына екі фундаменталды қорьггу енгізілді- периодтық заң мен химия элементгерінің периодтық жүйесі. Периодтық теория ілімінің жалғасы валенттілік теориясы болып табылады. Валенттілік химияда әрқашанда кез-келген элементтің негіізгі сипаттамасының бірі ретінде және оның химиялық қосылысқа кіру кабілеттілігінің көрсеткіші болып қарастырылады. Валенттілік деген түсінікті ең бірінші Франкланд кіргізді. Кекуле мен Бутлеровтың жұмыстарында валенттілік түсінігі дамытылған, валенттілік жөнінде әр түрлі теориялар ұсынылған.
Заттардың қасиеттерін детерминдеудің үшінші әдісі XVIII ғасырдың басыңда пайда болған. Осы кезеңдегі зерттеулердің нәтижесінде қосылыстардың касиеті тек олардың құрамына 115 ғана тәуелді емес, олардың құрылымымен де байланыстылығы аныкталған.
Бірақ қосылыстардың құрылымы жөніндегі мәліметтердің өмірге келуі қасиеттер түсінігіне өзгерістер енгізеді. Осы түсінікте дифференциация болды, сөйтіп реагадиялық кабілеттілік деген жаңа түсінік бөлініп шықты, немесе ол құрылым мен қасиеттің туындысы болып табылады. Заттар касиеттерін детерминдеудің үшінші әдісі бойынша заттьщ касиеттері оның құрылымының функциясы ретінде қаралады.
Осы үшінші әдіс мьша схемамен суреттеледі:
құрылым --------------> функция ( реакциялық қабілеті)
құрам --------------- > қасиет
Заттар касиеттерін детерминдеудің осы үшінші әдісіне химияның екінші концептуалды жүйесі сәйкес келеді. Оған құрылым химиясы мен құрылым теориясы ілімі кіреді. Құрылым химиясы органикалық химия зерттеулерінің негізінде пайда болды.
Қазіргі заманда химия заттьщ әр түрлі үш құрылым деңгейлерін қарастырады:
1. макроскопиялық денелердің (газдардың, сұйық заттардың, кристалдардың) молекулалық қүрылымдарын;
2. молекулалардың атомдық құрылымын;
3. атомдардьщ электрон — ядролық құрылымын.
Бірінші деңгейді физика ғылымы зерттейді.
Заттың екінші қүрылым деңгейі химия ғылымыньщ зерттеу объектісі болып табылады. Бүл деңгейде негізгі объективті түтас жүйе ретінде молекула саналады. Құрылым теорияларында молекуланы тұтас (унитарлы) жүйе ретінде қарау идеясы ең нәтижелі болды. Осы теориялардың арасында Бутлеровтъщ органикалық заттардың құрылыс теориясы негізгі орын алады.
Заттың үшінші құрылым деңгейі электрон—ядролық құрылым XIX ғасырдыц аяғында — XX ғасырдың басында электр құбылыстарый зерттеу барысында ашылған. Бұл деңгейді зерттеу физика саласьша жатады.
Заттардың касиеттерін детерминдеудің төртінші әдісі XVIII ғасырдың екінші жартысында туды, осы кезде химиялық процестер жөнінде ілім шықты.
Бұл әдіс мынадай схемамен көрсетіледі:
ұйымдастыру----------- >қасиет тәртібі (процесс, релаксациялық жүйе)
қүрылым ------------ > функция (реакцияға түсу қабілеттілігі)
құрам ---------------- > қасиет
Бұл қасиеттерді детермиңдеу әдісі химияның үшінші концептуалды жүйесіне сүйенеді; оньщ негізін кинетикалық теориялар құрады. Сонымен қатар, кинетикалық теориялар құрылым теориялары мен қүрам теорияларының орнын баса алмайды. Олар білім алудьщ жаңа түрлері мен формаларына бұрынғыдан да жаңа адекватгы түсініктерге өтуіне себепкер болады.
Ұйымдастыру деген түсінік кдзір ғана химияға кіріп келе жатыр. Ол бірінші кезекге социология мен биологияда пайда болған, содан кейін ол пән аралық ғалымдармен кдбылданған.
Реакцияға түскен заттардың жүйесін сипаттау үшін кинетикалық теориялар жоғарьща көрсетілген түсінік схемасьш әлдеқашан қолданған, бірақ олар функцияны реакциялық қабілеттілігі деп, ал ұйымдастыруды — реакция жүйесі бағьшатын заңдылықтардьщ жиьштығы деп атаған.
Классикалық химияның деңгейі тек кейбір термодинамикалық шек қойылмаған реакцияларды жүргізе алады. Бірақ, көптеген реакциялар жоғары кинетикалық және термодинамикалық тосқауылдардан өту арқылы жүреді.
Үшінші концептуалды жүйе деңгейіндегі химияньщ жеткен жетістіктері, бірінші мен екінші концептуалды жүйелерді ғылыми білім негізінде білгендіктен ғана келген жоқ, оның дамуы социалды кажеттіліктен болды. Химияньщ алдына бүрын-соңғы өндіріс көлемінде шешілмеген мәселелер қойылған. Көп тонналы өнім шығаратын өндірістер құру қажет болды. Мысалы, азот қышқылы мен ауылш аруашылығына керекті, құрамында азот бар тыңайтқыштарды алу үшін керекті өнім — аммиакты — элементгерден алу қажет болды.
Ал, 1940-1950 жылдары химияның алдына одан да қиын әрі күрделі мәселелер қойылды. Этиленнің, пропиленнің, ацетиленнің, химиялық талшыктардың әр түрлі пластмассалардың көп тонналы өндірістерін құру кажеттігі туды. Мұнай химиясы мен негізгі химияның ең керекті өнімдерін алу өндірістерін құруда химиялық кинетика аймағындағы зертгеулер өте үлкен маңыз атқарды.
Химиялық процестердің ағымын меңгеретін принциптер өр түрлі кинетикалық теориялармен калыптастырылады: классикалық соғылысу теориясымен; тізбекті процестер теориясымен; активті комплекс теориясымен және бір катар каталитикалық теориялармен. Бірақ, бүл теориялар реакциялық жүйенің құрамы мен оньщ бөлек элементтерінің ролін бірдей дәрежеде ескере алмайды. Реакциялық жағдайын анықтайтын бүкіл параметрді ескеру - қазіргі химияның бірінші кезекті мақсаты.