3 Хромтау орта мектебі тарих, құқық пәні мұғалімі Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіру «Сабақ беру үйреншікті жайт емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»



Дата02.07.2018
өлшемі67,1 Kb.
#46191


Абилмаликова Ұшқын

Хромтау қаласы

3 Хромтау орта мектебі



тарих, құқық пәні мұғалімі

Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіру  

«Сабақ беру үйреншікті жайт емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»

Ж.Аймауытов

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруымыз қажет, «Өмір бой білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. Елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше. Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай: -    оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру; -    бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту; -    оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту; -   оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу; -   оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

-   эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу. Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы Ж.Аймауытовтың мына тұжырымдарын үнемі есте ұстаған абзал. «Ақылды күшейтуге білімнің санынан сапасы, маңыздырақ, яғни сымбатты ,жүйелі болып ,миға қонуы артығырақ әсер береді. Шәкірттің алған білімдерінің арасында байланыс жүйе болса ,жаңа мағұлматтарды соған жалғастырып, миға тоқу да жеңіл тиеді. Ескіге сүйеніп,жаңа мағұлматты сіңіріп алу-ақыл күшейткендіктің белгісі.Мектептің беретін білімнің мағынасы баланың зауқын тартқандай ой жұмысын құлшындырғандай , ғылымға қызықтырғандай болу керек.Сонда ғана бала мектептен шыққан соң алған білімнен айырылып қалмай , тыңнан білім жамауға , ақыл шарасын кеңейтуге әрекет етпек. Мектеп бала алған білімін өмірде пайдалана білуге үйрету керек ». Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-10 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді. Мысалы: 1. «Ойлаудың алты қалпағы» Эдуард де Бононың

*Ақ қалпақ (тарихи фактілерді жаңа мәліметтерді обьективті санамалау)

*Қызыл қалпақ (зерттелетін материал жекелей талдау жасау)

*Қара қалпақ (теріс салдары проблемаларды бөліп қарастыру)

*Сары қалпақ (барлық оң атаулыны жинақтау)

*Жасыл қалпақ (зерттелетін нәтижелерді шығармашылық формада ұсыну)

*Көк қалпақ (оқу материалдары жалпы рефлексті ойларды ,идеяларды тұжырымдарды қалыптастыру)

2. «РАФТ технологиясы»

Р-роль


А-аудитория

Ф-форма

Т-тақырып

3. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»

жүздер

территориясы

ұраны

Жүздерге енетін тайпалар

Ұлы жүз

 

 

 

Орта жүз

 

 

 

Кіші жүз

 

 

 

4. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер»

1. Территориясы______________________________

2. Қоғамдық құрылысы ________________________

3. Ішкі саясаты _______________________________

4. Сыртқы саясаты ____________________________

5. Құлау себебі _______________________________

6. Қорытынды _______________________________ 

5. Венн диаграммасын толтыру:

1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері

Көтерілістің ортақ белгілері

1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері




























6. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)

Тәуке хан Абылай хан

 

7. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген мәтіннің кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.

8. «ТИ кестесі»

Желтоқсан оқиғасы

Себебі

Сипаты

Тарихи маңызы













9. «Мағынаны тану»

Уақыты

Еңбек құралдары

Кәсіптері

Адамдары мен ұжымдары













10. «»Сәйкестігін тап»













Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.

Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.

Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік.

Пайдаланған әдебиеттер

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдырға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана.2010жыл

Төлеубаева Т. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялар. Қазақстан тарихы. №2, 2009ж

Тұрлығұлов Т.Т. Қазақ ССР тарихын оқыту методикасы. А.1979ж

Т.Тұрлығұл ,Б.Адырбек, А.Көпекбай .Қазақстан тарихы әдістемелік құралы. А,2001ж

Тұрлығұлов Т.Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары .А,1984ж

Шаталов В.Ф. Оқыту материалдарын белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы.А.2001ж



Эдуард де Бононың . Ойлаудың алты қалпағы. А.2005ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет