ІІ. Тарау. Соғыс барысы
2.1. Негізгі сипаттамалар
1979 жылы 26 желтоқсанында Ауғаныстан территориясына түсірілген дивизияның міндеттері анықталып, соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды. Соғыс қимылдарын жүргізудің негізгі ошақтары болып, АДР жетекшісі Х.Амин орналасқан Тәжі-бек сарайы, Бас штаб орналасқан ғимарат, Кабулдағы радио және телевидение үйі, қала ортасында орналасқан әскер корпусының штабы, Пули Чахридағы түрме, Баграмда орналасқан зенитшілерді және авиациялық гарнизонды басып алу саналды.
Кеңес әскерлерінің ең алғашқы қимылы Х.Аминнің көзін жоятын жауынгерлік операциядан басталды.
Ал Тәжі-бек сарайын алу операциясы кешкі жеті жарымда «Дауыл-333» белгіс бойынша басталды. Сарайды басып алу операциясына МҚК-нің полклвнигі Г.И.Бояринов жетекшілік етті. Оған 50 адамнан тұратын МҚК-нің офицерлер тобы, капитан В.А.Восторгин бастаған 9-шы рота десантшылары, 345-ші жеке жаяу десантшылары полкының бір взводы және бұрыннан дайындықта жүрген майор Х.Т.Халбаевтың айрықша мақсаттағы мұсылмандық батальоны қарады. Бұлардың барлығы ауғандық әскери формада киінді.[1,18]
Шабуыл жалпыға ортақ белгі бойынша басталды. Жауынгерлік қимыл қараңғы кезде басталғандықтан кеңестік жауынгерлердің қолына ақ шүберек байланды, ал бас киімдеріне ақ лента жапсырылды. Мұның бәрі Х.Аминнің қарауылдарымен шатасып қалмас үшінжасалған бнлгі еді.
Сарайды басып алу соғысы 30-40 минутқа созылды.
Осы уақыт ішінде МҚК-нің арнайы тобы Х.Амин орналасқан бөлмеге де басып кірді. Атыс барысы кезінде осы топ офицердің қолынан Х.Амин қаза тапты. Асыға күткен кеңес әскерлері Х.Аминнің өзінің көзін жойды. АДР үкіметі басшысының мәйіті кілемге оралды. Негізгі тапсырма орындалды.
Шабуыл барысы кезінде кеңестік жауынгерлерден 11адам шейіт болды. Майор Халбаевтың батальонынан 6 адам, десантшылардан 4 адам және осы операцияға жетекшілік еткен МҚК-нің полковнигі Г.И.Бояринов қаза тапты. 38 адам түрлі жарақаттар алды.
«Дауыл-333» жоспары бойынша соғыс қимылдары сәтті жүргендіктен, келесі бұйрықтар орындауға көшті.[1,25]
Пули-Чахридегі түрме парашютті-десантшылар батальоны және өзі жүретін артилериялық дивизион күшімен басып алынды. Х.Аминге берілген екі танкшілер бригадасының қарсы тұруы тапсырманы орындауды қиындатып жіберді. Түрмені алуды бастамас бұрын оларды алдымен қоршауғы алу керек еді. Десантшылар бұл тапсырманы да айтарлықтай орындады. Танк экипаждарын машиналар тұрған орынға жете алмайтындай етіп, казармада қоршауға алды. Бұл қоршаудан шығуға ентіккендерді пулемет оқтары күтіп тұрды. Шабуыл пушкаларында атқылауынан кейін басталды. Десантшылар түрме территориясына база-жара кіріп, жарты сағат ішінде барлық күзетшілерді қарусыздандырды. Саяси тұтқындарды табу мен азат ету МҚК-і офицерлерінің және олардың ауғандық көмекшілерінің ісі болды.
Кабулдағы басқа обьектілерді басып алу шығынсыз және аса қиындықсыз жүзеге асты. Түнгі сағат 24-те негізінен операция жұмысы бітті. Сөйтіп, жарияланбаған соғыстың алғашқы сөткелері аяқталды.
Бұл ұрыс барысында 10 десантшы және 8 айрықша мақсаттағы жауынгер, оған дейін 37 адам әуе апатынан қаза тапты. Одан басқа 20 десантшы және 37 айрықша мақсаттағы жауынгер жараланды.
Ауғаныстандағы кеңес әскерлерінің енгізу оппозицияның қарулы қақтығысының тоқтатпады. Керісінше, 1980 жылдың көктемінен бастап қарсылық өрши түсті. КСРО саяси басшыларының шешіміне сәйкес кеңес әскерлері Ауған бөлісшелерімен біріге отырып, оппозицияға қарсы соғыс қимылдарын жүргізід. Мұның өзі жағдайды одан әрі шиеленістіріп жіберді.
Ауғаныстандағы партизан соғысы кең көлемде өріс алды, сондықтан да моджахедтерді «исламды тазарту үшін күрес, кәпірлермен күрес» деген мақсат біріктірді.
1980 жылы 4 сәуірде Лагман провинциясындағы соғыс операциясы барысында барлаушылардың мәліметі бойынша қару жарық қоймасына айналған үй бар екені анықталды. Бұл үйдегі қару жарақтың көзін жою операциясына ефрейтор Баратов Абдысамат Базарбайұлы өз бөлімшесімен қатысты. Бірақ душмандар оңайшылықпен қару жарақты бере қоймады. Нәтижесінде екі жақ арасында қатты атыс басталды.
Негізінен моджахедтердің қимылы үш бағытқа бөлінді. Біріншісі – Ауғаныстан территориясында ықпал ететін қоймалар мен зоналар, әскери базалар құрып, дайындықты қамтамасыз ету және ұрыс қимылдарын күшейту.
Базалар Пәкістан және Иран шекарасына жақын негізгі жолдарының бойындағы қиын орындарға орналасты. Оның айналасына әуе қорғанысы, қарауылдар ұйымдастырылып, жүретін жерлері миналанып қатаң тәртіппен бақыланды. Базалық аудандарда бірнеше қарулы бөлімдер құрылып, оның біреуінің құрамында 500 немесе одан да артық адам болды.
Базада қарулы бөлімдер мен топтардың қимылына жетекшілік жасау оған қоса тұрғындардың бақылау бекеттеріне және т.б. іс-әрекеттерге жан-жақты басқару жүзеге асырылды. Базаның орналасқан жері құпия түрде сақталды.
Екінші бағыт өзіндік қимыл мен елдегі жағдайдың ерекшеліктеріне негізделді. Ауғаныстанның барлық территориясы моджахедтердің пайдалану есебіне сай шартты түрде зоналарға бөлінді.[1,44]
Достарыңызбен бөлісу: |